Ерейментау, Аршалы, Шортанды және Щучье аудандары бойынша Ақмола облысының кейбір елді мекендері мен селолық округтерінің атауларын өзгерту туралы

Ақмола облыстық мәслихатының 2008 жылғы 20 маусымдағы N 4С-7-16 шешімі мен Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 20 маусымдағы N А-5/245 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 26 маусымда N 3253 тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, Ерейментау ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 10 қазандағы N а-10/285 қаулысы мен Ерейментау аудандық мәслихатының 2007 жылғы 10 қазандағы N 4С-3/12-07 шешімі, Аршалы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N А-814 қаулысы мен Аршалы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 15 желтоқсандағы N 3/17 шешімі, Шортанды ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N а-4/268 қаулысы мен Шортанды аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N С-3/11 шешімі, Щучье ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 19 қаңтардағы N А-1/14 қаулысы мен Щучье аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 қаңтардағы N С-5/4 шешімдері негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2008 жылғы 13 наурыздағы шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ :
      1. Ерейментау ауданы бойынша:
      Торғай селолық округінің Ржищево селосы Балықты ауылына өзгертілсін.
      2. Аршалы ауданы бойынша:
      Бірсуат селолық округінің Бірсуат селосы Шалғай ауылына өзгертілсін;
      3. Шортанды ауданы бойынша:
      Казциковское селолық округі Бектау ауылдық округіне өзгертілсін.
      4. Щучье ауданы бойынша:
      1) Климовка селолық округі Атамекен ауылдық округіне;
      2) Кенесары селолық округінің Вороновка селосы Баянбай ауылына өзгертілсін.
      5. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі