Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз.
1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі N 112
бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тілімінде 2007 жылы 24 сәуірде N 4625 тіркелген, "Юридическая газетінде" 2007 жылы 11 шілдеде, N 104 (1307) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:
барлық мәтіндер бойынша "Тіркеу қызметі" деген сөздерден кейін»"және құқықтық көмек көрсету" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың тоғызыншы бөлігінде "жоқ" деген сөзден кейін "(бар)" деген сөзбен толықтырылсын;
46-тармақтың 10) тармақшасында "жоқ" деген сөзден кейін "(бар)" деген сөзбен толықтырылсын;
46-тармақтың 11) тармақшасында "кедендiк төлемдер бойынша берешектерi" деген сөздерден кейін»"мен аяқталмаған сыртқы сауда мәмiлелерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
49-тармақтың алтыншы абзацында "жоқ" деген сөзден кейін "(бар)" деген сөзбен толықтырылсын;
51-тармақта бірінші абзац мынадай мазмұнда жазылсын:
"51. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс. Өзінің қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс, ал өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) қажетті құжаттары қоса тіркеліп өтініш қоса берілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.";
52-тармақта:
"мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:" деген сөздерден кейін "субъектілері" деген сөз "субъектілерін" деген сөзбен ауыстырылсын;
"олардың филиалдары мен өкілдіктерін" деген сөздерден кейін "есептік тіркеу (қайта тіркеу)" деген сөздер алынып тасталсын;
"олардың филиалдары мен өкілдіктерін" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ өзінің қызметін үлгілік жарғының негізінде жүзеге асыратын орта және ірі кәсіпкерлік субъектілерін" деген сөздермен толықтырылсын;
"кешіктірілмей жүргізілуі тиіс" деген сөздерден кейінгі "," тыныс белгісі "." деген тыныс белгісіне ауыстырылсын;
"ал өзге заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) және олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу)" деген сөздер "Өзге де заңды тұлғалардың және олардың филиалдары мен өкілдіктерінің құрылтай құжаттарына мемлекеттік қайта тіркеуге әкеп соқтырмайтын өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу" деген сөздермен ауыстырылсын;
54-тармақта:
бірінші бөлікте "ережелердің болмауы," деген сөздерден кейін "не бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салық берешегінің болуы, сондай-ақ құрылтайшысы жұмыс істемейтін заңды тұлға болған жағдайда және (немесе) егер заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы жұмыс істемейтін заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы және (немесе) іс-қимылға жарамсыз немесе іс қимылға жарамдылығы шектеулі және (немесе) із-түзсіз жоқ болып кеткен болса, және (немесе) қайтыс болды деп жарияланған болса, және (немесе) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша қылмыс жасағаны үшін сотталғанда, және (немесе) жеке басын куәландыратын жоғалтқан құжаттары тапсырылғанда" деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Тiркеушi орган заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеуден немесе қайта тiркеуден, филиалды (өкiлдіктi) есептік тiркеуден немесе қайта тiркеуден заңда көзделген мерзімде бас тартқан жағдайда оған тапсырған құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес келмеуiне сiлтеме қамтылған бас тарту жөнінде жазбаша хат беріледi.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары өзінің қызметінде осы бұйрықты басшылыққа алсын.
3. Осы бұйрық бастапқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі З. Балиева