Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 19-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5191 болып тіркелген, 2008 ж. 30 мамырдағы N 81 (1307) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне 1-қосымша , осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім департаменті (С. М. Өмірбаев):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Түймебаев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы»18 маусымдағы
N 360 бұйрығына қосымша
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық
және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне
1-қосымша
ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы
аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы
N |
Пән |
2 (қанағат- |
3 (қанағат- |
4 (жақсы) |
5 (үздік) |
1. |
Қазақ тілі |
0-2 |
3-13 |
14-20 |
21-25 |
2. |
Орыс тілі |
0-2 |
3-13 |
14-20 |
21-25 |
3. |
Қазақстан тарихы |
0-2 |
3-13 |
14-20 |
21-25 |
4. |
Математика |
0-2 |
3-11 |
12-19 |
20-25 |
5. |
Физика |
0-2 |
3-11 |
12-19 |
20-25 |
6. |
Химия |
0-2 |
3-11 |
12-19 |
20-25 |
7. |
Биология |
0-2 |
3-13 |
14-20 |
21-25 |
8. |
География |
0-2 |
3-13 |
14-20 |
21-25 |
9. |
Дүниежүзі тарихы |
0-2 |
3-13 |
14-20 |
21-25 |
10. |
Қазақ әдебиеті |
0-2 |
3-13 |
14-20 |
21-25 |
11. |
Орыс әдебиеті |
0-2 |
3-13 |
14-20 |
21-25 |
12. |
Ағылшын тілі |
0-2 |
3-13 |
14-20 |
21-25 |
13. |
Неміс тілі |
0-2 |
3-13 |
14-20 |
21-25 |
14. |
Француз тілі |
0-2 |
3-13 |
14-20 |
21-25 |
15. |
Қазақ тілі орыс |
0-2 |
3-11 |
12-17 |
18-25 |
16. |
Орыс тілі қазақ |
0-2 |
3-11 |
12-17 |
18-25 |