Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2010.08.12 N 46 бұйрығымен.
"Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11, 18-баптарына сәйкес, Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының "Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 27 маусымдағы N 37 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4295 нөмірімен тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Прокурорлар осы тармақтың бірінші абзацында атап көрсетілген істер санатына қатысы жоқ азаматтық істерге прокуратура басшысының нұсқауы бойынша қатысады";
7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Прокурорлардың талаптары мен арыздары бойынша қозғалған істерге қай бөлімшенің бастамасы бойынша іс қозғалса, соның қызметкерлері бірінші сатыдағы сотта прокуратураның өкілдері ретінде қатысуды қамтамасыз етеді. Прокуратура органдары мен мекемелері жауапкер ретінде қатысатын істер бойынша жауапкердің өкілі ретінде қатысушы кандидатураларды тиісті прокуратуралар мен мекемелердің басшылары анықтайды.
Мұндай істерді қарау кезінде сот жарыссөзінен кейін жалпы істің мән-жайы бойынша прокурордың қорытындысы талап етілмейді.
Процесте бәсекелестікті қамтамасыз ету және апелляциялық мерзім ішінде аталған санаттағы істер бойынша заңсыз сот шешімдеріне шағымдану мен наразылық келтіру жауапкершілігі осы қызметкерлерге жүктеледі.".
2. Осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін Азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау департаменті (Айсин Т.С.) шаралар қолдансын.
3. Бұйрық Бас әскери прокурорға, облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.
4. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры 2-дәрежелі
мемлекеттік әділет кеңесшісі Р. Түсіпбеков