Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 17 "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жәйлі қағидаларды бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақтөбе облысының әкімиятының 2008 жылғы 21 қазандағы N 372 қаулысы. Ақтөбе облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 26 қарашада N 3273 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2009 жылғы 12 қарашадағы № 331 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 2009.11.12  № 331 қаулысымен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 заңының 27 және 37 баптарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. "Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жәйлі қағидаларды бекіту туралы" Ақтөбе облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 24 ақпанда N 2005 тіркелген, 2003 жылғы 4 наурызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы N 17 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Қаулының 3 тармағында және Ереже бойынша бұдан әрі "Ақтөбе облыстық қаржы департаменті" сөздері "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" (бұдан әрі – Басқарма) сөздерімен ауыстырылсын.

      қаулының 4 тармағында "С.Ш.Мұқашев" сөздері "М.Ә.Серікбаев" сөздерімен ауыстырылсын.

      Ереженің 2 тарауы мынадай мазмұндағы 7-1) – 7-6) тармақтарымен толықтырылсын:

      7-1) Жалдаушының келісімімен мемлекеттік коммуналдық  меншіктің жылжымайтын мүлік объектілеріне күрделі жөндеу жүргізген жағдайда, Жалға алушы шарт бойынша төлем есебіне жүргізілген күрделі жөндеу құнын есептеуге құқы бар;

      7-2) Жалдаушы және Жалға алушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілген жөндеу сомасына арналған шартты әділет органдарында тіркеуді жүргізсін;

      7-3) егерде Жалға алушы өзінің жеке қаражаты есебінен және Жалдаушының келісімімен жалға алған мүлікке зиян келтірусіз жақсарту жүргізген жағдайда, ол шарт тоқтатылған соң осы жақсартулардың құнын орнына келтіруге құқы бар, себебі шартпен өзге жағдай қарастырылмаған;

      7-4) Баланс  ұстаушының  және  Жалдаушының бастамасы  бойынша шарт бұзылған жағдайда, Жалға алушыға жүргізілген жақсартуларды (күрделі  жөндеуді) ескере отырып, қаражаттың айырмасы  төленеді;

      7-5) Жалдаушымен келісілген және ведомствоға қарасты емес мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттама (жұмыс жобасы) күрделі жөндеу жүргізуге негіз болып табылады;

      7-6) Жалға алушы күрделі жөндеу жүргізгеннен соң объектіні сатуға шығарған жағдайда, объект күрделі жөндеу жүргізілген сомадағы кредиторлық қарыздарымен сатуға шығарылады.

      Ереженің 3 тармағы мынадай редакцияда оқылсын:

      Коммуналдық меншіктің жалдау объектілерін (жалға алу) мүліктік жалдауға беруді "Ақтөбе облысының қаржы басқармасы" ММ, аудандық және қалалық қаржы бөлімдері (бұдан әрі – Жалдаушы) жүзеге асырады;

      Ереженің 3 тарауы мынадай мазмұндағы 11-2) тармақтарымен  толықтырылсын:

      11-2) Мемлекеттік коммуналдық меншіктің жылжымайтын мүлік  объектілеріне күрделі жөндеу жүргізген жағдайда, Жалға алушы  жалдап отырған мүлкін мүліктің меншік иесімен келісе отыра, мүлікті қайта жалдауға беруге (қайта жалға беруге) құқылы.

      Ереженің 9 тарауының 42 тармақтағы 140 саны 170 санымен және 130 саны 150 санымен өзгертілсін;

      42-1 тармақтағы 51 саны 120 санымен өзгертілсін. 

       2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан соң он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                               Е.Сағындықов