Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын орналастыру, айналысқа шығару және өтеу тәртібін нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі N 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3894 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесінде:
1-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар
1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аукцион - ең жоғары дисконтталған бағадан бастап және аукционный жарияланған талаптары шегінде кесімді бағамен аяқталатын (бағалардың көптігін қанағаттандыратын) Бастапқы агенттердің өтінімдерінде көрсетілген дисконтталған бағалар бойынша тиісті шығарылымның қысқа мерзімді ноталарын орналастыру;
2) Бастапқы агент - нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға қолданылып жүрген лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (бұдан әрі - Ұлттық Банк) қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау тәртібі туралы шарт жасасқан бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;
3) дисконтталған баға - номиналдық құнынан төмен баға;
4) кесімді баға - өтінімдерді қанағаттандыру тоқтатылатын ең төменгі дисконтталған баға;
5) қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеу - Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың қайталама нарығында қысқа мерзімді ноталарды өтеу мерзімі аяқталғанға дейін күні, саны және өтеу бағасы бойынша Бастапқы агентпен алдын ала келісілген толық немесе ішінара айналыстан шығаруы;
6) қысқа мерзімді ноталарды сатып алу - Ұлттық Банктің бағалы қағаздардың қайталама нарығында қысқа мерзімді ноталарды өтеу мерзімі өткенге дейін күні, саны және сатып алу бағасы бойынша олардың бұдан әрі айналыста болу мүмкіндігімен Бастапқы агентпен алдын ала келісілген сатып алуы;
7) қысқа мерзімді ноталарды шығару және орналастыру талаптары-ақша-кредит саясатының мақсаттарына сәйкес Ұлттық Банк айқындайтын және жариялайтын және орналастыру күні, айналысқа шығару мерзімі, өтеу күні, орналастыру көлемі, өтінімдерді қанағаттандыру жөніндегі шектеулер, төлем жасау күні, орналастыру нысаны кіретін қысқа мерзімді ноталарды шығару мен орналастырудың негізгі талаптары;
8) орташа алынған дисконтталған баға - кесімді баға бойынша аукционда қалыптасқан қысқа мерзімді ноталардың жалпы көлеміне қарай алынған орташа дисконтталған баға;
9) Уәкілетті бөлімше - қысқа мерзімді ноталарды орналастыруды және бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асыруға жауапты Ұлттық Банктің бөлімшесі;
10) Ұлттық Банктің басшылығы - Ұлттық Банктің Төрағасы және/немесе Ұлттық Банк Төрағасының Уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасары.";
9-тармақ "оны" деген сөзден кейін ", осы Ереженің 7-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
14-тармақ алынып тасталсын;
21-тармақта "Бағалы қағаздардың орталық депозитарий" акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Орталық депозитарий)" деген сөздер "орталық депозитарийге" деген сөздермен ауыстырылсын;
22, 27 және 28-тармақтарда "11.00" деген цифрлар "11.30" деген цифрлармен ауыстырылсын;
51-тармақта және бұдан әрі мәтін бойынша "Орталық депозитарий", "Орталық депозитарийге", "Орталық депозитарийдің", "Орталық депозитарийде", "Орталық депозитарийдегі" деген сөздер тиісінше "орталық депозитарий", "орталық депозитарийге", "орталық депозитарийдің", "орталық депозитарийде", "орталық депозитарийдегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
65-тармақтың бірінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
"65. Қысқа мерзімді ноталарды және олар бойынша құқықтарды есепке алу Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын орталық депозитарий депоненттерінің жеке шоттары бойынша және депоненттердің жеке шоттарында ашылған инвесторлардың дербес қосалқы шоттарында жүзеге асырылады.";
67-тармақта "Бастапқы агенттердің" деген сөздер "қысқа мерзімді ноталарды ұстаушылардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
70 және 71-тармақтарда "Бастапқы агенттердің" деген сөздер "депоненттердің" деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-тараумен толықтырылсын:
"7-тарау. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарды сатып алу және мерзімінен бұрын өтеу тәртібі
73. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында Бастапқы агенттердің келісімімен қысқа мерзімді ноталарды сатып алады не мерзімінен бұрын өтейді.
74. Ұлттық Банк сатып алынған қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеу және есепке алу үшін орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шот шеңберінде сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің қосалқы шотын өз атына ашады.
75. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарды сатып алуы Бастапқы агентпен қысқа мерзімді ноталарды сатып алу-сату мәмілесін жасау арқылы бағалы қағаздардың ұйымдасқан және ұйымдаспаған нарығында жүзеге асырылады.
76. Ұлттық Банктің ұйымдасқан нарықта қысқа мерзімді ноталарды сатып алуы қор биржасының терминалы арқылы жүзеге асырылады және мәміле паспортымен ресімделеді.
