Техникалық талаптарды және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 636 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 31 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5454 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 651-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес техникалық талаптар және бақылау-кассалық машиналар нысанына сәйкес техникалық талаптар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұдан кейін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады .

       Министр                                           Б. Жәмішев

                            Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
                               2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 636
                                       бұйрығына қосымша

             Техникалық талаптар және бақылау-кассалық
      машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысаны
   ______________________________________________________
         (бақылау-кассалық машиналар үлгілерінің атауы)

N р/с

Компьютерлік жүйе болып табылмайтын бақылау-кассалық машинаға (бұдан әрі - БКМ) техникалық талаптар

БКМ үлгісінің техникалық мінездемелері негізгі техникалық талаптарға сәйкестілігі жөніндегі мәліметтер

Ескерту


Жалпы талаптар

Осы графаны толтыруға зауыт-жасап шығарушы сөзсіз құжаттамадағы бетін нұсқаумен құжаттаманың мәліметтері қолданылады.


1

БКМ жеткізу жиынтығына кiретiн бағдарламалық паролі мен (кемінде төрт дәреже) немесе нөмірлік кілттер (кемінде 99 нұсқа) (кілттердің саны нақты моделімен анықталады).



2

сатып алуды (сатуды) тіркеу кезінде біртұтас жұмыс айналымында бақылау және чек таспаларын ресімдеуді қамтамасыз ету (электрондық журналды).



3

фискалдық жады бар болуы.



4

таспаның жоқтығы, кассирдің операцияны дұрыс орындамау жағдайында, апатты жағдайлардың пайда болуы немесе қайтару (өткізілген операцияларды жою) кезінде, фискалдық немесе жедел жады жарамсыздығы, сөнуі, сондай-ақ БКМ-нің фискалдық режимінде жұмыс істеуі кезінде фискалдық немесе жедел жадына рұқсатсыз қол жеткізу кезінде БКМ оқшаулауды қамтамасыз ету.



5

фискалдық жады аса толып кетуі кезінде сауда операцияларын ресімдеудің және бақылау чегін берудің алдын алу.



6

төрт белгіден кем емес басты Z-есеп беруінің разрядтылығының болуы.



7

1 айдан кем емеске (720 сағат) желілік қоректендіруді үзіп тастау кезінде БКМ-ның жедел еске сақтау құрылысына БКМ ақпаратты сақтауды қамтамасыз ету.



8

жұмыстың негізгі режимдерінің бағдарламалауын қамтамасыз ету.



9

автоматты тестілеу болуы.



10

оны бақылаусыз алып тастауды болдырмайтын қаптамамен жабдықталуы және өндіруші-зауытпен немесе техникалық БКМ-нің қызмет көрсетуін өткізетін тұлғамен пломбаның салынуы.



11

басуға және индикациялауға шығарылатын ақпарат, клавиатурадағы белгілеулер және ақпаратты тіркеу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде болуы тиіс.




БКМ-ді таңбалауға талаптар



12

БКМ-ның мынадай ақпараттан тұратын таңбалауы болуы тиіс:




1) моделінің атауы




2) зауыт нөмірі




3) шығару күні




4) шығарушының фирмалық таңбасы.
Бұл ретте БКМ моделінің атында, сондай-ақ БКМ-нің осы моделіне арналған пайдалану құжаттамасында көрсетілетін, Қазақстан Республикасының тұтынушыларына арналған "KZ" айырмашылық таңбасы болуы тиіс.



13

БКМ-нің қызмет ету мерзімі ішінде таңбаны салу әдісі оның сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.




БКМ қалыптастыратын чектерге және өзге құжаттарға талаптар



14

БКМ мынадай құжаттарды қалыптастыруды қамтамасыз етуі тиіс:




1) БКМ-нің чегі




2) фискальдық есеп (қысқаша және толық);




3) кассирлер бойынша есеп




4) секциялар бойынша есеп




5) ауысымғы (тәуіліктік) есеп.



