"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2008 жылдың 10 маусымындағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің N 69 нөмірінде жарияланған, Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 26 мамырда N 3253 тіркелген, "Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит берудің негізгі шарттарын анықтау туралы", облыс әкімдігінің 2008 жылғы 15 мамырдағы N 172 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының "Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредит берудің негізгі шарттарын анықтау туралы" атауындағы "шағын" деген сөзден кейін "және орта" деген сөзбен толықтырылсын;
"кредитор - бағдарламаның әкімшісі "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті" ММ» деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда "Бағдарламаның кредиторы "Ақтөбе облысы қаржы басқармасы" ММ, бағдарламаның әкімшісі "Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" ММ болып жазылсын;
"шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (одан әрі ШКДҚ) сөздерін "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (одан әрі "Даму") КДҚ сөздерімен өзгертілсін;
"соңғы қарызгерлер - шағын кәсіпкерлік субъектілері" деген жолдағы "шағын" деген сөз "және орта" сөзімен толықтырылсын;