Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 11.11.2015 № 639 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Қалабаев Н.Б.) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
4. "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 9 қыркүйекте N 2477 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2003 жылғы, N 31-36, 870-құжатпен, Заң газетінде 2005 жылғы 2 қыркүйектегі N 160-161 (894-895) сандарында жарияланған, "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде N 3633 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы шілдеде, N 31-36, 870-құжатпен жарияланған, "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 16 тамыздағы N 543 бұйрығымен, мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 3795 тіркелген, нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2005 жылғы қазанда, N 19, 163-құжатпен жарияланған, "Қазақстан Республикасында Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 6 ақпандағы N 58 бұйрығымен, мемлекеттік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 4093 тіркелген, Заң газетінде 2006 жылғы 10 наурыздағы N 42-43 (1022-023) сандарында жарияланған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі К. Шәмшидиноваға жүктелсін.
Министр |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген |
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 16.03.2017 № 125 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары (бұдан әрі-Қағидалар) басқа мемлекеттерде, халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған жеке тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім туралы құжаттарын тану және нострификациялау тәртібін айқындайды.
Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) білім туралы құжаттарды нострификациялау - басқа мемлекеттерде халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) бiлiм алған адамдарға берiлген құжаттардың баламалылығын анықтау мақсатында жүргiзiлетiн рәсiм;
2) білім туралы құжаттарды тану - шетелдік білім беру біліктілігінің маңызын уәкілетті органның ресми растауы.
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау жеке адамдарға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ сенімхат негізінде алушының мүддесін білдіретін адамдарға көрсетіледі.
2. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау Қазақстан Республикасының аумағында заңды күші бар білім туралы құжаттарды тану және баламалылығын анықтау мәселелері бойынша халықаралық шарттарға (бұдан әрі - өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттар), "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) және осы Қағидаларға сәйкес реттеледі.
3. "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау" көрсетілетін мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – көрсетілетін мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) және "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) жүзеге асырады.
4. Тану және нострификациялау рәсiмiн жүргізу үшін білім туралы құжаттарды қабылдау және беру Орталық, сондай-ақ баламалы негізде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ережесінің 16 тармақ 13) тармақшасына сәйкес білім туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау туралы шешімді уәкілетті орган қабылдайды.
6. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау және тиісті куәліктерді беру көрсетілетін қызметті алушының немесе сенімхаты негізінде алушының мүддесін білдіретін адамның өтініші бойынша жүзеге асырылады.
1 - тарау. Білім туралы құжаттарды тану және (немесе) нострификациялау тәртібі
1 - параграф. Бiлiм туралы құжаттарды тану тәртiбi
7. Бiлiм туралы құжаттарды тану туралы құжаттар берілген жағдайда Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған және апостелденген көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
Білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған және апостелденген көшірмесін ұсыну мүмкін болмаған жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады.
Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше-мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостелдендіру талап етілмейді.
Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.
3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.
Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге және тиісті түрде расталған).
Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқаны теңестіру үшін);
4) төлем туралы түбіртек.
Көрсетілетін қызметті алушы өзінің дайындығын дәлелдейтін, оның ішінде кәсіби қызметке рұқсат беретін, практикалық тәжірибесі туралы дәлелді құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттар олардың белгіленген тәртіппен нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
8. Өтiнiштер халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі базасында (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) тiркеледi.
9. Заңдастырылған немесе апостелденген білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Егерде білім туралы құжат заңдастырылмаған немес апостелденбеген болса мұндай өтінішті қарау мерзімі білім туралы құжаттың берілгендігі туралы деректердің және шетелдік білім беру ұйымының білім беру қызметін іске асыруға құқығы барының расталуын алу уақытын ескере отырып 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
Мерзім Орталыққа көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін жеткізу уақытын есептемей осы Қағиданың 7 тармағында көрсетілген барлық құжаттарды тапсырған уақыттан бастап есептеледі.
Егерде білім туралы құжаттың берілу деректерін және шетелдік білім беру ұйымының білім беру қызметін іске асыруға құқығы барын растау туралы алғашқы сұранысқа жауап болмаған жағдайда қайта сұраныс жолданып білім туралы құжаттарды тану туралы өтініштерді қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күнге ұзартылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушы өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттар (келісімдер) қолдану аясына жататын білім туралы құжатты ұсынған жағдайда Орталық 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттарды қайтару себебін көрсете отырып еркін түрдегі ескертпе-хат жолдайды және ұсынылған құжаттарын қайтарады.
