"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 23 қазандағы
Заңын
іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және банктің, банктік холдингтің ірі қатысушыларына және банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы
N 42
қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4154 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулыда:
атуы мынадай редакцияда жазылсын:
""
Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингіне және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банк конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесін бекіту туралы
"";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингіне және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банк конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесі бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банктік холдингке және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және банктің, банктік холдингтің ірі қатысушыларына және банктік конгломераттың құрамына кіретін ұйымдарға мәжбүрлеу шараларын қолдану ережесінде:
атуы мынадай редакцияда жазылсын:
"
Екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингіне және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банк конгломераттың құрамына кіретін заңды тұлғаларға қатысты шектеулі ықпал ету шараларын және ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілері бар тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне немесе банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын қолдану
ережесі
";
мәтін бойынша "кіретін ұйымдарға", "кіретін ұйымдардың", "кіретін ұйымдар", "кіретін ұйымдардан", "кіретін ұйымдармен" деген сөздер сәйкес "кіретін заңды тұлғаларға", "кіретін заңды тұлғалардың", "кіретін заңды тұлғалар", "кіретін заңды тұлғалардан", "кіретін заңды тұлғалармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
кіріспеде "шектеулі ықпал ету шараларын және" деген сөздерден кейін "ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иемденетін тұлғаларға, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын, "мәжбүрлеу шараларын" деген сөздердің алдындағы "ұйымдарға" деген сөз "заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақта:
сегізінші абзац "негізге ала отырып" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ Заңда көзделген уәкілетті органның басқа талаптарын орындамағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы және жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иемденетін тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушысына, банк холдингіне және олардың аффилиирленген тұлғаларына, банктерге, ұйымдарға, ипотекалық ұйымдарға, банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғаларға қолданылған ықпал ету шаралардың, санкциялардың, мәжбүрлеу шаралардың болуын;
банк оның нәтижесінде бұзушылық жасаған және (немесе) банкке зиян келтірілген немесе келтірілуі мүмкін болған ірі қатысушының немесе банк холдингі белгілерін иемденетін тұлғалардың, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының, банк холдингінің, банк конгломератының құрамына кіретін заңды тұлғалардың тұрақсыз қаржылық жағдайын;";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
8.
Жазбаша келісім банк қызметінде күрделі қаржылық нашарлау байқалған жағдайларда жасалады, яғни егер оларды жөндеу бойынша тиімді үйлестірілген шаралар қабылданбаса және (немесе) банктің қаржылық тұрақтылығын өсіру, оның қаржылық жай-күйін нашарлауға және банктік қызметпен байланысты тәуекелдерді өсіруге жол бермеу бойынша ертерек ден қою шараларын көздейтін банктің іс-шараларының жоспары және (немесе) Заңның 45-бабында көзделген уәкілетті органның талаптарына сәйкес ертерек ден қою шаралары орындалмаса немесе орындалуы уақтылы емес болса, жағдайы тез нашарлауы мүмкін.";
9-тармақтың бірінші сөйлемінде "атқарушы органы" деген сөздерден кейін ", жеке тұлға болып табылатын банктің ірі қатысушысы" деген сөздермен толықтырылсын;
18-тармақтың бірінші абзацында "45-бабында" деген цифр мен сөз "45-бабының 2-тармағында" деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;
7-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
7-тарау. Ірі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иемденетін тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғаларға қолданылатын мәжбүрлеу шаралары
";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"
24. Уәкілетті орган
мәжбүрлеу шараларын
Заңның 47-1-бабында көзделген жағдайларда і
рі қатысушы немесе банк холдингі белгілерін иемденетін тұлғаларға, сондай-ақ банктің ірі қатысушыларына, банк холдингтеріне және банк конгломераты құрамына кіретін заңды тұлғаларға қолданады.";
25-тармақ "банктік холдинг," деген сөздерден кейін "не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иемденетін тұлға, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
26-тармақтың бірінші және екінші сөйлемдері "
банктік холдингке,"
деген сөздерден кейін
"не банктің ірі қатысушысына, банк холдингі белгілерін иемденетін тұлғаға, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
27-тармақтың
бірінші, екінші абзацтары "
банктік холдинг,
" деген сөздерден кейін
"не банктің ірі қатысушысы, банк холдингі белгілерін иемденетін тұлға, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын;
28-тармақ
"
банктік холдингтің,
" деген сөздерден кейін
"не банктің ірі қатысушысының, банк холдингі белгілерін иемденетін тұлғаның, сондай-ақ" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбеллік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Банктерді қадағалау департаменті (М.С. Бөбеев):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жеткізсін.
4. Агенттік Төрайымының Қызметі
(А.А. Кенже)
осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова