"Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі – уәкілетті орган) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес " Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер туралы ақпарат " нысаны (бұдан әрі - нысан) бекітілсін.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары ай сайын, есептіден кейінгі айдың оныншы жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға берілетін деректердің құпиялылығын және түзетілмейтіндігін қамтамасыз ететін криптографиялық қорғаныс құралдарымен алынған ақпаратты жеткізудің кепілдік берілген көлік жүйесін пайдаланып, нысанды электронды тасымалдағышпен береді.
Уәкілетті органның талап етуі бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сұрату алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей нысанды қағаз тасымалдағышпен береді.
Электронды тасымалдағышпен берілетін деректердің қағаз тасымалдағыштағы деректермен дәлме-дәлдігін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының бірінші басшысы немесе оның орнындағы адам қамтамасыз етеді.
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Қарақұлова Д.Ш):
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесе отырып, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова
Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2008 жылғы 28 қарашадағы
N 183 қаулысымен бекітілген
РҚАО-ның ескертуі!
2012.01.01 бастап нысанға өзгерту қарастырылған - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.03.29 № 50 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
Сақтандыру ( қайта сақтандыру )
ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен
мәмілелер туралы ақпарат нысаны
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының _______________________
(сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауы)
аффилиирленген тұлғаларымен мәмілелер туралы ақпарат
1. Са қ тандыру ( қ айта са қ тандыру) шартын жасау
N |
Сақтанушының /қайта сақтанушының атауы ( фамилиясы , |
Бизнес - сәйкестендіру нөмірі ( заңды тұлға үшін ), жеке сәйкестендіру нөмірі ( бар болған жағдайда ) жеке тұлға үшін )) |
Сақтандыру ( қайта сақтандыру ) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаға сәйкес жатқызылған тұлғаның белгісі |
Сақтандыру / қайта сақтандыру түрі |
Сақтандыру сыйлықақыларының сомасы |
Сақтандыру сомасы |
Сақтандыру тарифы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Жиынтық |
кестенің жалғасы
Сақтандыру ( қайта сақтандыру ) шарты бойынша комиссиялық сыйақы ( мың теңгемен ) |
Шарт жасау күні ( талаптарды орындау басталған күн ) |
Шарттың іс- қимылының аяқталған күні ( талаптарды орындау аяқталған күн ) |
Сақтандыру ( қайта сақтандыру ) шарты бойынша сақтандыру төлемдері сомасы |
Пайда алушының атауы ( фамилиясы , аты - жөні ) |
Сақтандыру |
Ескерту |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
2. Өзге операциялар
N |
Тұлғаның атауы ( фамилиясы , аты - жөні ) |
Бизнес - сәйкестендіру нөмірі |
Сақтандыру ( қайта сақтандыру ) ұйымымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаға сәйкес жатқызылған тұлғаның белгісі |
Операциялар түрі |
Валюталар түрі |
Шарт бойынша мәміле сомасы |
Шарт жасалған күн ( талаптарды орындау басталған күн ) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
кестенің жалғасы
Шарттың іс- қимылының аяқталған күні ( талаптарды орындау аяқталған күн ) |
Шарт талаптары бойынша қамтамасыз ету |
Төленетін сыйақы |
Сақтандыру |
Есепті күнгі ағымдағы қалдық |
Ескерту |
||
түрі |
құны |
сақтандыру |
сақтандыру ұйымы аффилиирленген тұлғаның пайдасы үшін |
||||
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын операцияларының әрбір түрі бойынша сомасы 200 ___ "__" _____ жағдай бойынша жиынтықты түрде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі, пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына сәйкес есептелетін нақты төлем қабілетсіздігі маржасы мөлшерінің 0,1 пайызынан аспайды, ________ мың теңге болады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларына есепті кезең ішінде жеңілдік талаптар жасалған жоқтығын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы осы ақпаратта көрсетілгеннен басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аффилиирленген тұлғаларымен басқа мәмілелер жасалған жоқтығын растайды.
Сақтандыру ( қайта сақтандыру ) ұйымы
басқармасының бірінші басшысы _____________________________________
( не оның орнындағы тұлға )
Бас бухгалтер ____________________________________
Орындаушы ________________________________________
Мөрдің орны :
Кесте толтыру жөніндегі нұсқаулар :
1) кестеде сақтандыру ( қайта сақтандыру ) ұйымымен оның аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын , сомасы , операцияларының әрбір түрі бойынша , Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының " Сақтандыру ( қайта сақтандыру ) ұйымының пруденциалдық нормативтер есебінің нормативтік мәні мен әдістемесі , пруденциалдық нормативтердің орындалғандығы жөніндегі есепті беру нысандары мен мерзімі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 87 қаулысына сәйкес тиісті есепті күнге есептелген нақты төлем қабілетсіздігі маржасы жиынтық мөлшерінің 0,1 пайызынан асатын барлық мәмілелер жөніндегі , оның ішінде , кестеде көрсетілген мәмілелер ( бірақ олармен шектелмей ) жөніндегі мәліметтер көрсетіледі ;
2) сақтандыру ( қайта сақтандыру ) шарты бойынша мәміленің сомасын анықтау кезінде сақтандыру сыйлықақыларының немесе сақтандыру төлемдерінің сомасын негізге алу қажет ;
3) егер өзге операциялар бойынша мәмілелердің шарттарында қамтамасыз ету немесе сыйақы төлемдері қарастырылмаса, онда 10),11) немесе 12), 13) бағандар толтырылмайды;
4) кестеде ағымдағы жылдың басынан бері жасалған мәмілелер туралы ақпарат көрсетіледі.
Сақтандыру ( қайта сақтандыру ) ұйымы
басқармасының бірінші басшысы _________________________
( не оның орнындағы тұлға )
Бас бухгалтер ____________________________________
Орындаушы ________________________________________
Мөрдің орны.