Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабына сәйкес, әлеуметтік қорғалуға мұқтаж тұлғаларға жәрдем көрсету мақсатында Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектер үшін жалпы жұмыс орындарының санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Степногорск қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 4 маусымдағы № ә-6/214 «Степногорск қаласы бойынша мүгедектерді жұмасқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді Аймақтық мемлекеттік тіркеу Тізімдемесінде № 1-2-90 тіркелген, 2008 жылдың 04 шілдеде № 23 (105) «Степногорск ақшамы» және «Вечерний Степногорск» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы Степногорск қаласының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің орынбасары Г.Ә. Сәдуақасоваға жүктелсін.
Степногорск қаласының
әкімі А. Никишов