"Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамызда N 116 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 30 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5328 болып енгізілді. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 189 Қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05. N 189 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4486 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4773 тіркелген) Агенттік Басқармасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 153 қаулысымен, "Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы N 225 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 26 мамырдағы N 80 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5252 тіркелген) енгізілген өзгерістермен бірге мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "22-1) қор биржасы - Қазақстан Республикасының аумағында қызмет жасайтын қор биржасы.";
      3-тармақ "(бұдан әрі - басқа рейтинг агенттіктері)" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақтың бірінші абзацы "Зейнетақы активтері" деген сөздерден кейін "және меншікті активтер" деген сөздермен толықтырылсын;           
      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. Ұйымда инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда ұйым тек қызмет көрсететін жинақтаушы қордың меншікті активтеріне қатысты ғана инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
      Ұйымда клиенттер шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда Ұйым тек онда басқаруда болған жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы және меншікті активтеріне, сондай-ақ Ұйымның меншікті активтеріне қатысты ғана брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет көрсетеді.";
      19-тармақта:
      5) тармақшада:
      "ұсынымды берген тұлғалардың" деген сөздерден кейін "олардың лауазымдық қызметтерін көрсеткен" деген сөздермен толықтырылсын;
      "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:
      "6) осы құралдың түрін, көлемін, баға диапазонын, кірістілік деңгейін және басқа да сипаттамаларын (талаптарын) көрсете отырып, қаржы құралын сипаттау;
      7) Қор әзірлеген инвестициялық декларацияға сәйкес мәмілені аяқтауды ұсынатын қорытындының мақсаты.";
      20-тармақтың 10) тармақшасындағы "инвестициялық шешім қабылдаған тұлғалардың қолы" деген сөздердің алдынан "олардың лауазымдық қызметтерін көрсете отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      24-тармақтың 8) тармақшасындағы "инвестициялық шешім қабылдаған тұлғалардың қолы" деген сөздердің алдынан "олардың лауазымдық қызметтерін көрсете отырып," деген сөздермен толықтырылсын;
      1-қосымшада:
      1-тармақта:
      2-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:
"

2.

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар

                                                    ";
      4-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

4.

Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі салымдар мынадай талаптардың біріне сәйкес келген жағдайда:
банктердің халықаралық шәкіл бойынша Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-" төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе "Standard & Poor's" ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ-" төмен емес рейтинг бағасы бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар болса;
банктер Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкіл бойынша "А-" темен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент емес сабақтас банктің еншілес резидент банктері болып табылса;
банктер кор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторындағы бірінші санатқа енгізілген эмитент банктер болып табылса.

                                                        ";

      7-реттік нөмірлі жол мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
      "қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші санатына кіргізілген заңды тұлғалардың акциялары.";
      9-реттік нөмірлі жол мынадай редакцияда жазылсын:

"

9.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған мемлекеттік емес бағалы қағаздары:
1) Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-"ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzВВ" төмен емес рейтингтік бағасы бар, оның ішінде кор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторындағы бірінші немесе екінші санатқа енгізілген ұйымдардың акциялары;
2) қор биржасының ресми тізімінің "акциялар" секторындағы бірінші немесе екінші санатқа енгізілген ұйымдар акциялары;
3) Standard & Poor's агенттігінің "В-" ден төмен емес халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі немесе Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша "kzВ-" төмен емес рейтингі бар, оның ішінде қор биржасының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар;
4) қор биржасының ресми тізіміндегі "рейтинг бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатына енгізілген борыштық бағалы қағаздар;
5) Қазақстан Республикасы ұйымдарының инфрақұрылымдық облигациялары;
6) басқарушы компаниясы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық пай инвестициялық қорларының пайлары.

                                                       ";
      12-реттік нөмірлі жолдағы:
      "Туынды бағалы қағаздар: депозитарлық қолхаттар" деген сөздер "Депозитарлық қолхаттар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "фьючерс, опцион, своп, форвард" деген сөздер "фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "12. KASE-Shares (Kazahstan Stock Ехсhange - Shares)" деген цифр мен сөздер "12. KASE (Kazahstan Stock Ехсhange)" деген цифр мен сөздермен ауыстырылсын";
      13-реттік нөмірлі жол алынып тасталсын;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Мынадай қаржы құралдарына салынатын инвестициялардың жиынтық көлемі әрбір қордың зейнетақы активтерінің 5%-нан аспауы тиіс:

1.

Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған, қор биржасының ресми тізіміндегі "рейтинг бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" шағын санаты бойынша енгізілген борыштық бағалы қағаздар, инфрақұрылымдық облигацияларды қоспағанда;

2.

Басқарушы компаниясы қор биржасының ресми тізіміне енгізілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын аралық пай инвестициялық қорларының пайлары.

3.

Базалық активтері Standard & Poor's агенттігінің "ВВ-"ден төмен халықаралық рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар қаржы құралдары болып табылатын фьючерстер, опциондар, своптар, форвардтар

                                                                   ";

      3-қосымшада:
      "Талаптардың критерииі" деген бағандағы 14-реттік нөмірлі жолдағы "сәйкесінше санаттағы біліктілік куәліктеріне ие" деген сөздер алынып тасталсын;
      5-қосымшада:
      66-реттік нөмірлі жолдағы "сәйкесінше санаттағы біліктілік куәліктеріне ие" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын, инвестициялық портфельді немесе клиенттер шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясы бар ұйымдар осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап үш ай аралығында өз қызметін осы Ереженің 7-1-тармағының талаптарына сәйкестендіруі тиіс.
      3. Осы қаулы қолданысқа енгеннен кейін жинақтаушы зейнетақы қорының портфелінде бар борыштық бағалы қағаздар осы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін болса, онда Ұйым (Қор) мұндай қаржы құралдарын 2012 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде іске асырады.
      Осы қаулы қолданысқа енген күні екінші деңгейдегі банктерде салымдары бар, осы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін Ұйымдар (Қорлар) банк салымы шартының қолданылу мерзімін ұзарту құқығынсыз банк салымы шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін аталған салымдарды ұстап қалады.
      4. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      5. Стратегия және талдау департаменті (Әбдірахманов Н.А.):
      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      6. Агенттіктің Төраға қызметі (Кенже А.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық баспасөз құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                     Е.Бахмутова