"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағы 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы" бекітілсін.
2. "Халықтың аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы" Шардара аудандық мәслихатының 2003 жылғы 12 маусымдағы N 23-178-ІІ шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылы 15 шілдеде N 927 тіркелген, 2003 жылы 1 тамыздағы аудандық "Өскен өңір" газетінде жарияланған, Шардара аудандық мәслихатының 2004 жылғы 6 шілдедегі N 7-43-ІІІ "Шардара аудандық мәслихатының 2003 жылғы 12 маусымдағы N 23-178-ІІ "Халықтың аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық әділет басқармасында 2003 жылғы 15 шілдеде N 927 тіркелген шешіміне өзгерістер енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1452 тіркелген, 2004 жылы 6 тамыздағы аудандық "Өскен өңір" газетінің N 37 нөмірінде жарияланған, Шардара аудандық мәслихатының 2007 жылғы 14 наурыздағы N 35-215-ІІІ "Шардара аудандық мәслихатының 2003 жылғы 12 маусымдағы N 23-178-ІІ "Халықтың аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 14-15-41 тіркелген, 2007 жылғы 20 сәуірдегі аудандық "Шардара тынысы" газетінің N 16 жарияланған) күші жойылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы З. Талбидин
Аудандық мәслихат хатшысы Т. Бердібеков
Шардара аудандық мәслихатының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
N 4-27-ІV шешімімен бекітілген
Шардара ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген
азаматтарға тұрғын үй көмегін беру
ҚАҒИДАСЫ
Осы Қағида Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" N 553 қаулысына сәйкес жасалды.
1. Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғау түрінің бірі болып табылады. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау, коммуналды қызмет, байланыс қызметтеріне ақы төлеу және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына өтем ақы жүргізу үшін беріледі.
2. Тұрғын үй көмегі Шардара ауданында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға егер, тұрғын үйді және коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне төлем шығындары (тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегінде) отбасының жиындық табысының 20 пайызынан жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрінде төленеді. Бекітілген нормадай жоғары тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтеріне ақы төлем және минимум нысандарының (объектісінің) ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтемақы төлеуді азаматтар жалпы негіздерде жүргізіледі.
3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңымен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығынына өтемақыға тұрғын үй көмегін тағайындауда, есеп кондоминиум объектісі мүшесінің тіркелген үлесіне сәйкес жүргізіледі. Тұрғын үй көмегіне өтемақы оның көлеміне қарамастан бір жолғы төлемақы түрінде жүргізіледі.
2-тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау шарты
4. Тұрғын үй көмегі ауданда тұрақты тұратын және меншік нысанына қарамастан (жекешеленген тұрғын үйді ұстаудан басқа) тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушы (жалға алушы, жалдаушы) болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
1) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерін, байланыс қызметтерін пайдалануға;
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, жобалық – сметалық құжаттарын жасауға және мемлекеттік экспертизалық жұмыстардың шығындарына кондоминиум мүшелерінің үлестеріне сәйкес өтемақы жүргізу үшін беріледі.
5. Жеке меншігіндегі біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үй) бар немесе тұрғын жайды жалдаушы немесе жалға берушілер, сондай-ақ, жалға алушы тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
Отбасында күтуді қажет етеді деп танылған І, ІІ топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды, 80-жастан асқан қарт адамдарды күтіп бағып отырған немесе 7 жасқа дейінгі (бір және одан көп) баланы тәрбиелеумен шұғылданушы тұлғалардан басқа, жұмыс істемейтін, күндізгі оқыту бөлімінде оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген, өзін өзі жұмыспен қамтымаған еңбекке жарамды тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқы болмайды.
Өзін өзі жұмыспен қамтылған адамның табысы ең төменгі жалақы көлемінде есептеледі.
6. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрінде тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерін, байланысты қызметтерін тұтыну үшін төлемақы тұрғын үйді жалдаушыға (меншік иесіне) есептелген сомамен салыстырғанда беріледі.
Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтемақы жүргізуге тұрғын үй көмегі ақшалай түрде тұтынушының Халық банкісінің филиалындағы есеп шотына жіберіледі немесе жиналыс шешіміне сәйкес алушылар тізімі бойынша кондоминиум объектісін басқарушы органның жинақ есебіне немесе үш жақты келісім-шарты бойынша құрылыс жүргізуші мердігер мекеменің есеп шотына жіберіледі.
7. Тұрғын үй және коммуналдық қызметтерінің, байланыс қызметтерін тұтынуға жеңілдіктері бар және осымен бір мезгілде тұрғын үй көмегін алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтік қорғау нысандарының бірін таңдау мүмкіндігі беріледі. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтемақы жүргізуге тұрғын үй көмегі пайданылатын жеңілдіктеріне қарамастан үлестеріне сәйкес беріледі.
8. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығынға жүргізілген өтемақы кондоминиум қатысушысы ретінде төлемдерді (жарналарды) үнемі төлеп отырған жағдайда толық көлемде қайтарылып отырады.
9. Тұрғын үй көмегіне қажетті құжаттар толық тапсырылмаған жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды.
10. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы жылдың соңына дейін (31 желтоқсанға дейін) тағайындалады. Тұрғын үй көмегін алушыларды қайта тіркеу рәсімдеудің алғашқы процедурасы секілді жүргізіледі.
Отбасының тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді және байланыс қызметтерін тұтынуға төлемнің жұмсалуына жол беруге болатын шекті шығындар үлесі, отбасының табыстары, сондай-ақ тұрғын үй коммуналдық қызметтер ставкалары мен тарифтері өзгерген кезде қайта есептеулер жүргізіледі.
