Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 489 - 492 баптарына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін ай сайынғы төлем ставкалары бекітілсін.
2. Астана қаласы мәслихатының 2002 жылғы 5 наурыздағы N 149/29-ІІ "Сыртқы (көрнекі) жарнама орнатқаны үшін ақы ставкаларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2002 жылғы 18 наурызда N 178 болып тіркелген, 2002 жылғы 30 наурызда N 36 "Вечерняя Астана" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы
мәслихатының сессия төрайымы К. Анасова
Астана қаласы
мәслихатының хатшысы В. Редкокашин
Астана қаласы мәслихатының
2008 жылғы 18 тамыздағы
N 137/21-IV шешімімен
бекітілді
Астана қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы
орналастыру үшін ай сайынғы төлем ставкалары
Р/с
|
Жарнама объектісінің түрі |
Ай сайынғы төлем мөлшері
|
|||
"А"
|
"В"
|
"С"
|
"Д"
|
||
1. |
Көлемі 3 ш. метрге дейінгі
|
2 |
2 |
2 |
2 |
2. |
Көлемі 3-тен 15 ш. метрге
|
6 |
4 |
4 |
3 |
3. |
Көлемі 15-тен 30 ш. метрге
|
10 |
8 |
6 |
4 |
4. |
Көлемі 30-дан 70 ш. метрге
|
14 |
12 |
10 |
8 |
5. |
Көлемі 70-тен 100 ш. метрге
|
16 |
14 |
12 |
10 |
6. |
Көлемі 100-ден 200 ш. метрге
|
18 |
16 |
14 |
12 |
7. |
Көлемі 200 ш. метрден жоғары
|
20 |
18 |
16 |
14 |
8. |
Жарықтандырылған табло (экран) |
18 |
18 |
18 |
18 |
9. |
Шатыр қондырғылары |
8 |
6 |
5 |
4 |
10. |
Шығарылатын жарнама
|
10 |
10 |
10 |
10 |
2. Өздерінің атқаратын функцияларын жүзеге асыру барысында сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары салық төлеуші болып табылмайды.
"А" санаты: әуежай тас жолы (әуежайдан басталып Қарқаралы тас жолының шеңберіне дейін), Қарқаралы тас жолы (шеңберден басталып Қабанбай батыр даңғылына дейін), Қабанбай батыр даңғылы, қаланың жаңа әкімшілік орталығының барлық көшелері, Сарыарқа даңғылы (сол жағалаудан бастап Кенесары көшесіне дейін), Республика даңғылы (Республика даңғылының басынан бастап Сейфуллин көшесіне дейін), Кенесары көшесі (Сарыарқа даңғылынан Торайғыров көшесіне дейін);
"В" санаты: Республика даңғылы (Сейфуллин көшесінен Гете көшесіне дейін), Бараев к-сі., Тәшенов к-сі., Манас даңғ., Абылай хан даңғ, Б. Момышұлы к-сі., Жеңіс даңғ., Абай даңғ., Сейфуллин к-сі., Бейбітшілік к-сі.;