"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Заңына
сәйкес Ақмола облысының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі
N№А-3/134
қаулысына (Мемлекеттік тіркеу тізімдемесінің Ақмола аймақтық бөлімінде N 3250 болып тіркелген, 2008 жылғы 20 мамырда "Акмолинская правда" газетінде және 2008 жылғы 20 мамырда "Арқа ажары" газетінде жарияланған), "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N А-3/134 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 08 шілдедегі
N А-5/288
қаулысымен (Мемлекеттік тіркеу тізімдемесінің Ақмола аймақтық бөлімінде N 3258 тіркелген, 2008 жылғы 22 шілдеде N 92 "Акмолинская правда" газетінде және 2008 жылғы 22 шілдеде N 82 "Арқа ажары" газетінде жарияланған) енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік нысандарының тізбесінде:
реттік нөмірлер 2, 3, 19 жолдары алынып тасталсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі