"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы N 148 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 20 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5365 болып енгізілді.

Жаңартылған

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңының 4-бабының 3) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесі бекітілсін.
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2669 тіркелген, "Казахстанская правда" газетінде 2004 жылғы 2 сәуірде N 67 (24377) жарияланған);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы N 466 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы N 65 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4667 тіркелген).
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он терт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      4. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру коры" акционерлік қоғамына, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      5. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.А. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                   Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы Қаржы 
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының      
2008 жылғы 2 қазандағы N 148
қаулысымен бекітілген    

"Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының активтерін инвестициялау ережесі

      Осы Ереже "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 3 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген және "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Қор) активтерін инвестициялауын жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қордың активтерін инвестициялаудың мақсаты мыналар болып табылады:
      1) Қордың активтерін сақтау және оларды ұлғайту;
      2) Қор активтерінің өтімділігін жеткілікті деңгейде сақтау;
      3) Тәуекелдердің деңгейі темен болғанда Қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз ету.
      2. Қор активтерін инвестициялау соның шегінде жүзеге асырылатын инвестициялық стратегия Қордың директорлар кеңесімен белгіленеді жэне бекітіледі.
      3. Қор өз активтерін инвестициялауды дербес жүзеге асырады не Қор активтерін ішінара не толығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның (бұдан әрі - инвестициялық портфельді басқарушы) басқаруына тапсырады.
      4. Қор активтерін инвестициялық портфельді басқарушының басқаруына тапсырған кезде инвестициялық портфельді басқарушы Қордың активтерін қаржы құралдарына инвестициялауын Қор активтерінің шегінде және осы Ереженің және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Қор мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған тиісті шарттың негізінде жүзеге асырады.

2-тарау. Инвестициялық шешімді қабылдау тәртібі

      5. Қордың активтерін дербес орналастырған жағдайда, инвестициялау Қордың мынадай ішкі құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
      1) Қор активтеріне және инвестициялық тәуекелдерді басқаруға қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі;
      2) Қор активтерінің қатысуымен мәмілелер жасау және олардың жасалуына бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
      3) деректердің толықтығын және ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге ішкі бақылаудың тәртібі.
      6. Қор активтерін дербес орналастырған жағдайда Қор активтеріне қатысты инвестициялық шешімдер инвестициялық комитетпен қабылданған инвестициялық шешімдерді қабылдауға арналған ұсынымдардың (бұдан әрі - ұсынымдар) негізінде қабылданады.
      Функцияларына Қор активтеріне қатысты шешімдер қабылдау кіретін инвестициялық комитеттің құрамына Қордың директорлар кеңесінің құрамынан, Қор басқармасынан, Қордың басшы қызметкерлерінің қатарынан кемінде үш адам кіреді. Осы комитеттің құрамына тәуекелдерді басқару жөніндегі қызметкер (ол бар болса) кіреді. Инвестициялық комитеттің шешімдері оның отырысына қатысқан қызметкерлердің дауыстарының көпшілігімен қабылданып, жазбаша түрде ресімделеді.