Мәміле паспортында мынадай мәліметтер болады:
1) қысқа мерзімді ноталардың ұлттық сәйкестендіру нөмірі;
2) қысқа мерзімді ноталардың шығарылған және өтелген күні;
3) қысқа мерзімді ноталардың саны;
4) бір қысқа мерзімді нотаның құны;
5) өтеу мерзімі;
6) операция көлемі (теңгемен жалпы сомасы);
7) өтеуге кірістілік (пайызбен көрсетілген);
8) мәміле күні.
Қысқа мерзімді ноталарды ұйымдасқан нарықта сатып алуды тіркеуді орталық депозитарий қор биржасының бұйрығы негізінде жүзеге асырады.
77. Қысқа мерзімді ноталарды ұйымдаспаған нарықта сатып алу-сату мәмілесін тіркеу Уәкілетті бөлімшенің және Бастапқы агенттің қарсы бұйрықтары ңегізінде жүзеге асырылады.
78. Қор биржасының бұйрығы немесе Уәкілетті бөлімшенің және Бастапқы агенттің қарсы бұйрықтары негізінде орталық депозитарий Бастапқы агенттің жеке шотындағы қысқа мерзімді ноталар санының жеткілікті болуын тексереді және олардың саны жеткілікті болған жағдайда, есеп айырысу аяқталғанға дейін қысқа мерзімді ноталарды оқшаулауды жүзеге асырады.
79. Қор биржасының бұйрығы немесе Уәкілетті бөлімшенің және Бастапқы агенттің қарсы бұйрықтары негізінде орталық депозитарий Ұлттық Банктің позициясынан ақшаны есептен шығаруға және орталық депозитарийдің позициясына есептеуге төлем тапсырмасын қалыптастырады және Орталыққа береді.
80. Орталық орталық депозитарийдің төлем тапсырмасы негізінде Ұлттық Банктің позициясынан орталық депозитарийдің позициясына ақшаны есептен шығаруды жүзеге асыра отырып, орталық депозитарийге ақша аударуды жүзеге асырғаны туралы тиісті растауды жібереді.
81. Орталық депозитарийдің позициясына ақша есептелгеннен кейін орталық депозитарий орталық депозитарийдің позициясынан ақшаны есептен шығаруға және Бастапқы агенттің позициясына есептеуге төлем тапсырмасын қалыптастырады және Орталыққа береді.
82. Орталық орталық депозитарийдің төлем тапсырмасы негізінде орталық депозитарийдің позициясынан депоненттің позициясына ақшаны есептен шығаруды жүзеге асыра отырып, орталық депозитарийге ақша аударуды жүзеге асырғаны туралы тиісті растауды жібереді.
83. Орталықтың ақша аударымын жүзеге асыру туралы растауы негізінде орталық депозитарий қысқа мерзімді ноталарды сатып алу-сату мәмілесін тіркеуді қысқа мерзімді ноталарды Бастапқы агенттің жеке шотынан есептен шығару арқылы жүзеге асырады және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін оларды эмитенттің қосалқы шотына есептейді.
84. Ұлттық Банк сатып алған қысқа мерзімді ноталар айналыс мерзімі аяқталғанға дейін толық немесе ішінара өтелуі мүмкін.
85. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеуі туралы шешім Ұлттық Банктің Уәкілетті бөлімшеге жетекшілік ететін орынбасарының өкімімен ресімделеді.
86. Қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеуді тіркеуді орталық депозитарий Ұлттық Банктің Төрағасы орынбасарының қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеу туралы өкімі негізінде қысқа мерзімді ноталарды сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу және оларды орталық депозитарийдің қызмет көрсетуінен шығару үшін эмитенттің қосалқы шотынан есептен шығару арқылы жүзеге асырады.
87. Орталық депозитарий Ұлттық Банкке ұсынатын қысқа мерзімді ноталардың тиісті шығарылымын алда болатын өтеу туралы мәліметтерде мерзімінен бұрын өтелген қысқа мерзімді ноталар Ұлттық Банк сатып алған қысқа мерзімді ноталардың жалпы тізіміне кіргізілмейді, бөлек жолда көрсетіледі.".
1-қосымшада:
2.2.3-тармақта "брокер-дилерлік" деген сөздер "брокерлік және дилерлік" деген сөздермен ауыстырылсын;
2.4.2-тармақта "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамымен" деген сөздер "орталық депозитариймен" деген сөздермен ауыстырылсын.
7-қосымшаның 10-тармағының 2) тармақшасында "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамы" деген сөздер "орталық депозитарий" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Монетарлық операциялар департаменті (Герасименко Ю.В.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов СБ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігіне, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына, "Қазақстан Қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамына жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары М.М. Сартбаевқа жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы Ә. Сәйденов