2009 жылға арналған аудан бюджеті туралы

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N С-11/3 шешімі. Ақмола облысы Шортанды ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 8 қаңтарда N 1-18-62 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылдың 23 қаңтарындағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Шортанды  ауданы әкімінің ұсынысымен аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2009 жылға арналған аудан бюджеті 1 қосымшаға сәйкес мына көлемде бекітілсін:
      1) кірістер,                             2 250 387,1 мың теңге.
      соның ішінде:
      салықтық түсімдер                         391 285 мың теңге;
      салықтық емес түсімдер                         4 036 мың теңге;
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер     5 348 мың теңге;
      трансферттердің түсімдері                1 769 718,1 мың теңге;
      2) шығындар                              2 310 207,8 мың теңге;
      3) таза бюджеттік кредит беру                      0 мың теңге;
      4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар
      бойынша сальдо                                17 434 мың теңге;
      қаржылық активтер сатып алу                   17 434 мың теңге;
      5) бюджет тапшылығы (профицит)            - 77 254,7 мың теңге;
      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру
      (профицитті пайдалану)                      77 254,7 мың теңге;
      қарыздар түсімі                               45 070 мың теңге.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009.18.02 № С-13/2; 2009.04.08. № С-14/2 (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.04.29 № С-15/2, 2009.07.08 № С-17/2; 2009.07.28 № С-18/4 Шешімдерімен
      2. Аудан бюджетінің табыстары мына көздер есебінен бекітілсін:
      1) салықтық түсімдер, соның ішінде:
      жеке табыс салығы;
      әлеуметтік салық;
      мүлікке салынатын салықтар;
      жер салығы;
      көлік құралдарына салынатын салық;
      бірыңғай жер салығы;
      акциздер;
      табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер;
      кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар;
      мемлекеттік баж.
      2) салықтық емес түсімдер, соның ішінде:
      мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігіндегі түсімдер;
      мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
      мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;
      мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
      басқа да салықтық емес түсімдер.
      3) негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, соның ішінде жерді сатудан түсімдер.
      4) трансферттердің түсімдері, соның ішінде облыстық бюджеттің түсімдері.
      3. 2009 жылға арналған аудандық бюджетте 622 145 мың теңге сомасында субвенция есептелсін.
      4. 2009 жылға арналған аудан бюджетінде облыстық бюджетен ағымдағы мақсатты трансферттер есепке алынсын:
      1) Ұлы Отан Соғысына қатысқандарға және оның мүгедектеріне  коммуналдық шығындарды өтеуге әлеуметтік көмек көрсетуге 630 мың теңге сомасында;
      2) «Дамса селосының, Научный кентінің, Степное селосының тарату желісінің күрделі жөндеуі» жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге және мемлекеттік сараптама жүргізуге 4 200 мың теңге сомасында.
      Ескерту. 4 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009.07.28 № С-18/4 Шешімімен
      5. 2009 жылға арналған аудан бюджетінде облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері есепке алынсын:
      1) Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шортанды СУ» мемлекеттік  коммуналдық кәсіпорынның жарғылық капиталын ұлғайтуға 17 434 мың теңге;
      2) Шортанды кентіне су тарту және су құбырлары желілерін қайта құру жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге және мемлекеттік сараптама жүргізуге (екінші кезек) 22 000 мың теңге сомасында;
