Алға ауданының Прогресс селосын Маржанбұлақ ауылы деп қайта атау туралы

Бірлескен Ақтөбе облысының әкімдігінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 77 қаулысы және Ақтөбе облысының мәслихаттың 2008 жылғы 26 наурыздағы № 54 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 04 сәуірде № 3242 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып және Алға аудандық мәслихаты мен әкімдігінің, облыстық ономастика комиссиясының ұсыныстары негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Алға ауданының Прогресс селосы - Маржанбұлақ ауылы деп қайта аталсын.
      2. Осы қаулы және шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Облыс әкімі

Е.Сағындықов

      Облыстық мәслихаттың сессия
      төрағасы

К.Жұмабаев