11. Білім туралы шетелдік құжатты тану үшін сараптамалық бағалау жүргізіледі.
Білім туралы құжаттқа сараптамалық бағалауды уәкілетті органмен келісе отырып Орталық директорының бұйрығымен бекітілетін Отралықтың ішкі сараптау комиссиясы жүзеге асырады.
12. Сараптамалық бағалаудың мәні мен мазмұны:
1) егерде білім туралы құжат заңдастырылмаған, апостелденбеген болса білім туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау;
2) білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының оны беру кезеңінде сәйкесінше білім беру қызметімен айналысуға құқығы бар екенін анықтау;
3) білім деңгейін және (немесе) біліктілігін бағалау;
4) оқу кезеңдерін анықтау;
5) білім туралы құжаттың иесіне құжатты берген мемлекетте берілетін академиялық және/немесе кәсіби құқықтарының Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік үлгідегі тиісті білім туралы құжаттарға және (немесе) біліктілікке берілетін құқықтарымен теңдігін анықтау болып табылады.
13. Өткізілген сараптамалық қорытынды нәтижесінде Орталық уәкілетті органға шетелдік білім туралы құжатты тану туралы ұсыныс енгізеді.
14. Уәкілетті органның бiлiм туралы құжатты тану туралы шешiмнiң негiзiнде Орталық осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес білім туралы құжатты тану туралы куәлiк ресімделеді.
15. Тану туралы куәлік Орталық немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша үшінші тұлғаға беріледі.
16. Егер:
1) білім туралы құжаттың берілгендігі туралы деректің расталмауы немесе білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының білім беру қызметімен айналысуға құқығының болмауы;
2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі ретінде танымаған елдің білім туралы құжатын немесе құжатты берген елдің білім саласындағы уәкілетті органымен танылмаған білім беру ұйымы берген білім туралы құжатты ұсынған жағдайда;
3) шетелдік білім беру бағдарламасының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы жалпыға міндеті білім беру стандарттарының (бұдан әрі – ҚР МЖБС) бірде-бір білім беру деңгейіне және (немесе) дайындық бағытына (мамандық, кәсіп) жатқызу мүмкін болмаса;
4) білім туралы құжаттың берілу дерегін және білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының оны беру кезеңінде сәйкесінше білім беру қызметімен айналасуға құқығы бар екенін анықтау бойынша қайта жолданған сұранысқа жауап болмаған жағдайларда тану бойынша теріс шешім шығарылады.
Білім туралы құжатты тану бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда Орталық теріс шешім шығару туралы ескертпені мемлекеттік корпорацияға жолдайды немесе көрсетілетін қызметті алушыға немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде үшінші тұлғаға береді.
17. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне және (немесе) оның қызметкерлерінің, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), сонымен қатар Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) оның қызметкерлеріне шағымдана алады.
2-параграф. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау тәртiбi
18. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы құжаттарды берілген жағдайда Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттар ұсынылады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған және апостелденген көшірмесі (түпнұсқа салыстыру үшін, қайтарылып беріледі) және білім туралы құжаттың және оның қосымшасының, мөрдің аудармасын қоса алғанда нотариалды куәландырылған аудармасы (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
Білім туралы құжаттың және оның қосымшасының заңдастырылған және апостелденген көшірмесін ұсыну мүмкін болмаған жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады.
Білім туралы құжат Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ресми құжаттарды заңдастырудың күшін жоюды көздейтін құқықтық көмек туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) мүше-мемлекетте берілген жағдайда білім туралы құжаттың және оның қосымшасының нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады, мұндай құжаттарды заңдастыру немесе апостелдендіру талап етілмейді.
Құжаттың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасының дұрыстығын Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариус немесе құжат берілген елдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдары куәландырады.
3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты.
Қазақстан Республикасының резиденті емес адамдар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың немесе паспорттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге және тиісті түрде расталған).
Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқаны теңестіру үшін);
4) төлем туралы түбіртек.
Көрсетілетін қызметті алушы өзінің дайындығын дәлелдейтін, оның ішінде кәсіби қызметке рұқсат беретін, практикалық тәжірибесі туралы дәлелді құжаттарын ұсынады. Аталған құжаттар олардың белгіленген тәртіппен нотариалды куәландырылған аудармасымен, оның ішінде мөрдің аудармасымен бірге ұсынылады (егер құжат толығымен шет тілінде болса).
