Астана қаласының жекелеген көшелеріне атау беру және қайта атау туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 19 мамырдағы N 63 Қаулысы және Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 27 мамырдағы N 97/15-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 9 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 536 болып енгізілді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына ,»"Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес, қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының 2008 жылғы 4 наурыздағы N 26, 2008 жылғы 11 сәуірдегі N 3 және 2008 жылғы 14 мамырдағы N 4 шешімдері негізінде Астана қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТI:

      1.»"Сарыарқа" ауданы бойынша:
      Қ. Жалайыри көшесі - Әлия Молдағұлова көшесі;
      Ә. Молдағұлова көшесі - Қоскөл көшесі болып қайта аталсын.

      2.»"Алматы" ауданы бойынша:
      40-19 көше - Шарль де Голль көшесі;
      23-12 көше - Райымбек батыр көшесі;
      74 көше - Қадырғали Жалайыри көшесі болып аталсын.

      3. Астана қаласы»"Алматы" және»"Сарыарқа" аудандарының әкiмдерi, "Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы департаменті" мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешiмдi iске асыру жөнiнде қажеттi шара қабылдасын.

      4. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және Астана қаласы мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі                     И. Тасмағамбетов

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       С. Богатырев

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы                                    В. Редкокашин