15

БКМ мына бақылау чектерінде мөрді қамтамасыз етуі тиіс:




1) салық төлеушінің атауы




2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі




3) БКМ-нің зауыт нөмірі




4) тіркеу нөмірі




5) чектің реттік нөмірі




6) тауар, жұмыс, қызметтің атауы




7) тауарларды сатып алудың, жұмысты орындаудың, қызмет көрсетудің күні мен уақыты




8) тауардың, жұмыстың, қызметтің бағасы




9) сатып алудың сомасы




10) фискалдық белгі




11) Валюта айырбастау, металдар сынығын, шыны ыдысты қабылдау, ломбардтарға қолданылатын БКМ бақылау чегінде сату, сондай-ақ сатып алулар сомасы туралы ақпаратты басып шығаруды қамтамасыз етуі қажет.




12) БКМ-нің 2009 жылдың 1 қаңтарынан кейін қосылған мемлекеттік тізілімге БКМ моделдері, осы тармақта көрcетілген деректемелерді бақылау чегінде басып шығаруды, соның ішінде қазақ тілінде қазақ тілінің ерекше әріптерінің қолдануымен қамтамасыз етуі тиіс.



16

ФЖ есеп беру үлгісі және оны алу үшін іс-әрекеттердің дәйектілігі БКМ нақты модельіне пайдалану құжаттамасында көрсетілуі тиіс.



17

ФЖ есебін алу мыналардан тұрады:




1) ФЖ-ға енудің қолданыстағы (бұрын белгіленген) паролін енгізу;




2) бастапқы күнді енгізу (немесе ол үшін ФЖ есебі алынатын кезең ауысымын жабудың бастыпқы нөмірі);




3) ол үшін ФЖ есебі алынатын кезеңнің соңғы күнін енгізуі (немесе ауысымды жабудың соңғы нөмірі);




4) ФЖ есеп беруі түрінің белгісін енгізу (толық немесе қысқартылған).



18

Жалпы жағдайда ФЖ-да нақты тіркелгеннен әдейі үлкен кезең берілуі мүмкін.



19

ФЖ есеп беруі мынадай деректемелерден тұрады:




1) қолданушының атауы




2) фискалдық белгі




3) құжаттың өтпелі реттік нөмірі;




4) есеп беруді алу күні




5) есепті алу уақыты




6) ол үшін есеп беру қалыптастырылатын кезең




7) зауыт нөмірі




8) фискальдау (парольді қоспағанда) деректемелері




9) өткізілген қайта тексерудің (парольді қоспағанда) деректемелері




10) ауысымды жабудың нақты қорытындысы мен нөмірін тіркеу күнін көрсете отырып кезең үшін ауысымғы сатып алулардың (сатудың) барлық қорытындысы




11) кезең үшін сатып алулардың (сатулардың) жиынтық қорытындысы.



20

Фискальдық жадта тіркелетін ақпаратқа талаптар осы Талаптарға қосымша 1-Кестесінде толтырылады




Жұмыс режиміне және фискальдық жадты толтыру тәртібіне талаптар.



21

БКМ фискальдық емес және фискальдық режимдердегі жұмысты қамтамасыз етуі тиіс.



22

БКМ фискальдау ФЖ-ға ену паролін енгізгеннен кейін жүргізіледі. ФЖ-ға ену енудің алғашқы паролі және фискальдау мен қайта тіркеуді өткізу тәртібі БКМ-нің нақты модельіне пайдалану құжаттамасында көрсетілуі тиіс.



23

Фискальдық режим пайдалану құжаттамасына сәйкес толық БКМ жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.



24

Фискальдық режимдегі БКМ ресімдеген барлық құжаттарда бақылау чегін қалыптастыруды аяқтау бойынша ғана баспаға шығарылатын айрықша фискалдық белгі болуы тиіс.



25

БКМ мынадай деректерді енгізуді қамтамасыз етуі тиіс:




1) БКМ зауыт нөмірі (егер БКМ-нің зауыт нөмірі дайындаушы зауыттағы ФЖ-ға енгізілсе, онда фискальдау кезінде ол енгізілмейді)




2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі




3) фискализацияны өткізу күні




4) фискалдық жадқа енудің жаңа паролі




5) БКМ-нің тіркеу нөмірі.



26

Бұл ретте, БКМ төменде келтірілген аббревиатураларға сәйкес Талаптардың 25-тармағында көрcетілген деректерді енгізуді қамтамасыз етуі тиіс:




1) МЗН - БКМ зауыт нөмірі




2)СТН - салық төлеушінің тіркелу нөмірі




3) МТН - салық органындағы БКМ тіркеу нөмірі




4) ФЖ - БКМ фискалдық белгісі.



