Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 599 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5426 болып енгізілді.

Жаңартылған

      2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабы 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес :
      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитеті (Д.Е. Ерғожин):
      1) алкоголь өнімдерін, темекі бұйымдарын өндірушілер мен импорттаушылардың назарына есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларға ақша аудару үшін "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкноттық фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының есеп шоттарын пайдалану туралы жеткізсін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Алкоголь өнімдеріне (сырадан басқа), темекі өнімдеріне және құрамында темекi бар өзге де бұйымдарға арналған акциздік алым таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының м.а. 2003 жылғы 20 наурыздағы N 134 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылы 25 сәуірде N 2242 болып тіркелген; "Официальная газета" газетінде 2003 жылғы 4 сәуірдегі N 40 (145) жарияланған);
      2) "Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын алу, есепке алу, сақтау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 7 желтоқсандағы N 622 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 13 желтоқсанда N 3259 болып тіркелген; "Официальная газета" газетінде 2005 жылғы 5 ақпандағы N 6 (215) жарияланған).
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан пайда болатын қатынастарға қолданылады.

       Қазақстан Республикасы
      Қаржы Министрі                                   Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы  
Қаржы министрінің    
2008 жылғы 23 жетоқсандағы
N 599 бұйрығымен бекітілген

Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды
алу, есепке алу, сақтау және беру ережесі

      Ескерту. Мәтін бойынша «шарттарға» және «келісім-шартының» деген сөздер сәйкесінше «келісімдерге (келісім-шарттарға)» және «келісімінің (келісім-шартының)» деген сөздерімен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010.09.17 N 462 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. «Осы Ереже (шарап материалдары мен сыраны қоспағанда) алкоголь өніміне (бұдан әрі - алкоголь өнімі) арналған есепке алу-бақылау таңбаларын, сондай-ақ темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру тәртібін реттейді.
      Есепке алу-бақылау таңбаларын алушылар:
      1) алкоголь өнімінің өндірісі саласында қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      2) алкоголь өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттайтын заңды Қазақстан Республикасы резидент-тұлғалар.
      Темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбаларды алушылар Қазақстан Республикасында темекі өнімдерін өндіру және (немесе) импорттау қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010.09.17 N 462 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      2. Алкоголь өнімін немесе темекі бұйымын таңбалауға арналған есепке алу-бақылау таңбалары немесе акциздік таңбалар облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық органдарында (бұдан әрі - салық органдары) беріледі.
      3. Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды жасап шығаруды, оларды салық органдарына жеткізуді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетімен (бұдан әрі – Комитет) жасасқан келісімдерге (келісім-шарттарға) сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкноттық фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - жеткізуші) жүзеге асырады.
      4. Алушылармен сатып алынған есепке алу-бақылау таңбалары немесе акциздік таңбалар иеліктен алынбайды және де өзге жеке және заңды тұлғаларға берілмейді.
      5. Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды салық органдарында сақтау есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды сақтауға, беруге және есепке алу-бақылау таңбаларына штрих-код жапсыруға арналған жұмыс аймақтары бар, өртке қарсы және күзет дабылы бар үй-жайларда жүзеге асырылады.

2. Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды
алу үшін тапсырысты орналастыру тәртібі

      6. Салық органдары жаңа күнтізбелік жыл келгенге дейін 45 (қырық бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей алушылардан қағаз және электрондық жеткізгіштерде осы бұйрыққа 1, 1-1-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды шығаруға өтінімдерді (бұдан әрі - өтінімдер) жинауды қамтамасыз етеді.
      Алушылар өтінімді белгіленген мерзімнен кейін берген жағдайда, өтінім есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды алу жоспарланып отырған айдың 1 күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде, әрбір ай бойынша бөлініп беріледі.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010.09.17 N 462 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      7. Алкоголь өнімі мен темекі бұйымдарын импорттайтын алушылардан өтінімдерді қабылдау, соның негізінде акцизделетін өнімдердің осы түрлерін әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда келісімінің (келісім-шартының) нотариалды куәландырылған көшірмесі көрсетілген кезде жүргізіледі.
      Аталған құжаттар Комитетке және салық органдарына беріледі.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010.09.17 N 462 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен. 
      8. Алушылар бұрын берілген өтінімге есепке алу-бақылау таңбалары немесе акциздік таңбалар түрлері мен саны бөлігінде өзгерістер мен толықтыруларды тиісті салық органдарына есепке алу-бақылау таңбалары немесе акциздік таңбалар алу жүзеге асырылған айдың 1 күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей береді. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін өтінімге өзгерістер мен толықтырулар қабылданбайды.
      Алушылардың берген өтінімдері келесі жылға тасымалданбайды.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010.09.17 N 462 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      9. Комитет жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін 40 (қырық) күнтізбелік күннен кешіктірмей жеткізушіге есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды жасауға жиынтық өтінім береді.
      10. Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды жасап шығарғаны үшін есеп айырысуды алушылар есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды алған айдың 1 күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірілмейтін мерзімде, әрбір ай бойынша жеке, олардың өтініміне сәйкес жеткізушінің есеп шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі.

