Нормативтік құқықты актілерді жетілдіру және әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 14 қарашадағы
N 841
бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2600 тіркелген, жариялануы: "Ресми газет" 2003 жылғы 27 желтоқсан N 52 (156), "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қарашадағы N 841 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 681 Бұйрығы енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5005 тіркелген, жариялануы:
"Заң газеті" 2007 ж. 25 желтоқсан N 194 (1223)
, мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Санитарлық-эпидемиологиялық сараптауды өткізу ережесінде:
11-тармақта:
бірінші абзацта "Санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы" деген сөздердің алдынан
"Жобаларды" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы жаңа екінші бөліммен толықтырылсын:
"тамақ өнімдері және материалдар мен бұйымдардың
санитарлық-эпидемиологиялық сараптамасы санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы өткізуге арналған өтініш және өнімдердің үлгілері негізінде өткізіледі.
";
33-тармақта
"Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама" деген сөздердің алдынан
"Жобаларды" деген сөзбен толықтырылсын;
34-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліммен толықтырылсын:
"Тамақ өнімдерінің, әзірлеу (жасау) кезінде ұсынған үлгілерді қоспағанда,
санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мерзімі 10 күнтізбелік күннен аспау керек.
Материалдар мен бұйымдарлардың
санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу мерзімі,
әзірлеу (жасау) кезінде ұсынған үлгілерді қоспағанда,
зерттеулер өткізу әдістемелерінде белгіленген мерзімдерден аспауға тиіс.
";
38-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа екінші бөліммен толықтырылсын:
"С
анитарлық-эпидемиологиялық қорытынды беру мерзімі 2 жұмыс күнінен аспау керек.
Тамақ өнімдерін өндіруге берілген с
анитарлық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылу мерзімі – 1 жыл.
Материалдар мен бұйымдарға берілген с
анитарлық-эпидемиологиялық қорытындының қолданылу мерзімі – 3 жыл.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алу департаменті (А.Б. Молдағасымова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Досқалиев