Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы " Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және " Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңдарына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау тәртібін жүргізу жөніндегі ереже, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптар бекітілсін (қоса тіркеледі).
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары И.Ә.Әбішевке жүктелсін.
3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы алғыш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Ө.Шөкеев
Облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Әбішев
Облыс әкімінің орынбасары Т.Дүйсенова
Облыс әкімінің орынбасары А.Жетпісбаев
Облыс әкімінің орынбасары А.Мамытбеков
Облыс әкімінің орынбасары Д.Мыңбай
Облыс әкімі аппаратының басшысы Б.Жылқышиев
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры Ж.Аманбаев
Облыстық қаржы департаментінің директоры Ы.Шалабаев
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2007 жылғы 24 тамыздағы N 271 қаулысымен
бекітілген
Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атаулар беру және қайта атау
тәртібін жүргізу жөніндегі ереже, жер учаскелеріне, ғимараттар мен құрылыстарға реттік нөмірлер беруге қойылатын талаптар
Осы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер беру талаптарын белгілеу ережелері (бұдан әрі Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы ", 2007 жылғы 11 қаңтардағы " Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " 3аңдарының талаптарына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облысы елді мекендерінің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту, жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер беру, көрсеткіштер орнату және пайдалану талаптарын анықтауды бірыңғай тәртіпке келтіру мақсатында әзірленген.
1-бөлім. Негізгі ережелер
1-тарау. Ережелерде пайдаланылатын түсініктер
1. Осы Ережеде мынадай түсініктер пайдаланылады: мекенжай Оңтүстік Қазақстан облысының белгіленген шекарасы шегінде объектінің (жер учаскесінің, ғимараттың, имараттың) орналасу орнының (орналасқан жері) жинақталған деректемелерінің белгіленген құрылымдық сипаттамасы;
саяжол екі жағынан ағаштармен, бұталармен, құлпырған өсімдіктермен шектелген жаяу жүргіншілер көшесі немесе жол;
желекжол жаяу жүргіншілер қозғалысы және қысқа мерзімді демалысы үшін тағайындалған және жағаланған екі немесе бір жағынан бөлінген көгалдандырылған кең жолақ;
қосып салынған объектілер ғимараттар мен имараттарда ғимараттардың (имараттардың) қасбетін қайта жаңартпай және жеке кіру жасамай ұйымдастырылған объектілер, ғимараттың (имараттың) қайта ұрылған бөлігінің функционалдық маңызы өзгеруі мүмкін;
ғимарат функционалдық мақсатына қарай адамдардың тұруына немесе ішінде болуына, өндірістік үдерісті орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды және тағы басқаларды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын көтергіш және қоршау құрылымдарынан тұратын, міндетті түрде жерге орныққан тұйықталған көлемді құрайтын, жасанды құрылыс. Fимараттың жер асты бөлігі болуы мүмкін;
инвестор қолданыстағы заңнамаға сәйкес және (немесе) тартылған құжаттарды қолданумен көше (өзге де қала құрылысы элементтері) атауларының көрсеткіштерін және ғимараттардың (имараттардың) реттік нөмірлерін әзірлеуге және орнатуға ниет білдірген тұлға;
қала кұрылысы элементінің санаты функционалдық қала құрылысы нысанын және объектінің (шағынаудан, ғимарат, имарат, көпір, көлік айырымы (айналым), фонтан, тас жол, даңғыл, көше, желекжол, саяжол, өту жолы, қысқа көше, тұйық көше және басқалар) ерекшелігін сипаттайтын қала құрылысы элементінің бөлінбес бөлігі;
