Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 24 сәуірдегі N 80/14-IV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2008 жылғы 12 мамырда нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 532 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!!!
      Шешімнің қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-ІІІ "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2005 жылғы 1 шілдеде N 395 тіркелген, 2005 жылғы 5 шілдеде N 90 "Астана хабары", 2005 жылғы 9 шілдеде N 103-104 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы шешіммен бекітілген Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен Әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесінде :

      13-тармақтағы "кедейшілік шегінен" деген сөздер "азық-түлік себетінің құнынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      Тізбе мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
      "16. "Астана қаласының түберкулезге қарсы диспансері" мемлекеттік мекемесінде диспансерлік есепте тұратын белсенді туберкулезбен ауыратын мұқтаж азаматтар.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы
      мәслихатының сессия төрағасы                   С. Богатырев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                           В. Редкокашин

      КЕЛІСІЛДІ:
      Астана қаласының
      жұмыспен қамту және
      Әлеуметтік бағдарламалар
      басқармасының директоры                        А. Алтыбаева