      3) Бас тоған имараты алаңын және Дамса селосы, Научный кенті, Степное селосы блок фильтрациялық станциясын қайта құру жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды әзірлеуге және мемлекеттік сараптама жүргізуге 2 956,6 мың теңге сомасында;
      4) Азиялық даму банкімен келісу шеңберінде «Селолық аумақтарды сумен қамтамасыз ету және канализация» салалық жобасын жүзеге асыру мақсатында Төңкеріс станциясының сумен қамтамасыз ету объектілері бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды орындауға және мемлекеттік сараптама жүргізуге 13 029,6 мың теңге сомасында;
      5) Азиялық даму банкімен келісу шеңберінде «Селолық аумақтарды сумен қамтамасыз ету және канализация» салалық жобасын жүзеге асыру мақсатында объектілер бойынша авторлық, техникалық бақылау жүргізуге Төңкеріс станциясы, Ошақ селосы, Белое озеро селосы 1 194,8 мың теңге сомасында.
      Ескерту. 5 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009.04.08. № С-14/2 (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.07.28 № С-18/4 Шешімдерімен
      6. 2009 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттер есепке алынсын:
      1) жаңадан іске қосылатын білім беру объектілерін қамтамасыз етуге 85 163 мың теңге сомасында;
      2) Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес негізгі орта және жалпы орта білім беру мекемелерінде физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен жарақтандыруға 8 194 мың теңге сомасында;
      3) Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру мекемелерінде лингафонды және мультимедиялық кабинеттер ашуға 5 541 мың теңге сомасында;
      4) күнкөріс минимумы мөлшерінің өсуіне байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге 1002 мың теңге сомасында;
      5) күнкөріс минимумы мөлшерінің өсуіне байланысты 18 жасқа дейінгі балаларға ай сайын мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 2 117 мың теңге сомасында;
      6) селолық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін 4 455 мың теңге сомасында.
      Ескерту. 6 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009.04.29 № С-15/2 Шешімімен
      7. 2009 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық бюджеттен мақсатты даму трансферттері есепке алынсын:
      1) Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылсы Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысына 57 273 мың теңге сомасында;
      2) Қазақстан Республикасында 2008-2010 жылдарға арналған тұрғын  үй құрылысы Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес инженерлік коммуниациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға 62 000 мың теңге сомасында;
      3) Шортанды кентінде 1200 орындық мектеп құрылысына 311 881 мың теңге сомасында;
      4) Бозайғыр ауылының су құбырлары желілерін қайта құруға 264 235 мың теңге сомасында;
      5) Новокубанка селосындағы сумен қамтамасыз ету желілерін қайта құруға 152 454 мың теңге сомасында.
      Ескерту. 7 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009.04.08. № С-14/2 (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі); 2009.04.29 № С-15/2; 2009.07.28 № С-18/4 Шешімдерімен
      8. алынып тасталды
      Ескерту. 8 тармақ алынып тасталды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009.18.02 № С-13/2 шешімімен
      9. Аудандық мәслихатпен келісілген тізбеге сәйкес ауылдық  (селолық) жерлерде жұмыс істейтін білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет салаларындағы мамандарының еңбекақысын осы қызмет түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың лауазымдық ақылары және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайыз жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставка белгіленсін.
      10. Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 2009 жылға 2882 мың теңге сомасында бекітілсін.
      Ескерту. 10 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009.18.02 № С-13/2; 2009.04.29 № С-15/2 Шешімдерімен
