Степногорск қаласы мен Жақсы ауданы бойынша Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2008 жылғы 5 наурыздағы N а-2/62 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 5 наурыздағы N 4С-5-13 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 15 сәуірде N 3245 тіркелді.

Қолданыстағы

      1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3, 11 баптарына сәйкес және Степногорск қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N а-17/604 қаулысы мен Степногорск қалалық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 4С-3/9 шешіміне, Жақсы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N 14 қаулысы мен Жақсы аудандық  мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы N С-5-10 шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Степногорск қаласы бойынша:
      Келесі елді мекендер басқа қоныстар категориясына көшірілсін және олар жақын елді мекендер құрамына енгізіліп, есептік деректерден шығарылсын:
      Қарабұлақ селолық округі бойынша:
      Қарабұлақ селосының құрамына енгізіліп, Көксал селосы;
      Қарабұлақ селосының құрамына енгізіліп, Первомайка селосы.
      Қарабұлақ селолық округінің категориясы Қарабұлақ селосының категориясына көшірілсін.
      2) Жақсы ауданы бойынша:
      Есіл селолық округінің Жирен және Үкі селолары басқа қоныстар категориясына көшірілсін және олар Есіл селолық округі Трудовое селосының құрамына енгізіліп, есептік деректерден шығарылсын:

      2. Осы шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі