Қазақстан Республикасы Су кодексінің 92-бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі
N 24/385-ІІІ
шешіміне (N 2455 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген, "Дидар" газетінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 107, "Рудный Алтай" газетінің 2007 жылғы 4 қыркүйектегі N 132 сандарында жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесіндегі:
4-тармақ мынадай
редакцияда жазылсын:
"4. Ереже халықты орталықтандырылмаған сумен жабдықтау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ жеке мұқтаждықтарына ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау үшін су объектілерін пайдаланатын заңды және жеке тұлғаларға да таралады.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде тәулігіне елу текше метрге дейінгі көлемде су алған кезде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитет төрағасының 2006 жылғы 17 ақпандағы N 29 бұйрығымен бекітілген, N 4124 нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде тіркелген Халықты орталықтандырылмаған ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау кезінде заңды және жеке тұлғалармен пайдаланылатын су объектілерін тіркеу
ережелеріне
сәйкес су объектісін тіркеу жүргізіледі.";