      11. 2009 жылға арналған аудан бюджетінің даму бюджеттік бағдарламаларының тізбесі бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөле отырып және заңды тұлғалардың жарғылық қорын қалыптастыру немесе ұлғайту 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      12. 2009 жылға арналған аудан бюджетін орындау барысында секвестрленуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      13. 2009 жылға арналған аудан бюджетінің қаладағы ауданның,  аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары бойынша шығыстар 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      13-1. 2009 жылдың 1 қаңтарына пайда болған 45 070 мың теңге сомасында бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары келесі мақсаттарға бағытталсын:
      1) Бозайғыр ауылының, Шортанды кентінің бас жоспарларын әзірлеуді аяқтауға 10 500 мың теңге сомасында;
      2) Ауданның сумен жабдықтау және су бөлу жүйелерінің қызмет  етуіне 10 070 мың теңге сомасында;
      3) Новоселовка селосының су құбырлары желілерін қайта құру жобасы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге және мемлекеттік сараптама жүргізуге 12 500 мың теңге сомасында;
      4) Шортанды кентінің қазандығын күрделі жөндеуге 12 000 мың теңге сомасныда.
      Ескерту. 13-1 тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009.18.02 № С-13/2 шешімімен; 13-1 тармағына өзгерту енгізілді - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009.04.08. № С-14/2 (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен
      5) Шортанды, Научный кенттері, Дамса, Степное селолары елді  мекендерін санитарлық тазалауға 1 750 мың теңге сомасында;
      6) Научный кенті көшелерін жарықтандыруға 95 мың теңге сомасында;
      7) Научный кенті, Дамса, Степное селоларының су құбырлары желілерінің жарықтарын жоюға 553 мың теңге сомасында;
      8) Шортанды кентінің жобалау-сметалық құжаттама әзірлеумен орталық қазандығының жылу трассасына күрделі жөндеуге 16 000 мың теңге сомасында;
      9) Шортанды кентінің Мира көшесі бойынша автомобиль жолын орташа жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге және орташа жөндеуге 1 300 мың теңге сомасында;
      10) пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді қайтаруға 8 128,7 мың теңге сомасында.
      Ескерту. 5), 6), 7), 8), 9), 10 тармақшаларымен толықтырылды - - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009.04.08. № С-14/2 (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен; 13-1 тармағы жаңа редакцияда баяндалды - 2009.04.29 № С-15/2 Шешімімен;
      13-2. 2009 жылға арналған аудан бюджетінде облыстық бюджеттен  ағымдағы мақсатты трансферттер есепке алынсын:
      1) аймақтық жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау  стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде Новоселовка селосының орта мектебінің күрделі жөндеуіне 3 465 мың теңге сомасында.
      Ескерту. 13-2 тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009.04.29 № С-15/2 Шешімімен; 13-2 тармақ жаңа редакцияда баяндалды - 2009.07.08 № С-17/2 Шешімімен; 13-2 тармаққа өзгерту енгізілді - 2009.07.28 № С-18/4
      13-3. 2009 жылға арналған аудан бюджетінде республикалық бюджеттен ағымдағы мақсатты трансферттер есепке алынсын:
      1) аймақтық жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде жастар практикасын кеңейту бағдарламасына 5 310 мың теңге сомасында және әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 9 810 мың теңге сомасында;
      2) аймақтық жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде Новокубанка селосының орта мектебінің күрделі жөндеуіне 15 202,1 мың теңге сомасында;
      3) аймақтық жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын жүзеге асыру шеңберінде жергілікті автомобиль жолдары желілерін ағымдағы жөндеуге 20 000 мың теңге сомасында»
      Ескерту. 13-3 тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009.04.29 № С-15/2 Шешімімен; 13-3 тармақ жаңа редакцияда баяндалды - 2009.07.08 № С-17/2 Шешімімен; 13-3 тармаққа өзгерту енгізілді - 2009.07.28 № С-18/4
      14. Осы шешім Ақмола облысының Шортанды ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 01 қаңтарынан бастап қолданысқа кіреді.

