"Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 295 қаулысына толықтырулар мен өзгерісті енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау аАгенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 қарашадағы N 203 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5460 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы Ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 295 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4521 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      тақырыптағы "рұқсат беру" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ оларды тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақтағы "рұқсат беру" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ оларды тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру" деген сөздермен толықтырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерді ерікті қайта ұйымдастыруға немесе таратуға рұқсат беру ережесінде:
      тақырыптағы "рұқсат беру" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру" деген сөздермен толықтырылсын;
      кіріспесіндегі "рұқсат беру" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру" деген сөздермен толықтырылсын.";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Уәкілетті органға банкті ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтініш тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беруді жүзеге асырғаннан кейін беріледі.";
      мынадай мазмұндағы 2-1-тараумен толықтырылсын:

2-1-тарау. Тікелей төлем жасау арқылы не депозиттерге
міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын
басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың
депозиттерін қайтарып беру тәртібі

      7-1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оның ерікті таратылуы туралы шешім қабылдағаннан кейін банк тікелей оларды төлем жасау арқылы не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру жөнінде шаралар қабылдайды.
      7-2. Тікелей төлем жасау арқылы не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру жөніндегі дайындық іс-шараларына мыналар жатады:
      1) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша банк міндеттемесі сомасын анықтау;
      2) тікелей төлем жасау арқылы не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін болғалы отырған қайтарып беру жөніндегі хабарландыруларды кем дегенде екі республикалық мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялау;
      3) тікелей төлем жасау арқылы не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін болғалы отырған қайтарып беру жөніндегі хабарландыруларды банк клиенттерінің назарын аударатын көрнекті орынға орналастыру.
      7-3. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарым жасау және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке депозиттерді аударым жасау жөніндегі депозиторлардың өтінішін банктің таңдауы бойынша қабылдау рәсімі хабарландыру жарияланған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
      Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарым жасау депозиттерді қайтарым жасау туралы өтініш берілген күннен бастап үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады.
      Хабарландыру жарияланған күннен бастап жиырма күнтізбелік күн ішінде депозиторлардың жазбаша қарсылығының болмауы депозиторлардың депозиттерін аударым жасауға келісімі деп қаралады.
      7-4. Банк жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарым жасау рәсімінің мерзімі өткен күннен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзім ішінде депозиттерді аударым жасау жөнінде өтініш берген депозитор-жеке тұлғалардың, сондай-ақ депозитін алуға келмеген не алынған сыйақы сомасын көрсете отырып, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке депозитін аударым жасауға өтініш бермеген, салым бойынша депозиторлар есептеген және алған сыйақы сомасын көрсеткен депозитор-жеке тұлғалардың тізімдерін қалыптастырады және банктерге жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс жіберуді жүзеге асырады.
      Ұсыныста депозиттердің жалпы сомасы, оның ішінде депозиторлардың салым бойынша есептелген және алынған сомасы, сондай-ақ банктің филиалдары бөлігіндегі депозитор-жеке тұлғалардың жалпы саны көрсетіледі.
      Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға тілек білдірген банктер жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс жіберілген күннен бастап бес күн ішінде банкке жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға тілек білдіргендігі жөнінде еркін нысанда өтініш береді.
      7-5. Банк ұсыныс жіберген күннен бастап жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей, жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау жөнінде ұсыныс білдіргендігі туралы банкке еркін нысанда өтініш берген, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын және мынадай талаптарға сәйкес келетін банкті таңдауды жүзеге асырады:
      1) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын;
      2) уәкілетті органның депозиттер қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашатын және жүргізетін, қассалық операциялар жасайтын қолданыстағы лицензиясы бар;
      3) соңғы үш күнтізбелік ай ішінде пруденциалдық нормативтерді сақтайтын, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау сомасын ескеріп;
      4) уәкілетті органның банкке және (немесе) оның басшы қызметкеріне қолданған шектеулі ықпал ету шаралары мен санкциялары болмайтын;
      5) ерікті таратылатын банктің депозиторларына қызмет көрсететін филиалдары бар.
      7-6. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банкті таңдау туралы шешім уәкілетті органға келісуге жіберіледі.
      Уәкілетті орган құжат келіп түскен күннен бастап он күндік мерзімде жазбаша түрде банкке банк шешімін қарау қорытындысы туралы мәлімет жібереді.
      Уәкілетті орган жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасауға қатысты кез-келген ақпаратты сұрата алады.
      7-7. Жеке тұлғалардың депозиттерін, сондай-ақ тиісті құжаттарды (шарттарды және басқа құжаттарды) аударым жасау ерікті таратылатын банк пен депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын банктің арасында жасалатын жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шарттың және екі данада жасалған жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актінің негізінде банктің шешімін уәкілетті органмен келіскен күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      7-8. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісін ресімдеу кезінде онда мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) банктің жеке тұлғалар депозиттері бойынша аударым жасаған күнге міндеттемелерінің мөлшері;
      2) ерікті таратылатын банк филиалдары бөлігі шеңберіндегі мынадай ақпараты бар жеке тұлғалар-депозиторлардың тізімі:
      банктік жеке шот нөмірі;
      депозитордың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні;
      депозитордың жеке басын куәландыратын құжат нөмірі және оны берген мемлекеттік орган туралы мәлімет, берген күні;
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      депозитордың адресі, мекен-жайы;
      банктік шот және (немесе) банктік салым шартының жасалған күні және нөмірі, шарттың қолданылу мерзімі;
      салым бойынша сыйақы ставкасы;
      депозит сомасы және депозитор есептеген және алған салым бойынша сыйақы сомасы;
      3) жіберілетін істердің (құжаттардың) саны.
      7-9. Ерікті таратылатын банк жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасауға байланысты барлық шығыстарды мойнына алады және жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау күнін қосқандағы депозиттер бойынша сыйақыны есептейді.
      7-10. Ерікті таратылатын банк жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісіне қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күні аралығында депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органына жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісінің көшірмесін және жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шартты жібереді.
      7-11. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, жеке тұлғалардың депозиттері аударым жасалған банк бір ай мерзім ішінде депозиттері оған жіберілген жеке тұлғалардың банктік шот және (немесе) банктік салым шартын жасайды.
      7-12. Ерікті таратылатын банк жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау жөніндегі ақпаратты республикалық мерзімдік баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды.
      7-13. Жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдаған банктің ұсынысы бойынша жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шарт бұзылған жағдайда осы банк:
      1) ерікті таратылатын банктің жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты шығыстарын өтейді;
      2) жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісі бойынша
осының алдында қабылданған депозиттер сомасын және тиісті құжаттарды
қайтарады.";
      8-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) жеке тұлғалардың депозиттерін аударым жасау туралы шарттың көшірмесін және депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке беретін жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау-өткізу актісін;";
      10-тармақта: 2) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) тікелей төлем жасау арқылы не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аударым жасау жолымен жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарып беру жөніндегі шараларды қабылдамаса.".
      2. Осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Банктерді қадағалау департаменті (Бөбеев М.С.):
      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттіктің Төраға Қызметі (Кенже А. А.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б.Қожахметовке жүктелсін.

       Төрайым                                     Е. Бахмутова