Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 23 маусымдағы N 49 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 25 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5272 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 31.08.2016 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банк шоттарын ашу және жүргізу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1199 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2000 жылы N 9 жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1675 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2001 жылы N 40-41 жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулыққа өзгерістерді бекіту туралы" 2001 жылғы 8 қазандағы N 382, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2244 тіркелген, 2003 жылғы 6 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінің N 137-138 (23348) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 21 наурыздағы N 90, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2343 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2003 жылғы 2-15 маусымда N 12 жарияланған, "Банктік депозиттік сертификаттарды бағалы қағаздар деп тану және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1199 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 140, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4094 тіркелген, 2006 жылғы 10 наурызда "Заң газеті" газетінің N 42-43 (849) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 2, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4534 тіркелген, 2007 жылғы 16 ақпанда "Заң газеті" газетінің N 25 (1054) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 18 қаңтардағы N 2, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5128 тіркелген, 2008 жылғы 19 ақпанда "Заң газеті" газетінің N 25 (1251) жарияланған, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2000 жылғы 2 маусымдағы N 266 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 24 қазандағы N 123 қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен қоса) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының банктерінде клиенттердің банктік есепшоттарын ашу, жүргізу және жабу ережесінде:

      11-тармақта:
      1) тармақшада:
      бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін - қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттігін растайтын, орыс және/немесе мемлекеттік тілдерде нотариалды түрде куәландырған құжаттар;";
      алтыншы абзацта "филиалдар мен өкілдіктер" деген сөздерден кейін ", заңды тұлғалардың өзге нысандары" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке кәсіпкерлер үшін - қол қою үлгісі бар құжат;";
      4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке кәсіпкерлер үшін - қол қою үлгісі бар құжат;";
      6) тармақшаның алтыншы абзацы алынып тасталсын;

      16-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      17-тармақта:
      1) тармақшада:
      бесінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "қоғамдық және діни бірлестіктердің филиалдары және өкілдіктері үшін - қоғамдық немесе діни бірлестіктің жарғысында және оның филиалы немесе өкілдігі туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланған (тағайындалған) қоғамдық немесе діни бірлестіктің филиалы немесе өкілдігі басшысының өкілеттігін растайтын, орыс және/немесе мемлекеттік тілдерде нотариалды түрде куәландырған құжаттар;";
      алтыншы абзацта "филиалдар мен өкілдіктер" деген сөздерден кейін ", заңды тұлғалардың өзге нысандары" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке кәсіпкерлер үшін - қол қою үлгісі бар құжат;";
      4) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "жеке кәсіпкерлер үшін - қол қою үлгісі бар құжат;";

      19-6-тармақта:
      бірінші абзацында "ақша сомасы" деген сөздерден кейін ", нотариустың ағымдағы шотының жеке бірегейлендіру коды" деген сөздермен толықтырылсын;
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) борышкердің нотариустың депозитіне ақша салуын растайтын құжаттың көшірмесі;";

      20-тармақта:
      үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын;
      "Банктік шот ашу, сондай-ақ мынадай шарттарды:
      1) банкте (филиалда, бөлімшеде) әрбір клиент бойынша электронды түрде істі (бұдан әрі - электронды досье) қалыптастыру жөнінде қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету және клиенттің банкте (филиалда, бөлімшеде) банктік шотының болуы туралы ақпараттың болуын;
      2) банктік шотты ашу кезінде клиенттің электронды досьеде өзгерістердің болмауын орындау үшін банкте осы Ережеде көзделген басқа құжаттар болған кезде қол қою үлгілері мен мөр таңбасы бар бір құжат негізінде заңды тұлға клиенттің бір банкте (филиалда, бөлімшеде) бірнеше банктік шотын ашуға жол беріледі.";
      бесінші абзац алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
      "21-1. Банкте операциялар жасау құқығына арналған сенімхат Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген тәртіппен ресімделеді және сенім білдірушінің банктік шоты ашылған банктің атауы болуы тиіс";

      22-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Әрбір клиент бойынша арнайы ашылған істе сондай-ақ банкте операциялар жасау құқығына арналған сенімхаттың көшірмесі тігіліп, сақталады.";

      30-тармақтың екінші абзацында "Жеке тұлғалар, мөрі жоқ жеке" деген сөздер "Мөрі жоқ жеке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаменті (Шәріпов С.Б.):

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және өкілдігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Заң департаментінен жариялауға өтінімді алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ә.Ғ. Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк Төрағасы                             Ә. Сәйденов