Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың, және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін қосып атқарушы ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 247 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 26 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5514 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымдардың, және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін қосып атқарушы ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 180 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009.08.05 N 181 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3. " Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесін бекіту туралы" Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 119 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5323 тіркелген), Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 29 қ азандағы N 164 " Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, және бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызмет түрлерін қ оса атқарушы ұйымдардың қызметін пруденциалдық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қ аулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5405 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқаратын ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу ережесі :
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Осы Ереже мақсаты үшін пайдаланылатын халықаралық қаржы ұйымдары болып, тізбесі "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысы 1-косымшамен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4486 тіркелген) белгіленген халықаралық қаржы ұйымдары түсіндіріледі. ";
       4-тармақта :
      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-1) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып);";
      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "13) ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" кем емес халықаралық рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы
қағаздар; ";
       1-қосымшада :
      кестеде:
      3-1 реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

3-1.

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар

0

                                                                  ";
      6 реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

6.

"Standard & Рооr's" агенттігінің "АА-"-тен кем емес халықаралық рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

0

                                                                  ";
      мынадай мазмұндағы 11-1 реттік нөмірлі жолмен толықтырылсын:
"

11-1.

"Standard & Рооr's" агенттігінің "А+"-тен "А-" дейінгі халықаралықрейтинг бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингтік бағасы бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

20

                                                                  ";
      мынадай мазмұндағы 20-1 реттік нөмірлі жолмен толықтырылсын:
"

20-1.

"Standard & Рооr's" агенттігінің "ВВВ+"-тен бастап "ВВВ-" дейінгі халықаралық рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтингтік агенттіктердің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтинг бағасы бар халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

50

                                                                  ";
      кестені толтыру жөніндегі түсіндірулерде:
      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Зейнетақы активтерін кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша саралау кезінде есепке осы Ережесінің 3-тармағына сәйкес уәкілетті орган таныған рейтингтік агенттіктерінің бірінің халықаралық шәкілі бойынша борыштық бағалы қағаздың ең жоғары рейтинг бағасы алынады .";
       3-қосымшаның 1 реттік нөмірлі жолындағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін " "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар, " деген сөздермен толықтырылсын ;
       6-қосымшада :
      мынадай мазмұндағы 8029-1 жолмен толықтырылсын:
"

8029-1

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)

                                                                 ";
      8033 реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

8033

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" кем емес халықаралық рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

                                                                  ";
       7-қосымшада :

       8-қосымшада :
      мынадай мазмұндағы 6-1 реттік нөмірлі жолмен толықтырылсын:
"

6-1.

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегеріп, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)

100

                                                                  ";
      19 реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

19

       9-қосымшада :
      мынадай мазмұндағы 6-1 реттік нөмірлі жолмен толықтырылсын:
"

6-1

Ықтимал шығындар бойынша резервтерді шегеріп, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын есепке ала отырып)

100

                                                                  ";
      19 реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

19.

Ықтимал шығындар резервтерін шегергендегі, "Standard & Poor's" агенттігінің "ВВВ-" кем емес халықаралық рейтинг бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар (негізгі борыш пен есептелген сыйақы сомаларын ескере отырып) халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздар

100

                                                                  ";
      4. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      5. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      6. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                        Е. Бахмутова