"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы N 1650 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 қаңтардағы
N 6
қаулысына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы
N 105
бұйрығына (2007 жылғы 25 сәуірдегі N 62 "Юридическая газета" газетінде және 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 62 "Заң газетінде" жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4590 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2008 жыл,
N 2
, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5062 болып тіркелген, "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 15 наурыздағы N 105 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 484 бұйрығымен өзгерістер енгізілген), "Жүргізуші куәлігінің және көлік құралдарын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2000 жылғы 27 қарашадағы N 644 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2008 жылғы 29 мамырдағы
N 202
бұйрығына (2008 жылғы 30 шілдедегі N 114 (1514) "Заң газетінде" жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5232 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақтың 2) тармақшасында "2009 жылғы 1 қаңтардан" деген сөздер "2009 жылғы 1 шілдеден" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (Ө.Т. Түсімов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін жіберуді және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министріне және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіне (Ө.Т. Түсімов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Мұхаметжанов