      Шортанды аудандық
      мәслихаттың сессия
      төрағасы                                   Н.Ткаченко

      Шортанды аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Г.Скирда

      КЕЛІСІЛДІ:

      Аудан әкімі                                С.Камзебаев

      Шортанды ауданы бойынша
      салық басқармасының
      бастығы                                    К.Балтабеков

      Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімінің
      бастығы                                    О.Мут

      Қаржы бөлімінің
      бастығы                                    Л.Жевлакова

      Білім беру бөлімінің
      бастығы                                    Г.Мукашева

      Ішкі саясат бөлімінің
      бастығы                                    С.Касенова

      Жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                          Ж.Мунтаева

      Құрылыс бөлімі
      бастығының м.а.                            И.Скавронская

      Тұрғын-үй коммуналдық
      шаруашылығы, жолаушылар
      көлігі және автомобиль
      жолдары бөлімі
      бастығының м.а.                            Д.Петько

      Мәдениет және тілдерді
      дамыту бөлімінің
      бастығы                                    Т.Бартош

      Ауыл шаруашылығы бөлімі
      бастығының м.а.                            С.Айтхожин

      Жер қатынастары бөлімінің
      бастығының м.а.                            А.Тулкубаева

      Сәулет және қала құрылысы
      бөлімінің бастығы                          К.Урынбасаров

      Дене шынықтыру және спорт
      бөлімінің бастығы                          В.Дьяченко

      Кәсіпкерлік бөлімінің
      бастығы                                    Е.Мухамедин 

№ 1 қосымша
Шортанды аудандық мәслихатының
2008 жылдың «24» желтоқсанында
№ С-11/3 «2009 жылға
арналған аудан бюджеті туралы» шешімімен
Бекітілді

      Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009.07.28 № С-18/4 (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен

2009 жылға арналған аудан бюджеті

Функционалдық топ

Сома

Санат


Функционалдық топша


Сынып



Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі



Сыныпша




Бағдарлама





I. Кiрiстер

2250387,1

1




Салықтық түсімдер

391285


1



Табыс салығы

20910



2


Жеке табыс салығы

20910


3



Әлеуметтiк салық

245954



1


Әлеуметтік салық

245954


4



Меншiкке салынатын салықтар

113436



1


Мүлiкке салынатын салықтар

91068



3


Жер салығы

6781



4


Көлiк құралдарына салынатын салық

14852



5


Бірыңғай жер салығы

735


5



Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын iшкi салықтар

9144



2


Акциздер

967



3


Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшiн түсетiн түсiмдер

3631



4


Кәсiпкерлiк және кәсiби қызметтi жүргiзгенi үшiн алынатын алымдар

4546


8



Заңдық мәнді іс-әрекеттерді жасағаны және (немесе) құжаттар бергені үшін оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар алатын міндетті төлемдер

1841



1


Мемлекеттік баж

1841

2




Салықтық емес түсiмдер

4036


1



Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

213



1


Мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігіндегі түсімдер

1



5


Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

212


2



Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

55



1


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер

55


4



Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

3737



1


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар, мұнай секторы кәсіпорындарынан түсімді есептемегенде

3737


6



Басқа да салықтық емес түсiмдер

31



1


Басқа да салықтық емес түсiмдер

31

3




Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

85348


3



Жердi және материалдық емес активтердi сату

85348



1


Жерді сату

85348

4




Трансферттердің түсімдері

1769718,1


2



Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер

1769718,1



2


Облыстық бюджеттен түсетiн трансферттер

1769718,1





II. Шығындар

2310207,8

1




Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

108325


1



Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар

92304



112


Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты

12820




1

Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының қызметін қамтамасыз ету

12820



122


Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты

25724




1

Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің қызметін қамтамасыз ету

25724



123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

53760




1

Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету

53760


2



Қаржылық қызмет

8726



452


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі

8726




1

Қаржы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

7965




2

Ақпараттық жүйелер құру

45




3

Салық салу мақсатында мүлікті бағалауды жүргізу

369




4

Біржолғы талондарды беру жөніндегі жұмысты және біржолғы талондарды іске асырудан сомаларды жинаудың толықтығын қамтамасыз етуді ұйымдастыру

330




11

Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және сату

17


5



Жоспарлау және статистикалық қызмет

7295



453


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

7295




1

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімнің қызметін қамтамасыз ету

7295

2




Қорғаныс

5998


1



Әскери мұқтаждар

1248



122


Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты

1248




5

Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберіндегі іс-шаралар

1248


2



Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру

4750



122


Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты

4750




6

Аудан (облыстық маңызы бар қала) ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою

4750

3




Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі

349


1



Құқық қорғау қызметi

349



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

349




21

Елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету

349

4




Бiлiм беру

1189581,1


1



Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту

81514



464


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беру бөлімі

81514




9

Мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

81514


2



Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру

762139



123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

1079




5

Ауылдық (селолық) жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру

1079



464


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беру бөлімі

761060




3

Жалпы білім беру

743589




6

Балалар үшін қосымша білім беру

17471


9



Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер

345928,1



464


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беру бөлімі

34047,1




1

Білім беру бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

2702




2

Ақпараттық жүйелер құру

45




4

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру

4322




5

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерді сатып алу және жеткізу

8311




11

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде білім беру объектілерін күрделі, ағымды жөндеу

