"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтардың мынадай санаттарына коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмек тағайындалсын:
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне;
Соғыстың қатысушыларына теңестірілген адамдарға;
Бұрынғы КСР Одағын қорғауда, басқа мерзімдерде әскери қызметтің өзге міндеттерін атқарғанда немесе майданда болуына байланысты ауру салдарынан, сондай-ақ Ауғаныстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген өзге мемлекеттердегі әскери қызметін өтегенде жаралану, контузия алу немесе зақымдану салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер.
3. Осы шешім 2007 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енеді.
Сессия төрағасы
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихаттың 2007 жылғы
17 шілдедегі N 24/388-ІІІ
шешімімен бекітілді
Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық
көмек ұсыну нұсқауы
Осы азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек ұсыну нұсқауы (бұдан әрі - Нұсқау) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабын іске асыру мақсатында әзірленді және азаматтардың кейбір санаттарына коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмек ұсынудың тәртібін белгілейді.
1. Коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмек алу құқығымен:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi;
2) Соғыстың қатысушыларына теңестірілген адамдар:
қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар;
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар;
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы КСР Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi;
қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;
екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары;
басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушылар, атап айтқанда:
бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар;
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің, қайталап некеге отырмаған жесірлері;
3) Бұрынғы КСР Одағын қорғауда, басқа мерзімдерде әскери қызметтің өзге міндеттерін атқарғанда немесе майданда болуына байланысты ауру салдарынан, сондай-ақ Ауғаныстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген өзге мемлекеттердегі әскери қызметін өтегенде жаралану, контузия алу немесе зақымдану салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер иеленеді.
2. Коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмек төлеу бойынша аудандық, қалалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып облыстың аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері табылады. Материалдық көмекті төлеуге қаражаттарды қаржыландыру және жұмсау 007 "жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
3. Нысаналы ағымдағы трансферттерді бөлу жөніндегі уәкілетті орган болып Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті табылады.
2. Материалдық көмекті тағайындау тәртібі
4. Жоғарыда аталған санаттарға материалдық көмек негізгі пәтер жалдаушы немесе тұрғын үйдің иесі болуына қарамастан 5 000 теңге мөлшерінде ай сайын ұсынылады.
5. Материалдық көмек алу үшін азаматтар, оны жеке шотқа аудару туралы өтінішті қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне беріледі. Өтінішке мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі: жеке куәлік, Ұлы Отан соғысы қатысушысының, мүгедегінің куәлігі және Ұлы Отан соғысы қатысушысына теңестірілген санатты растайтын өзге құжаттар, осы жерде тұру фактісін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабі немесе тұратын жерінен анықтама), "Қазпошта" АҚ филиалдарындағы немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің келісімі бойынша екінші деңгейдегі банктердегі жеке шоттың нөмірі.
6. Азаматтарға материалдық көмек беру өтініш беру түрінде және өтініш пен тиісті құжаттарды тапсырған айдан бастап беріледі.
7. Ай сайын мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы және аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері осы Нұсқаудың 1 тармағында көрсетілген алушылардың санаттарына салыстыру жасайды.
3. Коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмек төлеу бойынша нысаналы ағымдағы трансферттерді пайдалану тәртібі
8. Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті төлем шоттары негізінде осы Нұсқаудың 1 тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген азаматтарға коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмек төлеуге қаражаттарды аудандық және қалалық бюджеттерге аударады.
9. Аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері екінші деңгейдегі банктер және "Қазпошта" АҚ филиалдары арқылы жасасқан келісім-шарттардың негізінде Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдарға төлем жүргізеді.
10. Аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері есеп беруден кейінгі айдың 7-не дейін трансферттерді бөлу жөніндегі уәкілетті органға Ұлы Отан соғысы қатысушыларына, мүгедектеріне және Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдарға коммуналдық қызметтер шығыстарына өтемақы төлеуге материалдық көмек төлеуге бөлінген қаражаттарды пайдалану туралы есеп беруді 1, 2 қосымшаларға сәйкес ұсынады.
Азаматтардың кейбір санаттарына
материалдық көмек ұсыну
туралы нұсқауына
1 қосымша
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен коммуналдық қызметтерді өтеуге облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді игеру
Аудандардың атауы |
2007 жылғы бекітілген жоспар |
2007 жылғы нақтыланған жоспар |
Есеп беру күнге бөлінді |
Кассалық атқару |
Қаражаттарды жеткіліксіз игеру |
Себептері |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Бөлім басшысы
Бас бухгалтер
Азаматтардың кейбір санаттарына
материалдық көмек ұсыну
туралы нұсқауына
2 қосымша
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен коммуналдық қызметтерді өтеуге облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді игеру
Аудандардың атауы |
Есеп беру күнге өтемақы алған ҰОС қатысушыларының саны |
|||
ҰОС қатысушылары |
ҰОС мүгедектері |
ҰОС қатысушыларға теңестірілген |
Қорытындысы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Бөлім басшысы
Бас бухгалтер