19. Өтiнiштер ХҚО ЫАЖ тiркеледi.
20. Заңдастырылған немесе апостелденген білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.
Егерде білім туралы құжат заңдастырылмаған немес апостелденбеген болса мұндай өтінішті қарау мерзімі білім туралы құжаттың берілгендігі туралы деректердің және шетелдік білім беру ұйымының білім беру қызметін іске асыруға құқығы барының расталуын алу уақытын ескере отырып 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
Мерзім Орталыққа көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін жеткізу уақытын есептемей осы Қағиданың 18 тармағында көрсетілген барлық құжаттарды тапсырған уақыттан бастап есептеледі.
Егерде білім туралы құжаттың берілу деректерін және шетелдік білім беру ұйымының білім беру қызметін іске асыруға құқығы барын растау туралы алғашқы сұранысқа жауап болмаған жағдайда қайта сұраныс жолданып білім туралы құжаттарды тану туралы өтініштерді қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күнге ұзартылады.
21. Көрсетілетін қызметті алушы өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттар (келісімдер) қолдану аясына жататын білім туралы құжатты ұсынған жағдайда Орталық 5 (бес) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға қайтару себебін көрсете отырып еркін түрдегі ескерту-хат жолдайды және ұсынылған құжаттарын қайтарады.
22. Нострификациялау рәсімі:
1) егерде білім туралы құжат заңдастырылмаған немесе апстелденбеген болмаса білім туралы құжаттың түпнұсқалығын анықтау;
2) білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының оны беру кезеңінде сәйкесінше білім беру қызметімен айналысуға құқығы бар екенін анықтау;
3) шетелдік білім туралы құжаттың ҚР МЖБС сәйкес деңгейлеріне баламалығын (сәйкестігін) анықтау кезеңдерінен тұрады.
23. Шетелдік білім туралы құжаттардың ҚР МЖБС-ға баламалылығын (сәйкестігін) анықтауды қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының мамандарын жұмылдыра отырып Орталық іске асырады.
24. Негізгі орта және жалпы орта білім туралы құжаттар бойынша сараптамалық қорытынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:
1) оқу мерзiмi;
2) оқытылған пәндер тiзбесi.
25. Техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттар бойынша сараптамалық қорытынды мынадай өлшемдердің қаралуы негізінде қабылданады:
1) оқу мерзiмi;
2) оқытылған пәндер тiзбесi мен көлемі;
3) практиканың бар болуы;
4) қорытынды аттестаттаудың және деңгейінің бар болуы.
Алынған білім мен тәжірибе оқу жоспарлары мен оқу әдістемелеріндегі ықтимал айырмашылықтарды тану арқылы қорытынды дайындық тұрғысынан бағаланады.
26. Егер оқылған бейінді пәндер тізбесінде едәуір айырмашылық анықталған жағдайда өтініш білдіруші өзінің білім деңгейін және/немесе біліктілігін, практикалық дағдыларын дәлелдейтін қосымша құжаттарды ұсынады. Шетелдік білім туралы құжаттың және (немесе) біліктіліктің баламалылығын анықтау мүмкін болмаған жағдайда сарапшы құжаттың төменгі деңгейдегі білімге және (немесе) біліктіліктің баламалы деп тану туралы немесе қорытындыда көрсетілген мамандық бойынша білімін жалғастыруға құқық беру туралы қорытынды береді.
27. Егер шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжатта көрсетілген біліктілік Қазақстан Республикасының білім деңгейі бойынша дайындық бағыттары мен мамандықтары жіктеуішінде болмаған жағдайда білім мазмұнына сәйкес жүргізілетін жақын мамандықтар анықталады.
28. Орталық білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы шешімді уәкілетті органға ұсынады.
29. Уәкілетті органның білім туралы құжатты нострификациялау туралы шешімнің негізінде Орталық осы Қағидаларға 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес тиісті куәлік ресімдейді.
30. Нострификациялау туралы куәлік Орталық немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті алушыға немесе нотариалды расталған сенімхат бойынша үшінші тұлғаға беріледі.