11. Тұрғын үй көмегін алушылар өз тұрғын үйінің меншік нысанына, отбасы құрамындағы және оның жиынтық табысындағы кез-келген өзгерістер туралы, сондай-ақ көмек дұрыс есептелмеген жағдайлар туралы тұрғын үй көмегі бөлімін 15 күн ішінде хабардар етуге тиіс.
Тұрғын үй көмегін тағайындау бөліміне жоғары немесе заңсыз өтем тағайындауға апарып соғатын жалған мәліметтерді әдейі бергені үшін жалға алушы (меншік иесі) алты ай бойы тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сомалар заңды тәртіппен қайтарылуға жатады, меншік иесі бас тартқан жағдайда төленген соманы қайтару сот тәртібімен шешіледі.
12. Тағайындалған тұрғын үй көмегі бойынша рәсімделген құжаттардың дұрыс еместігі үшін қызметкерлер жіберген қателігіне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
3-тарау. Тұрғын үй көмегін есептеу
13. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді Шардара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанында құрылған комиссия тұрғын үйді ұстауға және коммуналды қызметтерді, байланыс қызметтерін пайдаланатын жеке тұлғалардың төмендегі құжаттарының негізінде қабылданады:
1) тұрғын үй меншік иесі (жалға алушының) өтініші;
2) Қазақстан Республикасы Әділет Министірлігінің "Шардара ауданы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы" Республикалық мемлекеттік мекемесі берген жеке меншігіндегі тұрғын жай (пәтер) саны туралы анықтама;
3) отбасы құрамы туралы анықтама, жаңа үлгідегі үй кітапшасы;
4) тұрғын жайға құқылығын растайтын құжат (жекешелендіру шарты, сыйға тарту шарты, сату-сатып алу шарты, пәтер жоспары т.б.);
5) табысы туралы анықтама (зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы, алимент, еңбекақы, күндізгі бөлімде оқитындығы туралы анықтама, жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін еңбекке жарамды адамдары бар отбасылар үшін);
6) аудандық коммуникациялар желісінің абоненттері екендігін растайтын шарт;
7) балалардың туу туралы, неке туралы, немесе бұзылғандығы туралы N 4 үлгі, әкелігін анықтайтын куәліктері, еңбек кітапшасы-көшірмелері;
8) жекеменшік иесімен бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің жеке бастарын растайтын құжаттары:
9) СТК (түпнұсқа, көшірме);
10) ӘЖҚ (түпнұсқа, көшірме);
11) жинақ кітапшасы-көшірмесі;
14. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарға өтемақы төлеу үшін тұрғын жәрдемақысын тағайындауға қажетті құжаттар.
1) Кондоминиум объектісінің мүшесі ретінде мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлігі;
2) сараптамадан өткен, жобалау және сараптамадан өткізетін мекемелердің мөрлерімен куәландырылған, көп пәтерлі үйлерді күрделі жөндеу түрлері бойынша жобалау сметалық құжаттама түп нұсқа көшірмесі түріне есептік-сметалық құжат;
3) жекеменшік иесі мен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін мекеменің өзара жасасқан шартының көшірмесі;
4) кондоминиум мүшесінің статусын растайтын құжат-кондоминиум мүшесінің үлес мөлшері көрсетілген техникалық паспорты;
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуден өткізгеннен кейінгі қабылдау-тапсыру актісінің көшірмесі;
6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығынға жүргізілген өтемақы кондоминиум қатысушысы ретінде төлемдерді (жарнамаларды) төлегендігі туралы анықтама–ұсыныс.
15. Тұрғын үй көмегіне үміткерлердің ақпараттарына күмән туындаған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындау бөлімі жасаған сұранысқа заңды және жеке тұлғалар кіріс туралы ақпараттарды ұсынуға тиісті.
16. Тұрғын үй көмегі:
1) тұрғын үй алаңы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері және осы отбасының бұл мақсаттарға жасайтын шығындарының өтемі жол беруге болатын шекті деңгейі бойынша белгіленген нормада көрсетіледі.
2) абоненттік ақы тарифінің арттырылуы бөлігіндегі мөлшері телефон үшін абоненттік ақының көбеюі айырмасынан асырылмайды.
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу, жобалық-сметалық және мемлекеттік экспертизалық жұмыстар шығынына өтемақы есебімен толық көлемде өтеледі.
Отбасының жиынтық табысына өткен тоқсандағы табыстың барлық түрлері (тұрғын үй көмегі мен атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмектен, 18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға жәрдем ақы және өлі туылған баланы жерлеуге берілетін бір реттік төлем ақыдан басқа) кіреді.
4–тарау. Үй көмегін қаржыландыру көздері тәртібі
17. Тұрғын үй көмегін төлеуді қаржыландыру аудандық бюджеттің есебінен жүзеге асырылады (байланыс қызметін тұтынудан басқа). Байланыс қызметін тұтынуға төленетін қаржы Республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
18. Тұрғын үйді ұстау коммуналдық қызметтерді тұтынуға жұмсалатын есептік нормативтік шығындарды анықтау табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті ұсынған деректер негізінде жүргізіледі. Байланыс қызметін тұтыну бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының телекоммуникация дирекциясының деректері негізінде жүргізіледі.
19. Шардара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі комиссия шешімі негізінде берілетін көмектің сомасын көрсете отырып, көмек алушылардың тізімін жасайды және ай сайын Шардара ауданының қаржы бөлімінің бюджет орнын толтыруға көмек сомасына қажеттілікті тапсырады, байланыс қызметі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жүргізіледі. Аудандық қаржы бөлімі, аудандық уәкілетті орган аталған қаржыны еңбек және халықты әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің арнайы есеп шотына жібереді, ол өз кезегінде көмек алушылардың "Қазақстан халық банкі" АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының бөлімшелеріндегі есеп шоттарына атаулы түрде, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарын қоспағанда, аударады.