Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Еңбек кодексінің 18-бабына, 238-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 27-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес облыстық бюджет есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі анықталсын.
2. "Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ (Қ.М.Әлімов) Ақтөбе облысының мәслихатына аталған Тізбені келісу үшін ұсынсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е.Сағындықов
Облыс әкімдігінің
2008 жылғы 24 шілдедегі
N 258 қаулысына қосымша
Облыстық бюджет есебінен жиырма бес процентке жоғары
лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы
бар, ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт
мамандары лауазымдарының тізбесі
№ | Лауазымдар атауы |
---|---|
Денсаулық сақтау саласы мамандарының лауазымдары: | |
1 |
Мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары (оның ішінде бірінші) |
2 |
Бөлімшенің, зертхананың басшысы |
3 |
Барлық мамандықтағы дәрігерлер |
4 |
Акушер |
5 |
Тәрбиеші |
6 |
Емдәм бикесі |
7 |
Тіс дәрігер |
8 |
Тіс технигі |
9 |
Медициналық бике |
10 |
Медициналық статистик |
11 |
Медициналық зертханашы |
12 |
Провизор |
13 |
Психолог |
14 |
Рентген зертханашысы |
15 |
Фельдшер |
16 |
Дәріхана меңгерушісі |
17 |
Барлық мамандықтағы мұғалімдер |
18 |
Нұсқаушы (емдік дене шынықтыру, еңбек терапия) |
19 |
Фармацевт |
Санитарлық-эпидемиялогиялық қызмет саласы мамандарының лауазымдары: | |
1 |
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы филиалының басшысы |
2 |
Барлық мамандықтағы дәрігерлер |
3 |
Фельдшер (зертханашы) |
4 |
Зертханашы |
5 |
Дезинфектор-нұсқаушы |
Білім беру саласы мамандарының лауазымдары: | |
1 |
Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалімдер |
2 |
Кәсіптік лицейдің (мектептің), колледждің, арнайы түзету ұйымы мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдарының директоры |
3 |
Училище (мектеп, мектеп-интернат) директоры |
4 |
Балалар үйінің, ата-аналардың қамқорлығынан қалған жетім балалар үйінің директоры |
5 |
Ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, тәрбие жұмысы жөніндегі, бейінді оқыту жөніндегі, жалпы білім беретін мектептер, мектеп-интернаттар мен бастауыш орта және кәсіптік орта, қосымша білім берудің басқа да ұйымдарының ақпараттық технологиялары жөніндегі директорының орынбасары |
6 |
Өңер шеберханасының басшысы (білім беру ұйымдарында) |
7 |
Дене тәрбиесінің басшысы (білім беру ұйымдарында) |
8 |
Алғашқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-басшысы, оқытушысы |
9 |
Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие жұмысы мен тікелей айналысатын білім беру ұйымдарындағы бөлімінің меңгерушісі |
10 |
Білім беру ұйымдарындағы оқу бөлімінің меңгерушісі |
11 |
Психологиялық-педагогикалық кабинет меңгерушісі |
12 |
Лагерь бастығы (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектептік, еңбек және демалыс) |
13 |
Аға әдістемеші, әдістемеші |
14 |
Кітапхана меңгерушісі |
15 |
Кітапханашы |
16 |
Педагог-психолог |
17 |
Әлеуметтік педагог |
18 |
Логопед мұғалімі |
19 |
Ұйымдастырушы педагог |
20 |
Қосымша білім беру педагогы |
21 |
Дефектолог мұғалімі |
22 |
Аға оқытушы, колледж, училище оқытушысы |
23 |
Аға тәрбиеші, тәрбиеші |
24 |
Аға шебері, өндірістік оқу шебері |
25 |
Оқу-тәрбие жұмысы мен тікелей айналысатын музыкалық жетекші, аккомпониатор, концертмейстер, |
26 |
Еңбек, дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушысы |
27 |
Педиатр дәрігері |
28 |
Медициналық бике |
29 |
Емдәм бикесі |
30 |
Аға жетекші, жетекші |
31 |
Хореограф |
32 |
Зертханашы |
33 |
Мәдени ұйымдастырушысы |
34 |
Көркемдік жетекшісі |
35 |
Бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маман |
36 |
Интернат меңгерушісі |
Дене тәрбиесі және спорт мамандарының лауазымдары: | |
1 |
Директор |
2 |
Оқу жұмысы жөніндегі директорының орынбасары |
3 |
Нұсқаушы, нұсқаушы-әдістемеші (әдістемеші) |
4 |
Дәрігер |
5 |
Медициналық бике |
6 |
Психолог |
7 |
Аға жаттықтырушы, жаттықтырушы |
Мәдениет мамандарының лауазымдары: | |
1 |
Директор |
2 |
Директор орынбасары (шаруашылық жұмысы жөніндегі орынбасарынан басқа) |
3 |
Бөлімінің меңгерушісі |
4 |
Мұражайдың бас ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, кіші ғылыми қызметкері |
5 |
Қорлардың бас сақтаушысы |
6 |
Экскурсовод |
7 |
Суретші-рәсімдеуші, суретші-реставратор |
8 |
Жетекші әдістемеші, аға әдістемеші, патриоттық тәрбие орталығының әдістемешісі |
9 |
Кітапханашы |
10 |
Мұрағатшы |
11 |
Өңертанушы |
12 |
Мұражай маманы |
13 |
Патриоттық тәрбие беру орталығының нұсқаушысы |
14 |
Мұражай қараушысы |
Мұрағат мамандарының лауазымдары: | |
1 |
Мемлекеттік мекеме филиалының басшысы |
2 |
Мұрағатшы |
3 |
Қорсақтаушы |