3. Жеткізушінің есепке алу-бақылау таңбаларын
немесе акциздік таңбаларды беру тәртібі

      11. Жеткізуші есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды салық органының бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған материалдық-жауапты тұлғасына (бұдан әрі – салық органының материалдық-жауапты тұлғасы) береді.
      12. Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды беру кезінде екі жақпен қол қойылатын екі данада жүкқұжат толтырылады. Жүкқұжаттың бір данасы салық органдарына беріледі.
      Бұл ретте, көрсетілген жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:
      1) есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың берілген күні;
      2) есепке алу-бақылау таңбаларының сериясы, нөмірлер диапазондары және саны немесе акциздік таңбалардың түрлері мен саны.

4. Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе
акциздік таңбаларды алушыларға беру тәртібі

      13. Алушылар алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын алу мақсатында салық органдарына осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау таңбаларына штрих-код жапсыру үшін өтінішті қағаз және электрондық жеткізгіштерде береді.
      14. Салық органдарында алушыларға алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын салық органының материалдық-жауапты тұлғасы есепке алу-бақылау таңбаларына тиісті штрих-код жапсырғаннан кейін және есепке алу-бақылау таңбаларына штрих-код жапсыру үшін өтінішке есепке алу-бақылау таңбалары нөмірлерінің диапазондарын таңуды жүзеге асырғаннан кейін есепке алу-бақылау таңбаларына штрих-код жапсыру үшін өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.
      Салық органдарында алушыларға темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбаларды салық органының материалдық-жауапты тұлғасы акциздік таңбаларды алуға осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық жеткізгіштерде өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.
      15. Алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбаларды алу үшін алушы салық органдарына мынадай құжаттарды береді:
      1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық жеткізгіштерде есепке алу-бақылау таңбаларын алуға өтініштің түпнұсқасы;
      2) алушының қызметкерінің атына берілген алушының бірінші басшысы мен бухгалтері қол қойған, мөрімен куәландырылған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды алуға сенімхаттың түпнұсқасы;
      3) есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды алушы тұлғаны жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі;
      4) есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды алушы қызметкердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      5) алкоголь өнімін кеден одағының мемлекет-мүшелердің аймақтарынан әкелінген кезде алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада сатуға берілген лицензияның көшірмесі немесе кеден одағының мүшесі емес мемлекеттердің аймақтарынан алкоголь өнімін әкелінген кезде алкоголь өнімін импорттауға берілген лицензияның көшірмесі;
      6) акциздерді төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы;
      7) есепке алу-бақылау таңбалары немесе акциздік таңбалары үшін төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010.09.17 N 462 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      16. Импортталатын алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе импортталатын темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбаларды беру кезінде осы Ереженің 15-тармағында көзделген құжаттардан басқа алушылар қосымша мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) соның негізінде алкоголь өнімін немесе темекі бұйымдарын әкелу жүзеге асырылатын сыртқы сауда келісімінің (келісім-шартының) нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      2) импортталатын алкоголь өніміне немесе темекі бұйымына акцизді төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы.
      17. Осы Ереженің 13, 14, 15, 16-тармақтарында көрсетілген құжаттар салық органдарында қалады.
      Осы Ереженің 16-тармағында көрсетілген құжаттар Комитетке және салық органдарына есепке-алу бақылау таңбаларын алмастан бұрын тапсырылады.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010.09.17 N 462 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен. 
      18. Алушыларға Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген алкоголь өніміне және кеден одағының мемлекет-мүшелердің аймақтарынан арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбаларды беру кезінде салық органының материалдық-жауапты тұлғасы екі данада екі жақты қол қойылатын жүкқұжат жасайды. Жүкқұжаттың бір данасы алушыға беріледі, екінші данасы салық органдарында қалады.
      Көрсетілген жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:
      1) есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың берілген күні;
      2) алушылардың атауы;
      3) есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды алуға уәкілеттендірілген тұлғаның аты-жөні;
      4) есепке алу-бақылау таңбаларының сериясы, нөмірлер диапазондары және саны немесе акциздік таңбалардың түрлері мен саны;
      5) кеден одағының мемлекет-мүшелердің аймақтарынан алкоголь өнімі әкелінген кезде сыртқы саудалық келісімнің (келісім-шарттың) нөмірі және күні.
      Ескерту. 18-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010.09.17 N 462 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен. 
      19. Кеден одағының мүшесі емес мемлекеттердің аймақтарынан импортталынатын алкоголь өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбалары немесе темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбалары берілген кезде жүкқұжат үш данада толтырылады: бірінші және екінші даналар (екінші данасы кеден органына көрсету үшін) алушыға беріледі, үшінші дана облыстық салық органдарында қалады.
      Көрсетілген жүкқұжатта мынадай деректер көрсетіледі:
      1) есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың берілген күні;
      2) алушылардың атауы;
      3) есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды алуға уәкілеттендірілген тұлғаның аты-жөні;
      4) импортқа берілген лицензияның нөмірі;
      5) сыртқы сауда келісімінің (келісім-шартының) нөмірі мен күні;
      6) есепке алу-бақылау таңбаларының сериясы, нөмірлер диапазондары және саны немесе акциздік таңбалардың түрлері мен саны.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010.09.17 N 462 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      20. Алушыларға есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды беру есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды жасауға берілген өтінімдерде көрсетілген санға сәйкес жүргізіледі.