31. Егер:
1) білім туралы құжаттың берілгендігі туралы деректің анықталмаған;
2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы халықаралық құқық субъектісі ретінде танымаған елдің білім туралы құжатын немесе құжатты берген елдің білім саласындағы уәкілетті органымен танылмаған білім беру ұйымы берген білім туралы құжатты ұсынған;
3) шетелдік білім беру бағдарламасының ҚР МЖБС сәйкес қабылданған бірде-бір білім беру деңгейіне және (немесе) дайындық бағытына (мамандық, кәсіп) жатқызу мүмкін болмаған;
4) білім туралы құжаттың берілу дерегін және білім туралы құжатты берген білім беру ұйымының оны беру кезеңінде сәйкесінше білім беру қызметімен айналасуға құқығы бар екенін анықтау бойынша қайта жолданған сұранысқа жауап болмаған жағдайларды нострификациялау бойынша теріс шешім шығаруға негіз бола алады.
Білім туралы құжатты тану бойынша теріс шешім қабылданған жағдайда Орталық теріс шешім шығару туралы ескертпені мемлекеттік корпорацияға жолдайды немесе көрсетілетін қызметті алушыға немесе нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде үшінші тұлғаға береді.
32. Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне және (немесе) оның қызметкерлерінің, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), сонымен қатар Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) оның қызметкерлеріне шағымдана алады.
3 тарау. Тану немесе нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасын беру тәртібі
33. Егер өтініш берушінің тегі, аты әкесінің атын (бар болған жағдайда) өзгерген және бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiгiн жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда, тану және нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасы (бұдан әрi - телнұсқа) берiледi.
35. Көрсетілетін қызметті алушы телнұсқа алу үшін Орталыққа немесе Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Қағиданың 8–қосымшасына сәйкес нысан бойынша телнұсқаны беру туралы өтініш;
2) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) немесе нотариальды куәландырылған сенімхат негізінде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты;
Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);
3) Егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырса тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқаны теңестіру үшін)
4) төлем туралы түбіртек.
36. Берілген куәлік бланкісінің оң жақ жоғары бұрышына "Дубликат" деген жазу жазылады.
37. Білім туралы құжатты тану және нострификациялау туралы қуәліктің телнұсқасын беру туралы өтінішті қарау мерзімі осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап өтінішті Орталыққа және көрсетілетін қызметтің нәтижесін мемлекеттік корпорацияға жеткізу уақытын есептемеген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Өтініш
Сізден ____________________________________________________________________
(тану, нострификациялау)
Мақсат____________________________________________________________________
(жұмысқа орналасу, оқуды жалғастыру)
Білім туралы құжаттың түрі, сериясы және нөмрі
__________________________________________________________________________
(диплом, аттестат, куәлік, сертификат)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Кім берген ________________________________________________________________
(Білім беру ұйымының, елдің толық атауы)
мамандық бойынша ________________________________________________________
(толық атауы)
Берілген
біліктілік/академиялық дәреже _______________________________________________
__________________________________________________________________________
(толық атауы)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ұсынылған мәліметтердің
дұрыстығына толық жауап беремін.
"___" ____________ 20___жыл ______________________________
(қолы)
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 2-қосымша нысан |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
КУӘЛІК
(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
нотариалды расталған аудармасымен жарамды)
БТ №____________
Осы білім туралы құжат ____________________________________________________
__________________________________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
__________________________________________________________________________
(білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)
Берген құжат сәйкеc
құқықтық теңдігімен _______________________________________________________
біліктілік/академиялық дәрежесімен
Қазақстан Республикасында танылды деп куәландырылады
Негіздеме ______________________________
(шешімнің күні мен нөмірі)
Мөрінің орны Басшысы _____________
(қолы)
Тіркеу нөмірі _______________
20_____ жылғы "____" _______________
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 3-қосымша нысан |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
КУӘЛІК
(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
нотариалдық расталған аудармасымен жарамды)
ЖБ-ІІ № _________
Осы білім туралы құжат _____________________________________________
__________________________________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
берілген _________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)
сәйкеc құқықтық теңдігімен _________________________________________________
_________________________ (білім алуға және/немесе кәсіби қызметке қол жеткізу)
__________________________ мамандығы бойынша
__________________________________________________________________________
______________________________ біліктілігі/академиялық дәрежесімен қоса берілген
Қазақстандық жоғары білімнен кейінгі дипломға баламалы деп куәландырылады
Негіздеме: ______________________________________________________________
(шешімнің күні және нөмрі)
Мөрінің орны Басшысы ____________________
(қолы)
Тіркеу нөмірі №_________
20____жылғы "______" ________________
