"Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 22 қазандағы N 521 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 18 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5361 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 395 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.08.04 № 395 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      БҰЙЫРАМЫН:
      "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына (Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 184 "Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" бұйрығымен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 81 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы-қаражат" баспасында 1998 жылы жеке ресми басылым етіп жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 489 болып тіркелген, Қазынашылық комитетінің төрағасының: 1999 жылғы 25 мамырдағы N 238 "Республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 825 болып тіркелген, 2000 жылғы 12 маусымдағы N 278 "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1188 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2001 жылғы N 18 бюллетенінің 385-бабында жарияланған 2001 жылғы 17 наурыздағы N 141 "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1431 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2001 жылғы N 22 бюллетенінің 408-бабында жарияланған 2001 жылғы 30 наурыздағы N 1159 "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1487 болып тіркелген, 2001 жылғы 18 мамырдағы N 260 "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" - Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1546 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2002 жылғы N 19 бюллетенінің 600-бабында жарияланған "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 18 ақпандағы N 67 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1793 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2002 жылғы N 38 бюллетенінің 698-бабында жарияланған "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2002 жылғы 2 тамыздағы N 353 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1952 тіркелген, "N 489 тіркелген "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2004 жылғы 17 наурыздағы N 17 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2788 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің 2005 жылғы маусымдағы N 15 бюллетенінің 115-бабында жарияланған "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті Төрайымының 2005 жылғы 20 мамырдағы N 24 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3667 тіркелген, 2007 жылғы 18 мамырдағы N 74 (1277) "Заң газетінде" жарияланған "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық департаменті директорының 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 42 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4662 тіркелген, 2008 жылғы 11 қаңтардағы N 4 (1404) "Заң газетінде" жарияланған "Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық департаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5058 тіркелген 2007 жылғы 28 қарашадағы N 422 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулықта:
      32-тармақтың VII Есеп айырысу бөліміндегі "Қосалқы шот атауы" бағанының он екінші абзацында және 160-тармақтың үшінші абзацында "Мiндеттi әлеуметтік қамсыздандыру бойынша есеп айырысулар" деген сөздер "Уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы бойынша есеп айырысулар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      38-тармақта:
      бірінші абзацтағы ", арттехқару-жарақ (сауытты техника, атыс қаруы, оптикалық аспаптар, жеке сауытты қорғаныш құралдары, әскери химиялық мүлік, радиациялық және химиялық барлау құралдары, инженерлік қару-жарақ құралдары)" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 10-тармақшамен толықтырылсын:
      "10) арттехқару-жарақ (атыс қаруы: пистолеттер мен револьверлер, автоматты қару, арнаулы мергендік қару-жарақ, арнаулы (ерекше) мақсаттағы полиция бөлімшесінің қару-жарағы, оқу және спорт қаруы, жарық сигналдарын беру құралдары; әскери инженерлік мүлік; әскери химиялық мүлік; оптикалық аспаптар;)";
      41-тармақтың 2) тармақшасында "соғыс және газ пистолеттер;" деген сөздер алынып тасталсын;
      162-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "162. "Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы жөніндегі есеп айырысулар" 171-қосалқы шотында мемлекеттік мекемелер уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы есептеу және төлеу бойынша есеп айырысуларды есепке алады.
      Есептелген уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақылардың сомалары "Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы жөніндегі есеп айырысулар" 171-қосалқы шотының дебеті және "Жұмысшылар мен қызметшілермен есеп айырысулар" 180-қосалқы шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
      Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу сомасына жазба "Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысулар" 159-қосалқы шотының дебеті және 171-қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі.
      171-қосалқы шот бойынша талдамалы есеп 283-н. монографиялық карточкаларда жүргізіледі.";
      191-5-тармақта:
      бірінші абзацта "төлеуге" деген сөз "аударуға" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші абзацтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Есептелген міндетті әлеуметтік есептеулер сомасына өткізбе "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік есептеулер бойынша есеп айырысулар" 195-қосалқы шотының кредиті бойынша және "Әлеуметтік салық жарналары бойынша есеп айырысулар" 159-қосалқы шоттың дебеті бойынша жасалады".";
      198.1-тармақта:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Үкіметтік сырты қарыздар есебінен пайдалануға тапсырылған жобалар бойынша ағымдағы қаржы жылындағы қарыздарды игеру барысында жүзеге асырылатын шығыстар жылдың соңында есептен шығарып тасталынады, бұл ретте жазба "Сыртқы қарыздар" 249-қосалқы шотының дебеті бойынша және 204-қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі.";
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "Үкіметтік сырты қарыздар есебінен пайдалануға тапсырылмаған жобалар бойынша ағымдағы қаржы жылындағы қарыздарды игеру барысында жүзеге асырылатын шығыстар 204-қосалқы шот бойынша келесі жылдың теңгеріміне өтеді.";
      199-1-тармақта:
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Байланысты гранттар есебінен пайдалануға тапсырылған жобалар бойынша игеру ағымдағы қаржы жылында аяқталған шығыстар жылдың соңында есептен шығарып тасталынады, бұл ретте жазба "Гранттар" 245-қосалқы шотының дебеті бойынша және 209-қосалқы шоттың кредиті бойынша жүргізіледі.";
      мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      "Байланысты гранттар есебінен пайдалануға тапсырылмаған жобалар бойынша игеру ағымдағы қаржы жылында аяқталған шығыстар 209-қосалқы шот бойынша келесі жылдың теңгеріміне өтеді.";
      233-тармақтың жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "12 "Міндеттемелер". Осы шотта мемлекеттік мекемелер алған міндеттемелер есепке алынады.
      Талдамалық есеп "Мемлекеттік мекемелер алған міндеттемелерді есепке алу бойынша ведомоста" мынадай деректердің көрсетілуімен жүргізіледі: мекеме, бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік; бір жылға міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары; жылдың басынан бастап міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары, рұқсаттар; жылдың басынан бастап тіркелген міндеттемелердің сомасы; бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша төленген міндеттемелер; төленбеген міндеттемелер; қаражаттар қалдығы.";
      көрсетілген Нұсқаулыққа "Негізгі бухгалтерлік операциялар бойынша қосалқы шоттардың хабарламасы" қосымшасында:
      7 "Есеп айырысулар" бөліміндегі:
      реттік нөмірі 134-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "Уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлемі";
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 134-1, 134-2-жолдармен толықтырылсын:
" 134-1  Міндетті әлеуметтік есептеулер сомасы
         есептелді                                159   195
  134-2  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру
         қорына міндетті әлеуметтік есептеулер    195   090, 100,
         сомасын аудару                                 110, 111 ";