      Функцияларына Қор активтеріне қатысты шешімдер қабылдау кіретін инвестициялық комитет мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
      1) тәуекел көрсеткіштерінің мониторингін жүргізеді;
      2) жоғары тәуекелді қаржы құралдарына, оның ішінде қаржы құралдары рыногындағы бағалардың қатты ауытқуына байланысты, шамадан артық инвестициялауды болдырмау бойынша шұғыл процедураларды белгілейді.
      7. Қор активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі мыналарды қамтиды:
      1) мыналарды көздейтін ұсынымдарды беру үшін ақпаратты жинау, өңдеу және талдау тәртібі:
      Қор активтері портфелінің жай-күйін талдау;
      инвестициялауды жүзеге асыру болжамдалған қаржы құралдары айналасының шарттарын және кірістілігін талдау;
      инвестициялауды жүзеге асыру болжамдалған қаржы құралдарына байланысты тәуекелдерді талдау;
      уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген әртараптандыру нормаларын сақтауын талдау;
      ұсынымдарды беру үшін маңызды өзге факторларды талдау;
      2) соларды негізге алып қабылданған ұсынымдар мен инвестициялық шешімдердің бірегей тіркеу журналында тіркеу тәртібі;
      3) инвестициялық комитетке кіретін лауазымды тұлғалардың тізбесі;
      4) инвестициялық комитеттің инвестициялық шешімдерді қабылдау тәртібі.
      8. Инвестициялық комитеттің ұсынымдарына мыналар кіреді:
      1) ұсыным берілген күні және нөмірі;
      2) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпарат көздерінің тізбесі (сипаттамасы);
      3) ұсыным беру үшін пайдаланылған ақпаратты талдау нәтижесі;
      4) инвестициялық шешімнің ұсынылып отырған нұсқалары;
      5) ұсынымды берген тұлғалардың қолдары.
      9. Инвестициялық шешімде мыналар болуы тиіс:
      1) инвестициялық шешімнің қабылданған күні және нөмірі;
      2) соның негізінде инвестициялық шешім қабылданған ұсынымның берілген күні және нөмірі;
      3) жасалуға жататын мәміленің түрі;
      4) мәміле жасалуы тиіс қаржы құралының бірегейлендіргіші;
      5) жасалуы тиіс мәміленің көлемі, бағасы және сомасы (көлемінің, бағасының және сомасының диапазоны);
      6) мәміле жасау мерзімдері;
      7) мәміле жасалуы болжамдалған рыноктың (бастапқы немесе қайталама) түрін көрсету;
      8) мәміленің жасалуы оның көмегі арқылы болжамдалатын брокердің (осындай болған жағдайда) атауы;
      9) мәміленің жасалуы оның активтері есебінен болжамдалатын ұйымның атауы;
      10) инвестициялық шешім қабылдаған тұлғалардың қолдары.
      10. Қор активтерінің қатысуымен мәмілелер жасау және олардың жасалуын бақылау тәртібі мыналарды қамтиды:
      1) оның көмегімен Қор активтерінің қатысуымен мәміле жасау болжамдалып отырған брокермен (осындай болған жағдайда) әрекеттесу тәртібі;
      2) Қор активтерінің қатысуымен мәміле жасасуға бақылауды жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың тізбесі;
      3) Қор активтерінің қатысуымен мәміле жасасуға бақылауды жүзеге асыру тәртібі;
      4) ішкі есеп пен құжат айналымын жүргізу тәртібі.
      11. Қор активтерінің қатысуымен мәмілелер жасауға бақылауды жүзеге асыру үшін Қор мыналарды есепке алу және тіркеу журнал(дар)ын жүргізеді:
      мәміле жасауға тапсырыстарды;
      орындалған және орындалмаған мәмілелерді;
      банк салымы шарттарын.
      Осы аталған журналдармен қатар Қор, қажет болған жағдайда, басқа қосымша есепке алу журналдарын жүргізеді.
      12. Деректердің толықтығын және ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету жөніндегі ішкі бақылау тәртібінде мыналар қамтылған:
      1) құпиялы санатына жататын ақпараттың тізбесі;
      2) құпия ақпаратты қамтыған құжаттарды жасау, ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау тәртібі;
      3) құпия ақпаратқа рұқсат берілген тұлғалардың лауазымдарын көрсете отырып, құпия ақпаратқа рұқсат беру тәртібі;
      4) деректердің электронды массивтерінің сақталуын қамтамасыз ету тәртібі.