27

БКМ қайта тіркеу процесінде мынадай деректерді енгізуді қамтамасыз етуі тиіс:




1) ФЖ-ға енудің бұрын белгіленген паролі;




2) БКМ-нің тіркеу нөмірі




3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі




4) қайта тіркеуді өткізудің күні




5) фискалдық жадқа енудің жаңа паролі.



28

Фискальдау немесе қайта тіркеу кезінде барлық енгізілетін деректемелер (Фискалдық жадыға ену паролінен басқа) чекте немесе астына салынатын (салынатын) құжатта басуда шығуы тиіс.



29

Ауысымдық есеп берудің деректері ауысымды жабудың операцияларын өткізу кезінде (Өтеумен ауысымдық есеп беруді БКМ қалыптастыруы кезінде) фискалдық жадыда тіркелуі тиіс.
Бұл ретте жедел есте сақтау құрылысы ауысымдық ақша тіркеушілерін нөлдеу фискалдық жадыға деректерді тіркеуді аяқтаудан және ауысымдық есеп беруді басудан кейін ғана болуы тиіс.



30

Фискалдық жады есеп беруін есептен шығару, қайта тіркеуді өткізу операциялары және күндерді түзету ауысымды жабу операцияларын аяқтау бойынша ғана БКМ-да жүргізілуі мүмкін. Осы сәтке дейін жоғарыда көрсетілген операцияларды жүргізу жабылуы тиіс.



31

БКМ ауысымның ұзақтығын бақылауы тиіс.
Ауысымның ұзақтығын есеп берудің басталу сәті деп ауысым үшін бірінші төлем құжатын ресімдеуді аяқтау саналады.
БКМ ауысымның көрсетілген ұзақтығынан асуы жағдайында өтеумен ауысымдық есеп беруді жүргізуге дейін төлем құжаттарын ресімдеу мүмкіндігін жабуы тиіс.



32

Ағымдағы күнді түзету кезінде БКМ енгізілетін күннің дұрыстылығын бақылауы тиіс, ол фискальдау немесе қайта тіркеу операцияларын жүргізудің күнін қоса ФЖ-ға соңғы жазбаның күніне қарағанда ертерек болуы мүмкін емес.
Ертерек күнді енгізуге тырысу кезінде БКМ дұрыс күнді енгізуге дейін барлық операцияларды жүргізуді жабуы тиіс.
Үлкен жағына бір күннен астамыраққа енгізу кезінде БКМ-да енгізудің кездейсоқ қатесін болдырмау жөніндегі арнайы іс-шаралар қабылдануы тиіс, мысалы, күнді қайта сұрату және оны екі реттік сәйкес келуден кейін ғана орнату.



33

БКМ фискалдық жадыға есеп беруді алуды және фискалдау немесе қайта тіркеу процесінде фискалдық жадыда енгізілетін және тіркелетін фискалдық жадыға ену паролі бойынша ғана қайта тіркеуден өткізуді қамтамасыз етуге жатады.



34

Фискалдық жады блогында тіркелген ақпарат, БКМ-нің фискалдық режимге аударылған мезгілден бастап кемінде 8 жылы сақталуы тиіс.




БКМ операцияларды бұғаттау шарттарына талаптары



35

БКМ мынадай жағдайларда операцияларды орындауға бұғаттауы (тоқтатуы) тиіс:




1) фискалдық жадыға дұрыс емес ену паролін енгізу кезінде;




2) сауда операцияларын өткізу, БКМ параметрлерін бағдарламалау, тиісті Z-есеп берулерін өткізбеу жағдайында күнді түзету және фискальдық есеп беруді есептен шығару, қайта тіркеуге тырысу кезінде;




3) толып кетуге немесе теріс нәтижеге алып келетін операцияларды өткізу кезінде, сондай-ақ, фискалдық жадының ақаулығы немесе үзіп тастауы кезінде. БКМ-ның тіркеуші функцияларын бұғаттау бұғаттауды тудыратын себептерді жоюдан кейін алынуы тиіс.



