Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласының рәміздері туралы

Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 5 маусымдағы N 109/16-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 30 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 537 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі»"Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" заңының 3 бабын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібі бекітілсін.

      2. Астана қаласы мәслихатының осы шешімі алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                   С. Богатырев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                           В. Редкокашин

Астана қаласы мәслихатының
2008 жылғы 05 маусымдағы
N 109/16-IV шешімімен 
бекітілген      

Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы
рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібі

1-тарау. Қазақстан Республикасының астанасы -
Астана қаласының рәміздері

      1. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оны пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі»"Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" заңына сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласының Елтаңбасы көгілдір түс аясында алтын түсті "Бәйтерек" пен "Шаңырақ" бейнеленген екі нышан орналасқан дөңгелекті білдіреді. "Бәйтерек" негізінде "Құсқанаты" оюы орналасқан, оның төменгі жағында стильді "Н" әрпі орналасқан, "Құсқанаты" оюы және "Н" әрпі алтын түсті "Шаңырақ" пен "Құсқанаты" оюының сыртқы жағында жасылмен көмкерілім бар. Сыртқы сақинаның көмкерілген жерінде сол және оң жақтарында қызыл аяда алтын түсті "Бөрікөз" оюы орналасқан. Елтаңбаның төменгі жағында алтын түстес аяда қызыл түсті "Астана" деген жазуы бар. "Астана" жазуының сол және оң жағында алтын түсті үш симметриялы сызықтар орналасқан.

      3. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласының Туы ені мен ұзындығы 1:2 қатынастағы ортасында Астана қаласының Елтаңбасы орналасқан тік бұрышты жалпақты білдіреді, одан жан жаққа алтын түстегі күн сәулелері шашылып тұрады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының астанасы -
Астана қаласының елтаңбасын пайдалану тәртібі

      4. Астана қаласының Елтаңбасын дайындаған кезде осы Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібіне қоса берілген 1-қосымшаға сәйкес бейнелеуі қамтамасыз етілуі тиіс.

      5. Астана қаласының Елтаңбасын және басқа да елтаңбаларды бір уақытта орналастырған кезде Астана қаласының елтаңбасы басқа елтаңбалардан төмен емес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасынан жоғары емес етіліп орнатылады, елтаңбалардың (елтаңбалық белгі, геральдиялық белгі) тақ санын бір уақытта орналастырған кезде Астана қаласының Елтаңбасы ортасында орналасады, ал елтаңбалардың жұп сандарын орналастырған кезде, екеуден артық емес - орталықтың сол жағына орналасады.

      6. Астана қаласының Елтаңбасын және басқа елтаңбаларды (елтаңбалық белгі, геральдиялық белгі) бір уақытта орналастырған кезде Астана қаласы Елтаңбасының көлемі кіші болмауға тиіс.

      7. Астана қаласы Елтаңбасының бейнелері жұмыс кабинеттерде, мәжіліс залдарында, мемлекеттік органдардың және басқа мекемелердің маңдайшаларында олардың иелерінің қалауы бойынша орнатылады (орналастырылады).

      8. Астана қаласының Елтаңбасы мемлекеттік органдардың көлік құралдарында, сонымен қатар мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың басқаруындағы қалалық қоғамдық көліктерде немесе арнайы қызметтер көліктерін ресімдеуде бейнеленуі мүмкін.

      9. Астана қаласының Елтаңбасы қаланы көркемдік безендіруде пайдалануы мүмкін.

      10. Астана қаласының Елтаңбасы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мөрлер мен мөртабандарын дайындау кезінде пайдалана алмайды.

3-тарау. Қазақстан Республикасының астанасы -
Астана қаласының туын пайдалану тәртібі

      11. Астана Туын шығару кезінде оның түсі мен бейнесі 2-қосымшада айтылған Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы рәміздерінің сипаттамасына және оларды пайдалану тәртібіне сәйкес келуі тиіс. Астана қаласының Туын түрлі көлемдер мен түрлі материалдардан, сондай-ақ вымпел түрінде шығаруға жол беріледі.

      12. Тәртіп бұзыла дайындалған Астана қаласының Туын мемлекеттік органдар ресми түрде, қаланы көркемдік ресімдеуде пайдалана алмайды, сондай-ақ Астана қаласының аумағында пайдаланылмайды.

      13. Астана қаласының Туын және басқа туларды бір уақытта орналастырған кезде, Астана қаласының Туы басқа тулардан төмен және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туынан жоғары орналастырылмайды, ал жұп санмен орналастырған жағдайда тура ортаның (екіден аспайтын) сол жағында орналастырылады. Астана қаласының Туы мен басқа туларды бір уақытта орналастырған кезде, Астана қаласының Туы көлемі бойынша кіші болмайды және басқа тулардан төмен орналастырылмайды.

      14. Астана қаласының Туы мемлекеттік және қалалық мереке күндері мемлекеттік органдардың және қаланың басқа да мекемелерінің ғимараттарында иелерінің қалауы бойынша ілінуі мүмкін.

      15. Астана қаласының Туы мемлекеттік және қалалық мереке күндері ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдардың ғимараттарында (ғимарат қасбеттерінде орналасқан тутұғырларда (мачталарда), тұрғын үйлерде ілінуі мүмкін.

      16. Астана қаласының Туы Астана қаласында қала әкімдігімен және мемлекеттік органдармен, ұйымдастыру-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдармен және азаматтармен өткізілетін ресми рәсімдерді және басқа салтанатты іс-шараларды өткізу уақытында көтерілуі (орнатылуы) мүмкін.

      17. Қаралы күні тутұғырда (мачтада) көтерілген Астана қаласының Туы тутұғырдың (мачтаның) биіктігінің жартысына дейін түсіріледі.

      18. Астана қаласының Туы Астана қаласының құрметті атағына берілетін белгілерге және марапаттарға, Астана қаласының мемлекеттік органдарында ерекше белгілерде бейнеленуі мүмкін.

      19. Астана қаласының Туы (жалауша түрінде) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мереке күндері қалалық жолаушыларды тасымалдау көлігінің сыртын ресімдеу үшін қолданылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының
елордасы - Астана қаласының
рәміздерін сипаттау және
пайдалану тәртібіне  
1 қосымша       

(Қағаз мәтініне қараңыз)

Қазақстан Республикасының
елордасы - Астана қаласының
рәміздерін сипаттау және
пайдалану тәртібіне  
2 қосымша      

(Қағаз мәтініне қараңыз)