"Эпидемиология және тағам гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 630 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2008 жылғы 30 мамырдағы N 314 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 15 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5257 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Эпидемиология және тағам гигиенасы санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы N 630 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 3075 тіркелген) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Сыра мен алкогольсiз сусындарды өндiру жөнiндегi объектiлерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларында:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) шағын өндіріс объектісі - қуаттылығы тәулігіне 10000 литрден аспайтын сыра және алкогольсіз сусындарды өндіретін объект;";

      5-тармақта:

      екінші сөйлем мынадай сөздермен толықтырылсын:

      "шағын өндіріс объектісінен басқасы.";

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Шағын кәсіпкерлік объектілерін бос ғимараттарда және әкімшілік ғимараттарында орналасқан, тиісті алаңдары сәйкес келген жағдайда сыра барларында, кафелерінде, мейрамханаларда орналастыруға рұқсат етіледі.";

      6-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын: ", шағын өндіріс объектілерінен басқасы.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Шағын өндіріс объектісінің шаруашылық мақсаттағы үй-жайлары (қоймалары, жөндеу шеберханалары, қазандығы, гаражы, медициналық пункті) шағын өндіріс субъектісі белгілеген өндірістік қажеттілігіне байланысты анықталады және оның аумағында орналастырылады.";

      12-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шаруашылық аймағының жолдары мен өтетін жерлері қатты жабындармен жабылуы тиіс.";

      15-тармақтың бірінші сөйлеміндегі "күніне" деген сөз "аптасына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      33-тармақтың екінші сөйлеміндегі "салқындатылатын" деген сөз алынып тасталсын;

      62-тармақ мынадай сөздермен толықтырылсын:

      "шағын өндіріс объектісінен басқасы. Қойма қызметкерлері объект үшін ортақ санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды, оның ішінде жылуды пайдаланады.";

      66-тармақ мынадай абзацпен толықтырылсын:

      "Шағын өндіріс объектісінің өндірістік үй-жайларының жиынтығы өндіріс процесін реттейтін бойынша нормативтік-техникалық құжаттамамен айқындалады.";

      122-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Алкогольсіз сусындар өндірісіне концентраттар қолданылған жағдайда, шағын өндіріс объектісінде купаждау және құю цехтардың бөлмелерін бірлесіп қолдануға рұқсат етіледі.";

      128-тармақта:

      "жеке үй-жайларда" деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Объектінің жұмысы маусымдық сипатта болған жағдайда уыт пен дайын өнімдер пісіп жетілдіру мақсатында оларды ашық алаңда саңылаусыз тағамдық изотермиялы сыйымдылықтарда сақтауға жол беріледі.";

      152-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Аталған тармақтың талаптары шағын өндіріс объектілеріне қолданылмайды.";

      161-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Квасты өндіру, сақтау және тасымалдауға арналған сыйымдылықтардың люктері жұмысшы құрамының қол щеткаларымен іш жағына ішкі беттерін шаю мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.";

      181-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Зарарсыздандыруды объектінің оқыған қызметкері жүргізеді. Объектіге дезинсекция мен дератизацияны зарарсыздандыру жұмыстарымен айналысатын ұйымдар жүргізеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Белоног А.А.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу департаменті (Малғаждарова Б.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Дерновой