18667,1



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

311881




37

Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

311881

6




Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

59530


2



Әлеуметтiк көмек

49074



123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

2651




3

Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету

2651



451


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

46423




2

Еңбекпен қамту бағдарламасы

25727




5

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

2789




6

Тұрғын үй көмегі

2200




7

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

5078




10

Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету

367




16

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар

7417




17

Мүгдектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге және ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі

2845


9



Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер

10456



451


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

10456




1

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

10175




11

Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

236




12

Ақпараттық жүйелер құру

45

7




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

363405


1



Тұрғын үй шаруашылығы

119273



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

119273




3

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы

57273




4

Инженерлік коммуниациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру

62000


2



Коммуналдық шаруашылық

223190



123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

9875




14

Елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

9875



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

153203




12

Сумен жабдықтау және су бөлу жүйесінің қызмет етуі

47274




26

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін қолдануды ұйымдастыру

27903




30

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымды жөндеу және елді-мекендерді көркейту

78026



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

60112




6

Сумен жабдықтау жүйесін дамыту

60112


3



Елді-мекендерді көркейту

20942



123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

15184




8

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру

10041




9

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

3035




10

Жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу

242




11

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

1866



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

5758




015

Елді мекендерде көшелерді жарықтандыру

5085




16

Елдi мекендердiң санитариясын қамтамасыз ету

473




18

Елдi мекендердi абаттандыру және көгалдандыру

200

8




Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк

77975


1



Мәдениет саласындағы қызмет

39665



455


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

39665




3

Мәдени-демалыс жұмысын қолдау

39665


2



Спорт

3840



465


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)дене шынықтыру және спорт бөлімі

3840




6

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу

1933




7

Әртүрлi спорт түрлерi бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) құрама командаларының мүшелерiн дайындау және олардың облыстық спорт жарыстарына қатысуы

1907


3



Ақпараттық кеңiстiк

24822



455


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

18322




6

Аудандық (қалалық) кiтапханалардың жұмыс iстеуi

15803




7

Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту

2519



456


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі

6500




2

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк ақпарат саясатын жүргізу

6500


9



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер

9648



455


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

3437




1

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

3392




2

Ақпараттық жүйелер құру

45



456


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі

3692




1

Ішкі саясат бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

3246




3

Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды iске асыру

401




4

Ақпараттық жүйелер құру

45



465


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) дене шынықтыру және спорт бөлімі

2519




1

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

2474




2

Ақпараттық жүйелер құру

45

10




Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары

432791


1



Ауыл шаруашылығы

10420



462


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылық бөлімі

5965




1

Ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

5920




2

Ақпараттық жүйелер құру

45



453


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

4455





Республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебiнен селолық елді мекендердің әлеуметтік сала мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру

4455


2



Су шаруашылығы

416689



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

416689




12

Сумен жабдықтау жүйесін дамыту

416689


6



Жер қатынастары

5682



463


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі

5682




1

Жер қатынастары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

3735




3

Елдi мекендердi жер-шаруашылық орналастыру

1902




5

Ақпараттық жүйелер құру

45

11




Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

17214


2



Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі

17214



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

3715




1

Құрылыс бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

3670




14

Ақпараттық жүйелер құру

45



468


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы  бөлімі

13499




1

Қала құрылысы және сәулет бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

2989




2

Ақпараттық жүйелер құру

45




3

Аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, аудандық (облыстық) маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу

10465

12




Көлiк және коммуникация

37459


1



Автомобиль көлiгi

16737



123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

5743




13

Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

5743



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

10994




23

Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

10994


9



Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер

20722



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

20722




8

Өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын іске асыру шеңберінде  удандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қала және елді-мекендер көшелерін жөндеу және ұстау

20000




24

Кентiшiлiк (қалаiшiлiк) және ауданiшiлiк қоғамдық жолаушылар тасымалдарын ұйымдастыру