5. Ақаулы және бүлінген есепке алу-бақылау
таңбаларын немесе акциздік таңбаларды есепке алу

      21. Ақауы бар есепке алу-бақылау таңбалары немесе акциздік таңбалар жеткізушіге қайтарылады.
      22. Салық органдары жеткізушіге ақауы бар есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды қайтаруды жеткізуші мен құрамында кем дегенде үш адам, соның ішіне салық органының материалдық-жауапты тұлғасы кіретін, салық органының бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия қол қоятын, осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды өткізу-қабылдау актісін (бұдан әрі - өткізу-қабылдау актісі) толтыру жолымен жүзеге асырады.
      23. Өткізу-қабылдау актісі қайтарылған есепке алу-бақылау таңбаларының түрлері, сериялары, нөмірлері мен қайтарылған акциздік таңбалардың түрлері мен саны көрсетілетін үш данада жасалады. Өткізу-қабылдау актісінің бір данасы, ол бойынша есепке алу-бақылау таңбалары немесе акциздік таңбалар алынған жеткізуші жүкқұжатының көшірмесі, сондай-ақ осы актіде көрсетілген есепке алу-бақылау таңбалары немесе акциздік таңбалар жеткізушіге жіберіледі.
      24. Алушылар бүлдірген есепке алу-бақылау таңбалары немесе акциздік таңбалар оларда жойылғанға дейін сақталады.
      25. Алушы бүлінген есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды жоюды өз күшімен, салық органының бірінші басшысының бұйрығымен тағайындалған, кем дегенде үш адам құрамындағы комиссияның қатысуымен жүзеге асырады.
      26. Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды жою кезінде жойылған есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың сериялары, нөмірлері мен саны немесе жойылған акциздік таңбалардың саны көрсетілетін үш данада осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды жою актісі (бұдан әрі - жою актісі) жасалады. Жою актісінің әрбір данасына комиссия мүшелері мен алушының уәкілетті өкілі қол қояды, сондай-ақ салық органдарының және алушылардың мөрімен куәландырылады.
      Жою актісінің бір данасы алушыға беріледі, екінші данасы салық органдарында қалады, үшінші данасы Комитетке жіберіледі.

6. Есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік
таңбалардың қозғалысын салық органдарында есепке алу

      27. Есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың қозғалысын есепке алуды тігілетін, нөмірленетін және салық органдарының бірінші басшысы қол қоятын және мөрімен куәландырылатын осы Ережеге 6, 7, 8-қосымшаға сәйкес нысандары бойынша есепке алу журналдарында салық органының материалдық-жауапты тұлғасы жүргізеді.
      28. Әр тоқсанның 1 күніне және салық органының материалдық-жауапты тұлғасы ауысқан кезде салық органдарындағы қолдағы бар есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың нақты санын тексеруді (бұдан әрі - тізімдеме) салық органының бірінші басшының бұйрығымен тағайындалатын, құрамы үш адамнан кем болмауы тиіс түгендеу комиссиясы жүзеге асырады.
      29. Тізімдеме екі данада жасалады және түгендеу комиссиясының мүшелерінің, сондай-ақ салық органының материалдық-жауапты тұлғасының қолы қойылады.

7. Алушылардың есепке алу-бақылау таңбаларының немесе
акциздік таңбалардың қозғалысын есепке алуы

      30. Есепке алу-бақылау таңбаларына немесе акциздік таңбаларына қатаң есептілік бланкілері үшін белгіленген бухгалтерлік есеп жүргізу ережесі таралады.
      31. Алушылар есепке алу-бақылау таңбалары немесе акциздік таңбалар санының дұрыс есепке алынуын, олардың пайдаланылуын және бүлінген есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды белгіленген тәртіпте, оларды жоюға дейін сақталуын қамтамасыз етеді.

8. Есептілік

      32. Алушылар ай сайын салық органдарына осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алынған есепке алу-бақылау таңбаларының немесе акциздік таңбалардың пайдаланылуы туралы есептерді табыс етеді.
      33. Жеткізуші осы салық органдарының қимасында Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеткізушінің бірінші басшысы мен бас бухгалтері қол қоятын және есептіден кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей Комитетке жіберілетін, қағаз немесе электронды тасығыштарда берілген есепке алу-бақылау таңбалары немесе акциздік таңбалар туралы ай сайын есеп жасайды.

                                             Есепке алу-бақылау
                                           таңбалары мен акциздік
                                         таңбаларды алу, есепке алу,
                                         сақтау және беру ережесіне
                                                 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010.09.17 N 462 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

_______________________________________________
(салық органының атауы)
_______________________________________________
(Басшының аты-жөні)

Қазақстан Республикасында өндірілетін алкогол өнімдеріне арналған есепке алу-бақылау таңбаларын немесе темекі бұйымын таңбалауға арналған акциздік таңбаларды сатып алуға өтінім

                                                      мың дана

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

1

2

3

4

5

6

7








кестенің жалғасы

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

жылына барлығы

Ескерту (Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекібұйымдарына арналған акциздік таңбалардың түрін көрсетіңіз «парақтық» немесе «қиылған»)

8

9

10

11

12

13

14








Басшы ______________________________________________________
                         (аты-жөні)
Салық органының
Бас бухгалтер _________________________________
                         (аты-жөні)

М.О.

Есепке алу-бақылау     
таңбалары мен акциздік   
таңбаларды алу, есепке алу,
сақтау және беру ережесіне
1-1-қосымша       

      Ескерту. 1-1-қосымшамен толықтырылды - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010.09.17 N 462 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен. 

_______________________________________________
(салық органының атауы)        

_______________________________________________
(Басшының аты-жөні)           

Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды сатып алуға өтінім

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

жылына барлығы

Ескерту (парақтық немесе қиылған, Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген немесе импортталған темекі бұйымдарына арналған акциздік таңбаларды көрсетіңіз)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























Басшы           _________________________________________
                                 (аты-жөні)

Бас бухгалтер   _________________________________________
                                 (аты-жөні)

М.О.    

                                             Есепке алу-бақылау
                                           таңбалары мен акциздік
                                         таңбаларды алу, есепке алу,
                                         сақтау және беру ережесіне
                                                 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2010.09.17 N 462 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен. 

