Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 18 сәуірдегі N 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі N 263 Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 12 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5216 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының   18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Құбыржолдары және су кәрізі жүйелері саласындағы реттеу департаменті (А.Г. Асқарова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары М.М. Оспановқа және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы Т.Е. Омаровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Табиғи монополияларды реттеу
      агенттігінің төрағасы
      _____________Н. Алдабергенов

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      ____________А. Күрішбаев

Қазақстан Республикасы Табиғи
монополияларды реттеу агенттігі
төрағасының 2008 жылғы    
18 сәуірдегі N 133-НҚ және  
Қазақстан Республикасы Ауыл 
шаруашылығы министрінің   
2008 жылғы 25 сәуірдегі N 263
бірлескен бұйрығымен бекітілген

Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің реттеліп
көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен)
технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесі

      1. Бас тоған көздерінен шаруашылық-ауыз су мұқтаждарына арнаулы көлікпен су жеткізу.

      2. Үй ішіндегі жүйелерге және есептеу құралдарына арналған қызметтер:
      1) сумен жабдықтаудың үй ішіндегі жүйесіне техникалық қызмет көрсету;
      2) кәріздің үй ішіндегі жүйесіне техникалық қызмет көрсету;
      3) есептеу құралдарын орнату;
      4) су тұтынушылардың меншігіндегі судың шығысын есептеу құралдарын тексеру.

      3. Сырттағы желілер мен құрылыстарға арналған қызметтер:
      1) су құбырының сыртқы желілеріне техникалық қызмет көрсету;
      2) кәріздің сыртқы желілеріне техникалық қызмет көрсету;
      3) су құбырлары және кәріз желілерінде судың ағуы мен бұзуын жою;
      4) кәріз желісін жуу және тазалау;
      5) су құбырларының жүйелеріне гидравликалық сынақтар өткізу;
      6) кәріз желілеріне гидравликалық сынақтар өткізу;
      7) табиғи монополия субъектісі балансындағы (қалалық су құбыры схемасындағы) желіге жобамен көзделмеген жаңа объектіні қосу;
      8) берешектерін төлегеннен кейін қайта қосу;
      9) су құбыры шаруашылығының желілерін, құрылыстары мен жабдықтарын жөндеу;
      10) кәріз шаруашылығының желілерін, құрылыстары мен жабдықтарын жөндеу;
      11) заңды және жеке тұлғаларға септиктер мен қазылған шұңқырлардан ағынды суларды сорып төгу.

      4. Мыналар:
      1) су көздерінен (беткі, жер асты);
      2) сумен жабдықтау жүйелерінен;
      3) кәріз жүйелерінен суды талдау бойынша қызметтер.