"Теңiз портының күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі 2003 жылғы 5 қарашадағы N 262-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 3 сәуірдегі N 104-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 20 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5221 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      1998 жылғы 9 шілдедегі "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Теңiз портының күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 262-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2598 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2003 жылғы 27 желтоқсандағы N 52 нөмірінде жарияланған, "Теңiз портының күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды және бәсекелестікті қорғау жөніндегі 2003 жылғы 5 қарашадағы N 262-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2005 жылғы 11 наурыздағы N 78-НҚ бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2005 жылғы 28 наурызда N 3522 нөмірмен тіркелген, "Ресми газеттің" 2005 жылғы 16 сәуірдегі N 16 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыпта және 1-тармақта "күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi" деген сөздер алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңiз портының күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициентiн бекіту ережесінде:

      тақырыпта және барлық мәтін бойынша "күштерiмен және құралдарымен орындалатын жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақта:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мәлімделген көлем - клиенттің немесе теңіз портының уақытша төмендету коэффициентін бекітуге арналған мәлімдемесінде көрсетілген теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің жоспарланып отырған көлемі;";

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "уәкілетті орган - мемлекеттік орган табиғи монополиялар салаларындағы бақылауды және реттеуді жүргізетін орган.";

      4-тармақтың екінші абзацындағы "реттеліп көрсетiлетiн жұмыстар мен қызметтер көлемiнiң" деген сөздерден кейін "теңіз портының қолданысқа енгізілмеген немесе толық қолданысқа енгізілмеген қуаттылықтарын пайдалану мүмкіндігімен," деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ алып тасталсын;

      7 және 18-тармақтардағы "жүктердi ауыстырып тиеу бойынша", "жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi" деген сөздер алып тасталсын;

      19-тармақтағы "табиғи монополия субъектiсiнiң реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын)" деген сөздер "теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ережеге 1-қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрыштағы "күштерімен және құралдарымен орындалатын жүктерді ауыстырып тиеу жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;

      5 және 6-тармақтардағы "жүктердi ауыстырып тиеудiң" деген сөздер "теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақта:

      бірінші абзацтағы "жүктердi ауыстырып тиеу бойынша" деген сөздер "реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "жүктердi ауыстырып тиеудi" деген сөздер "теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген Ережеге 2-қосымшада:

      оң жақ жоғарғы бұрыштағы "күштерімен және құралдарымен орындалатын жүктерді ауыстырып тиеу жөніндегі" деген сөздер алып тасталсын;

      1 және 3-тармақтардағы "жүктердi ауыстырып тиеу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге", "жүктердi ауыстырып тиеу жөнiндегi реттеліп көрсетілетін қызметтерден" деген сөздер "теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтеріне", "теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "жүктердi ауыстырып тиеудiң" деген сөздер "теңіз портының реттеліп көрсетілетін қызметтерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі, азаматтық авиация және порттар саласындағы реттеу департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетінің және "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары М.М. Оспановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

Н. Алдабергенов

КЕЛІСІЛГЕН:


Қазақстан Республикасының


Көлік және коммуникация министрі


________________ С. Ахметов


2008 жылғы 10 сәуір


КЕЛІСІЛГЕН:


Қазақстан Республикасы


Қаржы министрлігі


Салық комитетінің төрағасы


_________________ Н. Рахметов


2008 жылғы 24 сәуір