_______________________________________________
(салық органының атауы)
_______________________________________________
(Басшының аты-жөні)

Есепке алу-бақылау таңбаларына штрих-код жапсыру үшін
өтініш

_________________________________________________________________
(алушының атауы, мекен-жайы, СТН-і немесе ЖСН/БСН (болған жағдайда)
                    банктік деректемелері)
саны "_______" ________________________________ данада
                         (жазбаша)
      есепке алу-бақылау таңбаларына штрих-код жапсыруды сұрайды.
      Есепке алу-бақылау таңбаларының көрсетілген саны мына тауарларды шығару үшін қажет:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
  (алкоголь өнімі үшін: сыйымдылығын, күштілігін, бірінші сатып
алушының атауын, құю күнін көрсете отырып, өнімнің түрі мен атауы,
   сәйкестік сертификаты; импорттаушылар үшін келісімнің
                 (келісім-шарттың) нөмірі)

өнімінің пин-коды:                   өнімнің бірлігі үшін бағасы:
_____________________                  _________________ теңге
_____________________                  _________________ теңге
Есепке алу-бақылау таңбаларын сатып алуға ақша
________________________________________________________________
                      (сомасы жазбаша)
сомасында 200__ жылғы "____"________ N _________ төлем құжатымен _________________________________ есеп шотына енгізілді
акцизді төлеу үшін ақша ________________________________________
                                    (сомасы жазбаша)
сомасында 200__ жылғы "____"________ N _________ төлем құжатымен _________________________________ есеп шотына енгізілді
Басшы __________________________________________________________
                        (аты-жөні, қолы)
Бас бухгалтер __________________________________________________
                              (аты-жөні, қолы)

                                             Есепке алу-бақылау
                                           таңбалары мен акциздік
                                         таңбаларды алу, есепке алу,
                                         сақтау және беру ережесіне
                                                 3-қосымша

                  _______________________________________________
                               (салық органының атауы)
                  _______________________________________________
                                  (Басшының аты-жөні)

   Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды
                        алуға өтініш

_________________________________________________________________
(алушының атауы, мекен-жайы, СТН-і немесе ЖСН/БСН (болған жағдайда)
                      банктік деректемелері)
саны "_______" ________________________________ данада
                        (жазбаша)
      есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды беруді сұрайды.
       Есепке алу-бақылау таңбаларын сатып алуға ақша
__________________________________________________________________
                        (сомасы жазбаша)
сомасында 200__ жылғы "____"________ N _________ төлем құжатымен _________________________________ есеп шотына енгізілді
акцизді төлеу үшін ақша __________________________________________
                                    (сомасы жазбаша)
сомасында 200__ жылғы "____"________ N _________ төлем құжатымен _________________________________ есеп шотына енгізілді
Басшы ____________________________________________________________
                        (аты-жөні, қолы)
Бас бухгалтер ____________________________________________________
                                (аты-жөні, қолы)

                                            Есепке алу-бақылау
                                           таңбалары мен акциздік
                                         таңбаларды алу, есепке алу,
                                         сақтау және беру ережесіне
                                                 4-қосымша

Есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды
өткізу-қабылдау актісі

                                     200__ж. " ____ " ___________

__________________________________________________________________
(алушының атауы, мекен-жайы, СТН-і немесе ЖСН/БСН (болған жағдайда)
                      банктік деректемелері)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________ құрамындағы Комиссия атынан
    (лауазымы, аты-жөні)
өткізеді, ал есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды жеткізуші ________________________________________________________
___________________________________________________________ атынан
                  (лауазымы, аты-жөні)
саны ______________________________________________________ данада
                          (жазбаша)
есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды қабылдайды, соның ішінде: _____________________________________________________
               (есепке алу-бақылау таңбаларының түрлері, сериясы
                   және нөмірі, акциздік таңбалардың түрлері)
1. Жоғарыда көрсетілген есепке алу-бақылау таңбалары немесе акциздік таңбалар _________________________________________________________
__________________________________________________________________
себебі бойынша қайтарылды.

Өткіздім (комиссия мүшелерінің аты-жөні, қолы)

Қабылдадым (қабылдаған тұлға(лар)дың аты-жөні, қолы)

            М.О.                             М.О.

