Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті жүзеге
асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы
Заңына
сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы
N 106
қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4468 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 13 желтоқсанда N 215 (1021) жарияланған; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4970 тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2007 жылғы 15 қарашада N 175 (1204) жарияланған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 106 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қыркүйектегі
N 111
қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында қолма-кол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесінде:
22 және 23-тармақтар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа
енгізіледі.
3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов СБ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Ә. Сәйденов
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі
Төраға Е. Бахмутова
2008 жылғы 30 желтоқсан