Өтініш-декларацияны тіркеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы N 429 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 18 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5359 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының үшінші бөлімінің 3-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған өтініш-декларациясы тіркеу ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Ғ.М. Мұхамбетов) заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                          В. Школьник

Қазақстан Республикасы      
Индустрия және сауда министрінің 
2008 жылғы 29 қазанда      
N 429 бұйрығымен         
бекітілді             

Өтініш-декларацияларды тіркеу ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы ереже "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін, міндетті түрде сәйкестігін растауға жататын өнімге-өтініш-декларацияларды тіркеу тәртібін белгілейді.
      2. Өтініш-декларация егер аккредиттеу саласында нақты өнімнің түрі бар болған жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі органмен орналасқан жері бойынша және импорттаушымен сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге шарт жасағаннан кейін рәсімделеді және тіркеледі.
      3. Белгіленген тәртіпте рәсімделген және тіркелген өтініш-декларациялар әкелінетін өнімнің кедендік рәсімделуі үшін ғана заңды күшке ие.
      4. Өтініш-декларациялар бойынша кедендік тазартудан өткен өнім белгіленген тәртіпте одан әрі сәйкестігін растауға жатады.

2. Өтініш-декларацияларды тіркеу тәртібі

      5. Өтініш-декларациялар сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кодына сәйкес, міндетті сәйкестігін растауға жататын, нақты өнім түріне рәсімделеді.
      6. Өтініш-декларациялар өтінушінің өтініш берген күнінен:
      1) өтінім берушінің заңды мәртебесін растайтын құжаттар (жеке тұлғалар үшін - жеке куәлік немесе жеке басын куәландыратын басқа құжат, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, салық төлеушінің куәлігі, заңды тұлға үшін - заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркелу) туралы куәлік, жарғы, статистикалық карточка, салық төлеушісінің куәлігі, қосымша құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлігі (бар болған жағдайда) басқарушыны тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі);
      2) тауарға ілеспе құжаттар (шот фактура, жүк құжат, инвойс);
      3) тауардың шығуын растайтын құжаттар;
      4) өнім қауіпсіздігін растайтын құжаттар;
      5) өнімнің нормативтік құжаттары негізінде рәсімделеді және тіркеледі.
      Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында аталған құжаттардың болмауы өтініш-декларацияны тіркеуден бас тартуға негіз бола алмайды.
      7. Өтініш-декларация белгіленген үлгідегі бланкіде сәйкестікті растау жөніндегі органмен рәсімделеді.
      8. Өтініш-декларацияларының қолдану мерзімі бір айдан аспауы керек.

3. Өтініш–декларацияларды рәсімдеуден және тіркеуден
бас тарту үшін негіздеме

      9. Сәйкестікті растау жөніндегі орган, егер бұл осы Ереже талаптарына қарсы келетін болса, өтініш-декларацияны рәсімдеуден және тіркеуден бас тартады. Бұл жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган екі жұмыс күні ішінде жазбаша негізделген бас тартуды рәсімдейді.

4. Қорытынды ережелер

      10. Импорттаушы өнімді жеткізу жөнінде өзінің міндеттерін орындамаған жағдайда сәйкестікті растау жөніндегі орган өтініш-декларацияның үш жұмыс күнінің ішінде әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті органның аумақтық басқармаларына хабарлайды.
      11. Сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестігі расталудан өтпеген өнім және осы Ережені бұзған импорттаушы туралы ақпаратты бес жұмыс күнінің ішінде барлық мүдделі ұйымдарға береді.