      көрсетілген Нұсқаулыққа "Негізгі бухгалтерлік операциялар бойынша қосалқы шоттардың хабарламасы" қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Ә.Түсіпбеков) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның бұқаралық ақпарат құралдарында кейінгі жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                             Б. Жәмішев

                                            Қазақстан Республикасы
                                               Қаржы министрінің
                                            2008 жылғы 22 қазандағы
                                                 N 521 бұйрығына
                                                      қосымша

                                          Мемлекеттік мекемелердегі
                                         бухгалтерлік есеп жөніндегі
                                             нұсқаулыққа қосымша
__________________________
Мемлекеттік мекеменің атауы

                 _______________________ жылға
         Мемлекеттік мекемелер алған міндеттемелерді
                есепке алу жөніндегі ведомость

мекеме, бюджеттік бағдарлама, кіші бағдарлама, ерекшелік

атауы

бір жылға міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары

жылдың басынан бастап міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары

Берілген рұқсаттар

Жылдың басынан бастап

Ағымдағы айда

1

2

3

4

5

6








барлығы





кестенің жалғасы

жылдың басынан бастап тіркелген міндеттемелер дің сомасы

бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша төленген міндеттемелер

төленбеген міндеттемелер

қаражаттар қалдығы

Жылдың басынан бастап

Ағымдағы айда

7

8

9

10 = 7-8 11 = 5-7















Бас бухгалтер __________________