                                            Есепке алу-бақылау
                                           таңбалары мен акциздік
                                         таңбаларды алу, есепке алу,
                                         сақтау және беру ережесіне
                                                 5-қосымша

Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды
жою актісі

      "Есепке алу-бақылау таңбалары мен акциздік таңбаларды алу, есепке алу, сақтау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 200_ жылғы ______________ N __ бұйрығына сәйкес біздер, мына құрамдағы комиссия:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
саны _____________________________________________________________
данадағы есепке алу-бақылау таңбаларын немесе акциздік таңбаларды өртеу жолымен есептен шығаруды және жоюды жүргіздік,
соның ішінде: ____________________________________________________
                   (есепке алу-бақылау таңбаларының түрлері,
             сериялары мен нөмірлері, акциздік таңбалардың түрлері)

Комиссия (комиссия мүшелерінің аты-жөні, лауазымы, қолы)

Алушы (алушының уәкілетті өкіл(дер)інің аты-жөні, лауазымы, қолы)

            М.О.                            М.О.

                                            Есепке алу-бақылау
                                           таңбалары мен акциздік
                                         таңбаларды алу, есепке алу,
                                         сақтау және беру ережесіне
                                                 6-қосымша

      Есепке алу-бақылау таңбаларын жеткізушіден алуды
                    есепке алу журналы

Есепке алу-бақылау таңбаларын жеткізушіден алу күні

Алынған есепке алу-бақылау таңбаларының саны

Жеткізушіге қайтарылған есепке алу-бақылау таңбаларының саны

Жүкқұжаттың нөмірі

Салық органының материалдық-жауапты тұлғасының аты-жөні

1

2

3

4

5






                                            Есепке алу-бақылау
                                           таңбалары мен акциздік
                                         таңбаларды алу, есепке алу,
                                         сақтау және беру ережесіне
                                                 7-қосымша

      Есепке алу-бақылау таңбаларын алушыларға беруді
                    есепке алу журналы

Есепке алу-бақылау таңбаларын беру күні

Берілген есепке алу-бақылау таңбаларының саны

Жүкқұжаттың нөмірі

Есепке алу-бақылау таңбаларын алушының атауы не аты-жөні, СТН және ЖСН/БСН (болған жағдайда)

Есепке алу-бақылау таңбаларын алушының уәкілетті өкілінің аты-жөні, құжаттарының деректері (жеке куәлігінің N мен берілген күні, алуға сенімхат)

Алушының не алушының уәкілетті тұлғасының қолы

1

2

3

4

5

6

                                            Есепке алу-бақылау
                                           таңбалары мен акциздік
                                         таңбаларды алу, есепке алу,
                                         сақтау және беру ережесіне
                                                 8-қосымша

       Акциздік таңбаларды алушыларға беруді есепке
                        алу журналы

Акциздік таңбаларды алу күні

Алынған акциздік таңбалардың саны

Жүкқұжаттың нөмірі

Акциздік таңбаларды беру күні

Акциздік таңбаларды алушының атауы не аты-жөні, СТН және ЖСН/БСН (болған жағдайда)

Акциздік таңбаларды алушының уәкілетті өкілінің аты-жөні, құжаттарының деректері (жеке куәлігінің N-мен берілген күні, алуға сенімхат)

1

2

3

4

5

6

                                            Есепке алу-бақылау
                                           таңбалары мен акциздік
                                         таңбаларды алу, есепке алу,
                                         сақтау және беру ережесіне
                                                 9-қосымша

      20___ жылдың __________________ жағдай бойынша
                           (ай)
    алушылар алған және пайдаланған есепке алу-бақылау
                    таңбаларының есебі

Алушының атауы не аты-жөні, СТН және ЖСН/БСН (болған жағдайда)

Есепті кезеңнің басына қалғаны

Есепке алу-бақылау таңбалары алынды

Есепке алу-бақылау таңбалары пайдаланылды

Есепке алу-бақылау таңбалары бүлінді

Есепті кезеңнің соңына қалғаны

1

2

3

4

5

6

Басшы ______________________________________
                  (аты-жөні)
Бас бухгалтер ____________________________________
                          (аты-жөні)

М.О.

                                            Есепке алу-бақылау
                                           таңбалары мен акциздік
                                         таңбаларды алу, есепке алу,
                                         сақтау және беру ережесіне
                                                 10-қосымша

  Салық органдарының қимасында берілген есепке алу-бақылау
        таңбалары мен акциздік таңбалар туралы есеп

Салық органы

Есепке алу-бақылау таңбалары мәлімделді

Есепке алу-бақылау таңбалары үшін төленді

Есепке алу-бақылау таңбалары берілді

1

2

3

4





Басшы ______________________________________
                 (аты-жөні)
Бас бухгалтер ____________________________________
                           (аты-жөні)

М.О.