1.»"Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесін бекіту туралы"»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 25-ші сәуірдегі N 143
бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4682 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Жасалған шарттарды тіркеуді талап ететін шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша шығыстардың тізбесінде:
3»"Бюджеттік кредиттер" санаты, 5 "Бюджеттік кредиттер" сыныбы, 510 "Ішкі бюджеттік кредиттер" ішкі сыныбы, 511 "Жергілікті атқарушы органдарға берілетін бюджеттік кредиттер", 512 "Қарыз алушы банктерге берілетін бюджеттік кредиттер", 514 "Жеке тұлғаларға берілетін бюджеттік кредиттер", 519 "Өзге де ішкі бюджеттік кредиттер" ерекшеліктері, 520 "Сыртқы бюджеттік кредиттер" ішкі сыныбы, 521 "Өзге елдерге берілетін бюджеттік кредиттер" ерекшелігі алынып тасталсын.