Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 наурыздағы N 40 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 4 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5208 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы инвестициялық қорлардың активтерін құрайтын қаржы құралдарын бағалау тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Агенттік Басқармасының»"Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiн бекiту туралы" 2004 жылғы 21 тамыздағы N 259 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3124 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Инвестициялық қор активтерiнiң, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептi құнын және акционерлiк инвестициялық қордың акцияларын сатып алу бағасын есепке алу және айқындау ережесiне :

       7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. Инвестициялық қордың активтерiн құрайтын және сауда-саттықты ұйымдастырушының тiзiмiне кiретiн қаржы құралы оның тiзiмiне кiрген сауда-саттықты ұйымдастырушының қаржы құралдарын бағалау әдістемесіне сәйкес нарықтық құны бойынша бағаланады.
      Қазақстан Республикасынан басқа өзге мемлекеттердiң заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдар Bloomberg ақпараттық жүйесінiң деректерi бойынша жұмыс күнінің соңына осы күннiң сауда-саттықты жабу бағасы бойынша бағаланады.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

      3. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):

      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бiрлесiп, осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.

      4. Агенттік Төрайымының қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                        Е. Бахмутова