квартал магистралды көшелермен, қысқа көшелермен бөлінбеген құрылыстың құрылымдық бөлшегі;
ландшафт оңалту аумақтары қалалық ормандар, орман саябақтар, орман қорғау аймақтары, сутоғандар, ауыл шаруашылығының пайдаланудағы жерлері және іріктелген аумақтарда орналасқан, ашық кеңістік жүйесін қалыптастыратын саябақтармен, бақтармен және желекжолдармен қоса басқа да пайдалы жерлері бар аумақтар;
магистралды жолдар қалалар және басқа елді мекендер арасында көліктік байланыс үшін белгіленген жол; шағынаудан қаланы қалыптастыратын көшелермен бөлінбеген шекарада, не болмаса қоныстану, не болмаса өндірістік, не болмаса ландшафты-оңалту аумағы болып табылатын құрылыстың құрылымдық-жоспарлау элементі;
атаулар шағынаудандарға, даңғылдарға, желекжолдарға, көшелерге, алаңдарға, қалалық және аулдық елді мекендердің өзге де құрылымдық элементтерін берілген, оларды бөлу және тану үшін қызмет ететін жеке атаулар;
ономастикалық комиссия географиялық объектілердің атауына және олардың атауларын өзгертуге бірыңғай көзқарас қалыптастыру, топонимикалық атауларды қолдану мен есепке алуды ретке келтіру, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлігі ретінде тарихи атауларды қалпына келтіру, сақтау жөніндегі ұсыныстарды әзірлейтін консультативтік-кеңесші орган;
сәулет және қала құрылысы органы сәулет және қала құрылысы саласын реттеуді жүзеге асыруға әкімдікпен уәкілеттік берілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
тілдерді дамыту органы тілдерді дамыту саласын реттеуді жүзеге асыруға және ономастикалық комиссия қызметін үйлестіруге әкімшілік-аумақтық бірлікке сәйкес әкімдікпен уәкілеттілік берілген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
өту жолы көлік құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және екі көше арасындағы (екі "т" тәрізді қысқа көшелер құрайды) көліктік байланысты қамтамасыз ететін ауданішілік, шағынауданішілік, кварталішілік қалалық және кенттік құрылыс объектілеріне өтуін қамтамасыз ететін негізгі немесе екінші дәрежелі өту жолы;
объектінің реттік нөмірі объектінің мекенжай құрылымының элементі: атауы (көше, шағынаудан және басқалар) бар объектілерге берілетін әріптер және (немесе) бөлшектер қосылу мүмкіндігімен бірізділік цифрдан тұратын объектінің жай нөмірі;
жапсаржай объектілері - ғимаратқа, имаратқа жапсаржай салынған қосымша орын-жай салу жолымен ғимараттарда және имараттарда ұйымдастырылған, сонымен қатар, ереже бойынша өздігінен функционалдық маңызы бар объектілер; түбегейлі жоспарлау жобасы құрылыстың сәулеттік-кеңістік және инженерлік-экономикалық шешімін айқындау мақсатында қалалардың және басқа елді мекендердің бас жоспары негізінде жеке бөліктері үшін әзірленген жоба;
өндірістік аумақ өнеркәсіптік кәсіпорындарды және солармен байланысты объектілерді орналастыруға арналған аумақ, тәжірибелік өндірістермен бірге ғылыми мекемелердің, коммуналдық-қоймалық объектілердің, сыртқы көлік имараттарының, қаладан тысқары және қала төңірегіндегі құрылыстардың кешені;
даңғыл жалпықалалық маңызы бар магистралды жол немесе магистралды көше;
бақ саябақ қала, кент немесе аулдық, қоныстану аумағында ұйымдастырылған және үштен он гектарға дейінгі ауданымен халықтың бұқаралық демалуына арналған тұйық шекаралармен анықталған жалпы қолданыстағы оқшауланған көгалдандырылған аумақ;
санитарлық-қорғаныш аймағы - арнаулы мақсаттағы аймақтарды, сондай-ақ өнеркәсіп орындары мен елді мекендегі басқа да өндірістік, коммуналдық және қоймалық объектілерді жақын маңдағы қоныстану аумақтарынан, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттардан және имараттардан оларға қолайсыз факторлардың әсер етуін әлсірету мақсатында бөліп тұратын аумақ;