36

БКМ ауысымдық есеп берулерді жазу үшін ФЖ-ға бос өрістердің саны туралы хабарламаны шығаруды қамтамасыз етуі қажет. 30 шығарулардан кем емес еркін сандар кезінде хабарлау қатаң міндетті және ауысымның жабылуы немесе басталуы операциялары кезінде БКМ ресімдейтін құжатта автоматты түрде жүзеге асырылуы тиіс.




БКМ конструкивті орындауға талаптар



37

Фискалдық жады БКМ пломбаланған жалпы қаптаманың астында, ал БКМ-ның блоктық конструкциясы жағдайында фискальдық деректері, фискалдық жады басқару процессоры және төлем құжаттарының басу құрылғысы қалыптасатын энергияға тәуелсіз жедел сақтайтын құрылғыны жабатын, пломбаланған қаптаманың астында орналастырылуы мүмкін.



38

Фискалдық жады немесе фискалдық жады блогы жеке модуль (төлем) түрінде орындалуы тиіс. Бұл модульдың конструкциясы фискалдық жадыны (фискалдық жады блогын) ауыстыру және ақпаратты фискалдық жадыда сақтауға енудің мүмкін еместігін қамтамасыз етуі тиіс.



39

Фискальдық жадтың конструкциясы (фискалдық жады блогы) БКМ-мен жұмыс кезінде, және штаттық аспаптарды, жабдықты және шығыс материалдарын қолданумен техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде де механикалық, электромагниттік және басқа да әсер етулерден қорғауды көздеуі тиіс.




БКМ-на қосымша талаптар



40

БКМ-да фискальдық деректерді сақтауды тексерудің режимі көзделуі тиіс.
Режимді өткізу тәртібі БКМ-нің нақты моделіне пайдалану құжаттамасында көрсетілуі тиіс.



41

БКМ-ын жасап шығарушы техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын тұлғаның апатты жағдайлардағы басқа техникалық құралдарға ФЖ мазмұнын салық қызметі органдарының қызметкері оқу мүмкіндігін БКМ авариясы кезінде алдын ала қарастыруы тиіс. Осы жағдай үшін ФЖ мазмұнын оқу тәртібі Касса машинасының нақты моделіне жөндеу құжаттамасында көрсетілуі тиіс.




БКМ үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге талаптар



42

БКМ-нің нақты тобы үшін техникалық талаптарға сәйкес функцияларды толық іске асырумен бірге БКМ пломбалауын бұзбастан мыналардың мүмкіндігін болдырмауы тиіс:




1) тұтынушының фискалдық жадыға ақпаратты тіркеуді және оқуды басқаратын сол өз бөлігіндегі өзгертуі




2) энергияға тәуелсіз есте сақтайтын құрылғыда фискальдық деректерді қалаптастыру




3) фискальдық режимнің айыру белгісін құжаттарға шығару




Ескерту:
*) Деректемелер толық фискальдық есеп беруді алу кезінде ғана шығарылады.
**) Егер, ол үшін фискальдық есеп беру алынатын кезеңде ондық нүктенің ережесі өзгерсе, қорытынды қайта есептелуі тиіс және әрбір кезең бойынша жинақталады (ондық нүктенің ережелері өзгергенге дейін және кейін).




Техникалық талаптар БКМ-ге, болатын компьютерлік жүйелермен

Пайдалану жөніндегі басшылықта тиісті техникалық мінездемелердің болуы жөніндегі мәліметтер

Ескертулер

43

БКМ-да "салық инспекторының жұмыс орны" модулі іске асырылуы тиіс



44

"салық инспекторының жұмыс орны" модулі оның қолдану бойынша нұсқаулықтың бар болуын (қалыптасуын) алдын ала қарастыруы қажет



45

"салық инспекторының жұмыс орны" модулі ақшалай есеп-айырысумен байланысты, БКМ-нің барлық операцияларының түзетілмейтін энергияға тәуелсіз сақтауды қамтамасыз етуі тиіс



46

"салық инспекторының жұмыс орны" модулі мына есептердің қалыптасуын, Excel қалпына және басып шығаруға қамтамасыз етуі тиіс:




1) X есеп - (аралық есеп) - ауысымның басы және есепті алу сәтіндегі кассаның қалдығы, күніне қызметтік кіріс және шығысы (инкассация), түсулердің және ақшалай қаржыларды сомалары туралы міндетті мәліметтер бар болуы тиіс, есепті алу кезіндегі кассаның жағдайы туралы есеп. Есеп кассалар, кассирлар, есептік-кассалық бөлімдердің кесімінде қалыптасуы тиіс.




