Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкестендіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828
қаулысына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1569 тіркелген, 2002 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі нормативтік актілер жинағында жарияланған, 5-том) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға ұлттық бiрегейлендiру нөмiрлерiн беру қағидаларын бекiту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 114
қаулысымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2312 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттiк бағалы қағаздарға Ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидаларын бекiту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына өзгерiстер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 301
қаулысымен
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3240 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Мемлекеттік бағалы қағаздарға Ұлттық біріздендіру нөмірлерін беру қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 15 мамырдағы N 828 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 26 наурыздағы N 104 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3593 тіркелген)) енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк бағалы қағаздарға Ұлттық бiрiздендiру нөмiрлерiн беру қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
кіріспесі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздерден кейін "және республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтың 5) тармақшасы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздерден кейін "және республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттiк бағалы қағаздары үшiн осы бағалы қағаздардың мынадай түрлері бойынша сипаттамасы:
1) орта мерзімді;
2) ұзақ мерзімді;
3) индекстелген орта мерзімді;
4) индекстелген ұзақ мерзімді;";
18-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) жергілікті атқарушы органдарына қатысты қысқартылған атауды қолдануға жол берілмейді;";
Қағидаларға 1-қосымшада:
3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) "А" - Алматы қаласының жергілікті атқарушы органы;
2-2) "Z" - Астана қаласының жергілікті атқарушы органы.";
4-тармақта:
13) тармақшадағы "." деген тыныс белгісі ";" деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 14)-17) тармақшалармен толықтырылсын:
"14) "Е" рәмізі - республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орта мерзімді бағалы қағаздары;
15) "F" рәмізі - республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұзақ мерзімді бағалы қағаздары;
16) "G" рәмізі - республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының орта мерзімді индекстелген бағалы қағаздары;
17) "Н" рәмізі - республикалық мәндегі қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұзақ мерзімді индекстелген бағалы қағаздары.".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, республикалық мәндегі қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарына мәлімет үшін жеткізсін.