Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған салықтық есепке алу саясаты нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 619 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5438 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 335 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.06.28 № 335 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011.01.01 бастап туындайтын қатынастарға қолданылады) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 56-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін, шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған салықтық есепке алу саясаты нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Ерғожин Д.Е.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін және кейінгі бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға қолданылады.

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы Министрі                                     Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің      
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 619 бұйрығына қосымша  

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін,
шаруа және фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін
қолданатын салық төлеушілерге арналған салықтық есепке алу
саясаты

__________________________________________________________________
              (Салық төлеушінің аты-жөні/атауы)
 
1. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН-і) ________________________
2. Жеке немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі
(ЖСН/БСН) ол бар болғанда ________________________________________
3. Жүзеге асыратын қызметтің түрі ________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
4. Қосылған құн салығын есепке жатқызу әдісі (ҚҚС) _______________
__________________________________________________________________
                  (бөлек есептеу, барабарлық)