3-тарау. Қор активтерін инвестициялау тәртібі

      13. Бағалы қағаздармен қайталама рыноғындағы Қор мәмілелері, қор биржасымен делистингке ұшыратқан бағалы қағаздарды сатуды қоспағанда, Қормен ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалады.
      14. Қор активтерінің қатысуымен ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында жасалған бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалады.
      15. "Кері репо" мәмілелері Қор активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарымен отыз күннен аспайтын мерзімге және автоматты тәсілмен ғана жасалады.
      16. Қандай да бір жағдайлардың нәтижесінде Қор активтерінің есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы осы Ережемен белгіленген шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, Қор осындай сәйкессіздікті күшейтетін активтерді орналастыруды дереу тоқтатады және бір күн ішінде қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы сәйкессіздіктің фактісі мен себептері туралы, оны жою бойынша іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, хабарлайды және анықталған бұзушылықты іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзімде жояды.
      17. Қор биржасының борыштық бағалы қағазды (рейтингтік бағасының барынша темен деңгейі жоқ) делистингке ұшырату не борыштық бағалы қағаздың кредиттік рейтингісінің барынша төмен деңгейінен төмендеген жағдайында, Қор ондай бағалы қағаздарды жоғарыда аталған оқиғаның басталу күнінен бастап бір жыл ішінде сатады. Оны сатуға мүмкіндік болмаған жағдайда Қор сондай бағалы қағаздарды өтелу мерзіміне дейін ұстап қалуы туралы ақпаратты уәкілетті органға жібереді.
      18. "Standard & Рооr's" агенттігінің рейтингтік бағаларынан басқа уәкілетті органмен "Мооdу's Investors Service" және "Fitch" агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингтік ұйымдарының (бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері) рейтингтік бағалары да танылады.
      19. Қор өз активтерінің бөліктерін мынадай қаржы құралдарына орналастыруды жүзеге асырады:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар;
      2) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдар, мынадай шарттардың біреуіне сәйкес келген жағдайда:
      банктердің "Standard & Рооr's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-"-тен төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар немесе "Standard & Рооr's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ"-ден төмен емес рейтингтік бағасы бар;
      банктер "Standard & Рооr's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-" тен санатынан төмен емес шетел валютасындағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар резидент емес - бас банктердің еншілес резидент - банкі болып табылады;
      банктердің «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ге дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ»-тен «kzВ+»-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының "Standard & Рооr's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "ВВ"-ден темен емес рейтингтік бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар облигациялар;
      4) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен шығарылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (оның ішінде басқа мемлекеттердің заңдарына сәйкес айналысқа шығарылған ақша);
      5) "Standard & Рооr's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен темен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтерімен шығарылған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар.
      Осы тармақтың 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген қаржы құралдарына Қор активтерін жиынтық орналастыруы Қор активтерінің сексен пайызынан кем емес болады.
      Қор активтерін инвестициялау мөлшері инвестициялық портфельді басқарушы мен Қор арасында жасалатын инвестициялық стратегияда белгіленеді.
      Инвестициялық портфельді басқарушы Қор активтерін инвестициялаған кезде инвестициялық портфельді басқарушы ақшаны есепке алу үшін шот ашады және орналастырылған салымдарды (депозиттерді) және Қор активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін баланстан тыс шот ашады.
      Қордың активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға тапсырған кезде Қор бір айда бір реттен кем емес, айдың бірінші күніндегі жағдай бойынша өзінің есепке алу жүйесі деректерінің инвестициялық портфельді басқарушының және Қор активтерін есебін және сақтауын жүзеге асыратын кастодианның деректеріне сәйкес келуіне үш жақты салыстырып тексеру жүргізеді.
      Салыстырып тексеру қорытындысы бойынша мынадай ақпаратты қамтитын салыстырып тексеру актісі жасалады:
      1) ұлттық бірегейлендіру нөмірлерін көрсете отырып бағалы қағаздардың саны (данамен) туралы;
      2) банктердің атауын, салымдар сомасын, банк салымдары шарттарының жасалу күндерін және нөмірлерін, салымдар мерзімдерін, сыйақы ставкаларын көрсете отырып, екінші деңгейдегі банктердегі салымдар туралы;
      3) инвестициялық шоттардағы теңгедегі және шетел валютасындағы ақша қозғалысы туралы;
      4) қаржы құралдарының сатып алу құны туралы;
      5) қаржы құралдарының ағымдағы құны туралы;
      6) әрбір қаржы құралы бойынша есептелген және алынған инвестициялық кіріс сомасы туралы;
      7) көрсетілетін қызмет түрлері бойынша комиссиялық сыйақылар сомасы туралы;
      8) инвестициялық шоттардағы ақша қалдықтары туралы;
      9) инвестициялық қызметке қатысты өзге мәліметтер.
      Салыстырып тексеру актісіне Қордың, инвестициялық портфельді басқарушының, және кастодианның бірінші басшыларының және бас бухгалтерлердің қолы қойылады және осы ұйымдардың мөр таңбасымен расталады.
      Ескерту. 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 261 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      20. Қордың қаржы құралдарына инвестицияларының мөлшері мынадай мәндерден аспауы тиіс:
      1) бір екінші деңгейдегі банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент-банкті қоспағанда) және оның аффилирленген тұлғаларында салымдарға, ақшаға және облигацияларға ("кері репо" операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан асырылмайды;
      1-1) «Standard & Poor's» агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша «В+»-тен «В»-ге дейінгі ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкілі бойынша «kzВВ-»-тен «kzВ+»-ке дейінгі рейтингтік бағасы бар бір екінші деңгейдегі банкте (Қормен жасалған агенттік келісім негізінде кредиторларға кепілдік төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызмет көрсететін, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын агент-банкті қоспағанда) және оның аффилирленген тұлғаларында салымдарға жиынтық орналастыруы – Қор активтерінің бес пайызынан, бірақ осы банктің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан асырылмайды;
      2) Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының (Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерді қоспағанда) және осы заңды тұлғаның аффилирленген тұлғаларының облигацияларына жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан, бірақ осы эмитенттің меншікті капиталы мөлшерінің жиырма бес пайызынан асырылмайды;
      3) "Standard & Рооr's" агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "А-"-тен төмен емес тәуелсіз рейтингі бар немесе бір мемлекеттің басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингтік бағасы бар шетел мемлекеттердің орталық үкіметтерімен шығарылған, мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздарға ("кері репо" операцияларын есепке алғанда) жиынтық орналастыруы - Қор активтерінің он пайызынан асырылмайды;
      4) Қор активтерінің қатысуымен жасалатын "кері репо" мәмілелері - Қор активтерінің он пайызынан асырылмайды.
      Қор активтерін облигацияларға жиынтық орналастыруы бір эмиссияның жалпы облигациялары көлемінің жиырма бес пайызынан аспайды.
      Ескерту. 20-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.12.29 N 261 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.