БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4825 болып тіркелген, 2007 жылғы 22 тамыздағы N 128 (1331) "Юридическая газета" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
37-тармақта "ҚОӘБ қызметкерлерін алып тастағанда" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы бұйрық ол алғашқы рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Н. Ысқақов