"Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар портфелінің құрылымы және екінші деңгейдегі банктердің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 53, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бірлескен қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 22 тамыздағы N 123 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 18 қыркүйекте Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5308 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз .

      Нормативтік құқ ы қ ты қ актілерді жетілдіру ма қ сатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі-Агенттік) Басқармасы Қ АУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар портфелінің құрылымы және екінші деңгейдегі банктердің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 53, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 112 бірлескен  қаулысына (Нормативтік құқ ы қ ты қ актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2856 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар портфелінің құрылымы және екінші деңгейдегі банктердің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептерді ұсыну нысандары мен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қа да ғ алау ж ө ніндегі агенттігіні ң 2004 жыл ғ ы 12 с әуірдегі  N 112 және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармаларының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 53 бірлескен қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 29 қаңтардағы N 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3482 тіркелген), "Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау мәселелерi бойынша ө згерiстер мен толы қ тырулар енгiзу туралы" 2005 жылғ ы 27 тамызда ғ ы N 310 (Нормативтік құқ ы қ ты қ актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3868 тіркелген), "Екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар портфелінің құрылымы және екінші деңгейдегі банктердің басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялар туралы есептерді ұсыну нысандарымен мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 112 және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармаларының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 53 бірлескен қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4067 тіркелген) қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-қосымшаның 1-кестесінде:
      реттік нөмірі 3-жолда:
      "тізіміне" деген сөз "ресми тізімінің "акциялар" секторының бірінші және/немесе екінші санатына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жоғары санат бойынша" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" Заңды тұлғалар бiрлестiгiне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2008 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімде "Жинақтаушы зейнетақы қорларының және бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының есептілігін қалыптастыруды автоматтандыру" Автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені жетілдіруді қамтамасыз етсін.
      5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.А. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

       Төрайым                                            Е. Бахмутова