Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1.»"Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 169-ө бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4775 болып тіркелген, 2007 жылғы 15 тамыздағы "Заң газеті" газетінің N 124 (1153) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Аталған бұйрықпен бекітілген Сыныптамаға 8-қосымшада:
"АD органикалық емес не органикалық құрамдастары бар қалдықтар" бөлігінде мынадай жол алынып тасталсын:
AD160 |
Қаланың тұрмыстық қалдықтары |
"АС Құрамында металдар мен органикалық емес материалдар болуы мүмкін негізінен органикалық құрамдас құрауыштардан тұратын қалдықтар" бөлігінде мына жол алынып тасталсын:
АС270 |
Кәріз лайы |
Мына жолмен ауыстыру қажет:
АС270 |
Өнеркәсіп кәсіпорындарының лай қалдығы |
"А. 1 GA Қалдықтардың жасыл тізімі Металдар мен металл қорытпаларының металдық диспергирленбейтін нысандағы қалдықтар" бөлігі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
GA121 |
Қоланың қалдықтары мен сынықтары |
GA122 |
Латуньның қалдықтары мен сынықтары |
"GВ металдарды балқытудың, қорытудың және тазартудың құрамында металы бар қалдықтары" бөлігі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
GВ050 |
Жылумен өңделген құм және балшықтың пішінделген қоспалары |
GВ060 |
Құю өндірісінің қалдықтары |
GВ070 |
Жоғары көміртекті феррохром өндірісінің шлагы |
GВ071 |
Жоғары көміртекті феррохромның шлактарын өңдеуден кейін |
GВ072 |
Орташа көміртекті феррохром өндірісінің шлагы |
GВ073 |
Төмен көміртекті феррохром өндірісінің шлагы |
"GD диспергирленбейтін нысандағы тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтары" бөлігі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
GD090 |
Көмір елендісі |
GD100 |
Кокс елендісі |
GD110 |
Әк тас қалдықтары |
GD111 |
Әк қалдықтары |
"GG Құрамында металдар мен органикалық материалдар болуы мүмкін негізінен органикалық емес құрамдастары бар басқа да қалдықтар" бөлігі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
GG170 |
Бетон, сынған кірпіш, сылақ, ағаш, шыны сынығы қалдықтарының қоспасы (құрылыс қоқысы) |
"GO Құрамында металдар мен органикалық емес материалдар болуы мүмкін негізінен органикалық құрамдас құрауыштардан тұратын басқа да қалдықтар" бөлігі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
GO060 |
Қатты тұрмыстық қалдықтар (коммуналдық) |
GO061 |
Кәріздеу тазарту имараттарынан лай қалдықтары |
2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған соң он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Ысқақов
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
__________________А. Дерновой
2008 жылғы 8 тамыз