Өскемен қаласы мәслихатының 2007 жылғы 16 сәуірдегі N 32/3 және әкімдігінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 253 "Көшелерді қайта атау туралы" бірлескен түрдегі шешімі мен қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Бірлескен Өскемен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 16 қазандағы N 3037 қаулысы, Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 23 қазандағы N 2/5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2007 жылғы 16 қарашада N 5-1-71 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес және қалалық ономастикалық комиссиясының 2007 жылғы 14 наурыздағы қорытындысының негізінде Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 сәуірдегі N 32/3 және Өскемен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 253 "Көшелерді қайта атау туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 5-1-60, 2007 жылғы 2 маусымдағы N 59 "Дидар", 2007 жылғы 2 маусымдағы N 81 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) бірлескен түрдегі шешімі мен қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы "Тоқымашылар даңғылының торапты бөлігін" сөздері "Тоқымашылар даңғылы" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Өскемен қаласының әкімі

Сессия төрағасы

Қалалық мәслихаттың хатшысы