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 4 - қосымша нысан |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті КУӘЛІК
(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
нотариалдық расталған аудармасымен жарамды)
ЖБ-І № __________
Осы білім туралы құжат _____________________________________________________
__________________________________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
берілген __________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)
сәйкеc
құқықтық теңдігімен_______________________________________________________
_________________________(білім алуға және/немесе кәсіби қызметке қол жеткізу)
_________________________мамандығы бойынша
__________________________________________________________________________
____________________________________біліктілігі/академиялық дәрежесімен қоса берілген
Қазақстандық жоғары білім туралы дипломға баламалы деп куәландырылады
Негіздеме: ______________________________________________________________
(шешімнің күні және нөмрі)
Мөрінің орны Басшысы ________________
(қолы)
Тіркеу нөмірі №_________
20____жылғы "______" ________________
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 5 – қосымша нысан |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
КУӘЛІК (білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
нотариалдық расталған аудармасымен жарамды)
ТКБ № __________
Осы білім туралы құжат ___________________________________________
___________________________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
Берілген ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
___________________________________________________________
(білім туралы құжатты берген ұйымның, елдің атауы)
сәйкеc
құқықтық теңдігімен _________________________________________________
_________________________(білім алуға және/немесе кәсіби қызметке қол жеткізу)
__________________________мамандығы бойынша
_________________________________________________________________
____________________________________біліктілігі/академиялық дәрежесімен қоса берілген
Қазақстандық техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға баламалы деп куәландырылады
Негіздеме: ___________________________________________________
(шешімнің күні және нөмрі)
Мөрінің орны Басшысы _________________
(қолы)
Тіркеу нөмірі №_________
20____жылғы "______" ________________
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 6 - қосымша нысан |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
КУӘЛІК
(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
нотариалдық расталған аудармасымен жарамды)
ЖОБ № __________
Осы білім туралы құжат _____________________________________________
__________________________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
берілген____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________
(білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
сәйкеc
құқықтық теңдігімен_________________________________________________
_________________________(білім алуға және/немесе кәсіби қызметке қол жеткізу)
_________________________мамандығы бойынша
_________________________________________________________________
____________________________________біліктілігі/академиялық дәрежесімен қоса берілген
Қазақстандық жалпы орта білім туралы аттестатқа баламалы деп куәландырылады
Негіздеме: ______________________________________________________
(шешімнің күні және нөмрі)
Мөрінің орны Басшысы _________________
(қолы)
Тіркеу нөмірі №_________
20____жылғы "______" ________________
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 7 - қосымша нысан |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
КУӘЛІК
(білім туралы құжаттың түпнұсқасымен және оның
нотариалдық расталған аудармасымен жарамды)
НОБ № ____________
Осы білім туралы құжат ___________________________________________
_________________________________________________________________
(құжаттың атауы, сериясы және нөмірі)
Берілген _________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(білім туралы құжатты берген ұйымның атауы, берген күні)
сәйкеc
құқықтық теңдігімен ____________________________________________________
_________________________(білім алуға және/немесе кәсіби қызметке қол жеткізу)
_________________________мамандығы бойынша
______________________________________________________________________
____________________________________ біліктілігі/академиялық дәрежесімен қоса берілген
Қазақстандық негізгі орта білім туралы аттестатқа баламалы деп куәландырылады
Негіздеме: _____________________________________________________________
(шешімнің күні және нөмрі)
Мөрінің орны Басшысы ________________
(қолы)
Тіркеу нөмірі №_________
20____жылғы "______" ________________
Өтініш
Сізден____________________________________________________________________
(білім туралы құжатты тану/нострификациялау туралы куәліктің телнұсқасын беру)
__________________________________________________________________________
Себебі____________________________________________________________________
(куәліктің жоғалуы/бүлінуіне және т.б. себебі)
Білім туралы құжаттың сериясы, нөмрі және түрі
__________________________________________________________________________
(диплом, аттестат, куәлік, сертификат)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(білім беру ұйымының, елдің атауы)
мамандық бойынша ________________________________________________________
(толық атауы)
Берілген
біліктілік/академиялық дәреже _______________________________________________
__________________________________________________________________________
(толық атауы)
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді
пайдалануға келісім беремін.
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес ұсынылған мәліметтердің
дұрыстығына толық жауап беремін.
"___" _____________ 20___жыл ______________________________
(қолы)