2) Кезең үшін фискалдық есеп – белгілі мерзім ішінде жасалған операциялар бойынша ақша қаражаттар сомалары туралы есеп




3) қосымша есептер - операциялар, кассалар (кассирлар), валюталар бойынша есептер




4) есептер журналы – алдыңғы алынған фискалдық есептер бойынша есеп



47

"салық инспекторының жұмыс орны" модуліне бастапқы кіру кезінде салық инспекторының логин және паролін енгізу және БКМ фискалдық деректеріне қол жеткізу үшін крипто-кілттің қалыптастыруы болуы тиіс.
"салық инспекторының жұмыс орны" модуліне кейінгі кіру тек қана қалыптасқан крипто-кілттің және салық инспекторының енгізілген логин және паролі көмегімен қамтамасыз етілуі тиіс - кілт.



48

фискалдық деректеріне қол жеткізу үшін крипто-кілттің қалыптастыруы кезінде БКМ қолданылатын, алгоритмдер, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес сертификатталған болуы тиіс.



49

БКМ бақылау чегі (компьютерлік жүйелер болып табылатын, банктер мен банктік операциялардың жеке түрлерін орындайтын ұйымдармен қолданылатын БКМ қоспағанда) бақылау чегіндегі мөрді қамтамасыз етуі тиіс:




1) салық төлеушінің атауы




2) салық төлеушінің тіркеу нөмірі




3) БКМ-нің зауыт нөмірі




4) тіркеу нөмірі




5) чектің реттік нөмір




6) операция, тауар, жұмыс, қызметтің атауы




7) тауарларды сатып алудың, операцияны іске асырудың, қызметтерді көрсетудің күні және уақыты




8) операция, тауар, қызметтің, жұмыс сомасы




9) тауар, жұмыс, қызметтің жалпы құны




10) осы тармақта көрcетілген деректемелер, соның ішінде қазақ тілінде қазақ тілінің ерекше әріптерінің қолдануымен қамтамасыз етуі тиіс



50

Компьютерлік жүйелер болып тпбылатын, банктер мен банктік операциялардың жеке түрлерін орындайтын ұйымдармен қолданылатын БКМ бақылау чектері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіп Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен орнатылған нысандар мен мазмұнына сәйкес болуы тиіс.



                                                      1 кесте

         Фискалдық жадта тіркелетін ақпаратқа талаптар

Жазба түрі

Деректемесі

Ондық разряд деректемелерінің разрядтылығы

Жазба саны

Талаптың орнатылуы

Жасап шығарушы зауыт құжаттамасында көрсетілген мәліметтер

Орнатылған талаптар

Жасап шығарушы зауыт құжаттамасында көрсетілген мәліметтер

Нөмір

БКМ зауыт нөмірі

12


1


БКМ фискализациясы

БКМ тіркеу нөмірі
БКМ үшін қолданушы СТН-і
Фискализация күні
Жаңадан тіркеуін жүргізу және
фискалдық есепті алу үшін пароль

8
12
6
8



 

1


БКМ жаңадан тіркеу

БКМ тіркеу нөмірі
БКМ үшін қолданушы СТН-і
Жаңадан тіркеу күні
Ауысымды жабудың соңғы нөмірі
Жаңадан тіркеуін жүргізу және фискалдық есепті алу үшін пароль

8
12
6
4
8



 

 
1


Ауысымды жабу

Есеп күні
Ауысымды жабу нөмірі
Ауысымдық сатып алулар қорытындысы
Ауысымдық сатудың қорытындысы

6
4
7
 
7



  
 

3000


 
 

 

Қызметтік ақпарат (міндетті)

Жазбалардың бақылау сомалары
ФЖ-де тіркелетін қорытынды
мәндеріндегі үтірдің орналасу орны
Қызметтік индекстер, белгілер, тулар

Жасап-шығарушы мен анықталады




* Деректемелер валюта айырбастау, металлдардың сынығын, шыны ыдысты қабылдау пунктері, ломбардтар үшін Касса машиналарына жатады.

Көрсетілген деректерді физикалық сақтау фискалдық жады блогында жүзеге асырылуы тиіс.