722

13




Басқалар

9452


3



Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау

3052



469


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік бөлімі

3052




1

Кәсіпкерлік бөлімі қызметін қамтамасыз ету

3007




2

Ақпараттық жүйелер құру

45


9



Басқалар

6400



452


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі

2882




12

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві

2882



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

3518




1

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметін қамтамасыз ету

3473




20

Ақпараттық жүйелер құру

45

15




Трансферттер

8128,7


1



Трансферттер

8128,7





Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі

8128,7




6

Пайдаланылмаған (толық пайдала-
нылмаған) нысаналы трансферттерді қайтару

8128,7





IІІ. Таза бюджеттiк кредит беру

0





ІV. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо

17434





Қаржы активтерін сатып алу

17434

13




Басқалар

17434


9



Басқалар

17434



452


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі

17434




14

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

17434





V. Бюджет тапшылығы

-77254,7





VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру

77254,7

8




Бюджет қаражаты қалдыктарының қозғалысы

77254,7


1



Бюджет қаражатының қалдыктары

77254,7





Бюджет қаражатының бос қалдыктары

77254,7




1

Бюджет қаражатының бос қалдыктары

77254,7

 2 қосымша
Шортанды аудандық мәслихатының
2008 жылдың «24» желтоқсанында
№ С-11/3 «2009 жылға
арналған аудан бюджеті туралы» шешімімен
Бекітілді

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009.04.29 № С-15/2 шешімімен.

Заңды тұлғалардың жарғылық қорын ұлғайтуға немесе қалыптастыруға және бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) жүзеге асыруға бағытталған, бюджеттік бағдарламаларға бөлінген 2009 жылға арналған аудан бюджетінің даму бюджеттік бағдарламаларының тізбесі

Функционалдық топ

Санат


Функционалдық топша


Сынып



Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі



Сыныпша





Бағдарлама

1

2

3

4

5





II. Шығындар





Инвестициялық жобалар

01




Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер


2



қаржылық қызмет



452


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі




002

Ақпараттық жүйелер құру

04




Бiлiм беру


9



Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер



464


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беру бөлімі)




002

Ақпараттық жүйелер құру




004

Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік білім беру мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыру)



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі




037

Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау

06




Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру


9



Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер



4551


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі




012

Ақпараттық жүйелер құру

07




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық


1



Тұрғын үй шаруашылығы



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі




003

Мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысы және (немесе) сатып алу




004

Инженерлік коммуниациялық инфрақұрылымды дамыту, жайластыру және (немесе) сатып алу


2



Коммуналдық шаруашылық



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі




006

Сумен жабдықтау жүйесін дамыту

08




Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк


9



Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер



455


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі




002

Ақпараттық жүйелер құру



456


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат бөлімі




004

Ақпараттық жүйелер құру



465


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың)дене шынықтыру және спорт бөлімі




002

Ақпараттық жүйелер құру

10




Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары


1



Ауыл шаруашылығы



462


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылық бөлімі




002

Ақпараттық жүйелер құру


2



Су шаруашылығы



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі




012

Сумен жабдықтау жүйесін дамыту


6



Жер қатынастары



463


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі




005

Ақпараттық жүйелер құру

11




Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі


2



Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі



467


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі




014

Ақпараттық жүйелер құру



468


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет және қала құрылысы бөлімі




002

Ақпараттық жүйелер құру

13




Басқалар


3



Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау



469


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік бөлімі




002

Ақпараттық жүйелер құру


9



Басқалар



458


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі




020

Ақпараттық жүйелер құру





Заңды тұлғалардың жарғылық қорын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған инвестициялар

13




Басқалар


9



Басқалар



452


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі




014

Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

3 қосымша
Шортанды аудандық мәслихатының
2008 жылдың «24» желтоқсанында
№ С-11/3 «2009 жылға
арналған аудан бюджеті
туралы» шешімімен
Бекітілді

2009 жылға арналған аудандық бюджетің атқарылу процесінде секвестрленуге жатпайтын жергілікті бюджеттік
бағдарламалардың тізімі

