Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебінің нысанын және оны келісу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 12 тамыздағы N 400 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 26 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5290 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 12) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебінің нысаны;

      2) сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебін келісу ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (С.М. Бекбосынов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықпен бекітілген Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебінің 2-тармағын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      Осы Бұйрықпен бекітілген Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебінің 2-тармағы қолданысқа енген күннен бастап көрсетілген Нысанның 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      Министр                                     Б. Жәмішев

       Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
      2008 жылғы 12 тамыздағы  
      N 400 бұйрығымен бекітілген

Сырттай байқау әкімшісі
қорытынды есебінің нысаны

____________                                    __________________
   (күні)                                         (жасалған жері)

___________________________________________________________________
                (Сырттай байқау әкімшісінің аты-жөні)

1. Борышкер туралы жалпы мәліметтер

      1. Борышкердің атауы немесе аты-жөні, СТН, заңды мекен-жайы:
__________________________________________________________________.
      2. Борышкердің атауы немесе аты-жөні, БСН, заңды мекен-жайы:
__________________________________________________________________.
      3. Қызмет түрі: ____________________________________________.
      4. Басшының аты-жөні: ______________________________________.
      5. Ұйымдастыру-құқықтық нысаны:_____________________________.
      6. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) атауы немесе аты-жөні және олардың үлестерінің мөлшерін қоса алғанда өзге мәліметтер
__________________________________________________________________.
      7. Жарғылық капиталдың мөлшері (мың теңге):_________________.
      8. Акциялардың мемпакетінің болуы және мөлшері, %:__________.
      9. Орташы тізімдік саны (адам):_____________________________.

2. Ұйымдастыру-құқықтық іс-шаралар

      10. Сырттай байқауды енгізу туралы өтінішпен сотқа жүгінген тұлға:____________________________________________________________.
      11. Соттың сырттай байқау рәсімін енгізу туралы ұйғарымы (ұйғарымның күні және соттың атауы):
200__жылғы»"___"»_________________________________________________,
                                 (соттың атауы)

200__жылғы»"___"»____________ заңды күшіне енді (қосымшасы қоса беріледі).
      12. Соттың сырттай байқау рәсімін ұзарту туралы ұйғарымы (ұйғарымның күні және соттың атауы):
200__жылғы»"___"»_________________________________________________,
                                 (соттың атауы)

200__жылғы»"___"»____________ заңды күшіне енді (көшірмесі қоса беріледі).
      13. Сырттай байқауды енгізу туралы ақпараттық хабарды жариялау туралы мәліметтер (газеттің шығарылым нөмірі мен атауы):
_____________________________№N_____ 200__ жылғы»"___"____________
      (баспа басылымы)

(көшірмелері қоса беріледі).
      14. Сырттай байқау әкімшісін тағайындау туралы бұйрықтың күні және нөмірі 200__жылғы»"__"________N_____(көшірмесі қоса беріледі).
      15. Уәкілетті орган бекіткен кредит берушілер комитетінің құрамы (сырттай байқау рәсімін қаржыландыру тәртібі мен шарттары туралы келісімді қоса бере отырып) және оған өзгерістер (егер енгізілсе):
___________________________________________________________________.
      16. Кредит берушілер комитетінің отырыстары және оларда қабылданған шешімдер:
___________________________________________________________________.

3. Борышкердің қаржы-экономикалық ахуалы

      17. Баланс бойынша активтердің құны (қалдық құны):___________.
                                                        (мың теңге)
      18. Негізгі қорлардың тозу пайызы:___________________________.
      19. Қаржы-экономикалық ахуалының негізгі көрсеткіштері:

Атауы

сырттай байқау
рәсімін
енгізу күніне

сырттай байқау рәсімін аяқтау күніне

баланс бойынша ағымдағы
өтімділік коэффициенті:



баланс бойынша жеке қаражатпен
қамтамасыз етілу коэффициенті:



баланс бойынша төлем қабілетті-
лігін қалпына келтіру коэффициенті:



Кредиторлық берешек, барлығы,
мың теңге



- оның ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер бойынша



Дебиторлық берешек, мың теңге



       20. Борышкер мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар:
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
      21. Түгендеу актілері бойынша борышкердің мүлкін салыстыру нәтижелері:
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
      22. Борышкердің қаржы ахуалын нашарлатқан сырттай байқау рәсімі енгізілгенге дейін алдыңғы 3 жылда жасалған мәмілелер туралы ақпарат, қабылданған шаралар:
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
      23. Қасақана және жалған банкроттықтың анықталған белгілері, қабылданған шаралар:
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
      24. Активтерді шығарудың себептері мен негіздемелері (мүлік иелерінің немесе уәкілетті органдардың және т.б. шешімдері):
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
      25. Дебиторлық берешекті өндіріп алу және шығарылған мүлікті қайтару бойынша жүргізілген іс-шаралар:
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________.
      26. Борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі және оған қатысты оңалту рәсімін қолдану немесе борышкерді банкрот деп тану туралы қорытынды:
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________.

      Қосымшасы ______ парақта.

      Сырттай байқау
      әкімшісі        ______________      _________________________
                          (қолы)                   (аты-жөні)

      Қазақстан Республикасы   
Қаржы министрінің     
     2008 жылғы 12 тамыздағы  
      N 400 бұйрығымен бекітілген

Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебін келісу
ережесі

       1. Осы Сырттай байқау әкімшісінің қорытынды есебін келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетімен (бұдан әрі - Комитет), оның аумақтық бөлімшелерімен және олардың филиалдарымен сырттай байқау рәсімін жүргізу кезінде сырттай байқау әкімшісінің қызметі туралы оның қорытынды есебін (бұдан әрі - Есеп) келісу тәртібін анықтайды.

      2. Сырттай байқау рәсімі аяқталғаннан кейін сырттай байқау әкімшісі осы бекітілген нысан бойынша кредит берушілермен келісілетін Есепті жасайды.

      3. Сырттай байқау әкімшісі сот анықтаған сырттай байқау мерзімі аяқталған күнге дейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірілмеген мерзімде сырттай байқау әкімшісін кім тағайындағанына қарамастан кредит берушілер комитетімен келісілген Есепті Комитетке, оның аумақтық бөлімшесіне немесе филиалына келісуге жібереді.

      4. Комитет, оның аумақтық бөлімшесі немесе оның филиалы Есепті қарайды және ескертулері болмаған кезде оны берген сәтінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей келіседі.

      5. Берілген Есеп бекітілген нысанға сәйкес келмеген немесе толық ақпаратты қамтымаған жағдайда сырттай байқау әкімшісіне берген кезінен үш жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша дәлелді ескертулер жіберіледі, ол екі жұмыс күннің ішінде оларды жоюы және Есепті келісуге қайта беруі тиіс.

      6. Кредит берушілер комитетімен және Комитетпен, оның аумақтық бөлімшесімен немесе оның филиалымен келісілген есепті сырттай байқау әкімшісі келісілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей сотқа келісуге береді.

      7. Есепте борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкіндігі және оған қатысты оңалту рәсімін қолдану туралы немесе борышкерді банкрот деп тану туралы қорытындыны көрсету қажет.

      8. Сырттай байқау рәсімін аяқтау туралы сот ұйғарымының көшірмесін сырттай байқау әкімшісі ұйғарымның шыққан күнінен жеті жұмыс күн мерзімінен кешіктірмей Комитетке, оның аумақтық бөлімшесіне немесе оның филиалына және борышкерге жібереді.