Функционалдық топ

Санаттар


Функционалдық кіші топ


Сыныптар



Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі



Сыныпша




Бағдарлама

1

2

3

4

ІІ. Шығындар

04




Бiлiм беру


2



Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру



464


Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беру бөлімі




003

Жалпы білім беру

4 қосымша
Шортанды аудандық мәслихатының
2008 жылдың «24» желтоқсанындағы
№ С-11/3 «2009 жылға арналған
аудан бюджеті
туралы» шешімімен
Бекітілді

      Ескерту. 4 қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2009.04.29 № С-15/2 (2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен

2009 жылға арналған аудан бюджетінің қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары

Санаттар

Сома

Функционалдық топ


Сынып


Фунционалдық топша



Сыныпша



Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі





Бағдарлама





Атаулары


1

2

3

4

5

6





II. Шығындар

88292

1




Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

53760


1



Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар

53760



123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

53760




1

Қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз ету

53760

4




Бiлiм беру

1079


2



Жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта бiлiм беру

1079



123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

1079




5

Ауылдық (селолық) жерлерде балаларды мектепке дейін тегін алып баруды және кері алып келуді ұйымдастыру

1079

6




Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

2651


2



Әлеуметтiк көмек

2651



123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

2651




3

Мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсету

2651

7




Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

25059


2



Коммуналдық шаруашылық

9875



123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

9875




14

Елді-мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру

9875


3



Елді-мекендерді көркейту

15184



123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

15184




8

Елді-мекендерде көшелерді жарықтандыру

10041




9

Елді-мекендерді санитариямен қамтамасыз ету

3035




10

Жерлеу орындарын күтіп-ұстау және туысы жоқ адамдарды жерлеу

242




11

Елді-мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

1866

12




Көлiк және коммуникация

5743


1



Автомобиль көлiгi

5743



123


Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінің аппараты

5743




13

Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда (селоларда), ауылдық (селолық) округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

5743

Кестенің жалғасы:

Шортанды кенті әкімінің аппараты

Научный кенті әкімінің аппараты

Жолымбет кенті әкімінің аппараты

Петровка селолық округі әкімінің аппраты

Сома

Сома

Сома

Сома

30470

4658

7885

5400

6447

3565

5840

4483

6447

3565

5840

4483

6447

3565

5840

4483

6447

3565

5840

4483

0

0

0

650

0

0

0

650

0

0

0

650

0

0

0

650

699

0

715

0

699

0

715

0

699

0

715

0

699

0

715

0

19681

893

1030

67

6900

200

0

67

6900

200

0

67

6900

200

0

67

12781

693

1030

0

12781

693

1030

0

9293

373

245

0

1500

200

785

0

122

120

0

0

1866

0

0

0

3643

200

300

200

3643

200

300

200

3643

200

300

200

3643

200

300

200

Кестенің жалғасы:

Андреевка
селолық
округі
әкімінің аппараты

Новокубанка
селолық
округі
әкімінің
аппараты

Новоселовка
селолық
округі
әкімінің
аппараты

Раевка
селолық
округі
әкімінің
аппраты

Сома

Сома

Сома

Сома

11

12

13

14

4074

4044

3912

4273

3726

3821

3754

3986

3726

3821

3754

3986

3726

3821

3754

3986

3726

3821

3754

3986

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

148

23

158

87

148

23

158

87

148

23

158

87

148

23

158

87

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

Кестенің жалғасы:

Дамса
селолық
округі
әкімінің
аппраты

Бектау
ауылдық
округі
әкімінің
аппараты

Пригородный
селолық
округі
әкімінің
аппраты

Бозайғыр
ауылдық
округі
әкімінің
аппараты

Сома

Сома

Сома

Сома

15

16

17

18

8722

4108

3669

5097

5264

4108

3669

5097

5264

4108

3669

5097

5264

4108

3669

5097

5264

4108

3669

5097

0

0

0

429

0

0

0

429

0

0

0

429

0

0

0

429

0

403

79

339

0

403

79

339

0

403

79

339

0

403

79

339

2558

0

0

130

2008

0

0

0

2008

0

0

0

2008

0

0

0

550

0

0

130

550

0

0

130

0

0

0

130

550

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200

200