қоныстану аумағы тұрғын, қоғамдық (қоғамдық-іскер) және оңалту аймақтарын, сондай-ақ инженерлік және көлік инфрақұрылымының жекелеген бөліктерін, орналасуы мен қызметі арнаулы санитарлық қорғаныш аймақтарын талап етуге әсер етпейтін басқа да объектілерді орналастыруға арналған елді мекен аумағының бөлігі;
шағын гүлбақ қала, кент немесе аулдық, қоныстану аумағында ұйымдастырылған және үш гектардан аспайтын ауданымен халықтың бұқаралық демалуына арналған тұйық шекаралармен анықталған жалпы қолданыстағы оқшауланған көгалдандырылған аумақ;
имарат жасанды кеңістік шекаралары бар және өндірістік үдерістерді орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға, немесе адамдарды, жүктерді уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргізуге) арналған жасанды ауқымды, тегістікті немесе сызықты объект (жер үсті, су беті және (немесе) жер асты, су асты). Имарат көркемдік-эстетикалық, әшекейлі-қолданбалы не болмаса мемориалды мақсатта болуы мүмкін;
тұйық көлік құралдарын тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және көше арасындағы (бір "т" тәрізді қысқа көшелер құрайды) көліктік байланысты құрамайтын ауданішілік, кварталішілік қалалық құрылыс объектілеріне өтуін қамтамасыз ететін негізгі немесе екінші дәрежелі өту жолы;
көрсеткіш жарық түсіретін, жарықты шағылыстыратын, контрастық объектілерді, материалдарды пайдалана отырып құрылған, азаматтарды сол немесе басқа көше, ғимарат немесе имараттың орналасуы туралы ақпараттармен қамтамасыз ету үшін белгіленген түсіндірме жазулары, цифрлары бар геометриялық нысанда белгіленген түрлі-түсті бейне;
қаланың бөлігі (қала құрылысының элементі) алаң, даңғыл, желекжол, көше, қысқа көше, саябақ, тұрғын үй ауданының бағы, шағынгүлбақ және қаланың басқа да құрамдас бөліктері. Осы Ережеде қаланың бөліктері деп әлеуметтік маңызы бар объектілер (денсаулық сақтау, білім, мәдениет және тағы басқа) айтылуы мүмкін;
тапсырыс беруші мемлекеттік органдар, мемлекеттік, сондай-ақ акцияларының (үлестерінің) елу және одан көбірек проценті немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
типтік нобай жобалық (жоспарлық, кеңістіктік, сәулеттік, технологиялық, конструкциялық, инженерлік, әшекейлік немесе басқа) шешімнің оңайлатылған, схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешімнің түпкі ойын түсіндіретін түрі.
2-тарау. Көрсеткіштерді орналастыру және пайдалану, жер учаскелеріне, ғимараттар мен имараттарға реттік нөмірлер беру талаптарын, қалалар немесе басқа елді мекеннің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау белгілеу саласында мемлекеттік реттеу
2. Қаладағы немесе басқа елді мекендердегі аудандарға, көшелерге, даңғылдарға және қаланың өзге де құрамдас бөліктеріне атау беру, жер учаскелеріне, ғимараттарға және имараттарға реттік нөмір беру, көрсеткіштерді орнату және пайдалану, оларды ретке келтіруді мына мемлекеттік органдар жүзеге асырады:
1) сәулет және қала құрылыс органдары;
2) тілдерді дамыту органдары.
3-тарау. Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен басқа елді мекендерінің аудандарына, шағынаудандарына, көшелеріне, даңғылдарына және басқа да құрамдас бөліктеріне атау беру (қайта атау), олардың атауларының транскрипцияларын өзгерту тәртібі
3. Қазақстан Республикасында әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы заңнамамен белгіленген тәртіпте Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар қалалар (бұдан әрі - қалалар) және басқа елді мекендер бөліктерінің атаулары оларды бөлуге және оларды кеңістікте тануды қамтамасыз ету үшін беріледі.
4. Атау беру мынадай кезеңдермен жүргізіледі:
1) сәулет және қала құрылыс органы тілдерді дамыту органына қаланың немесе басқа елді мекен атаулары берілмеген, не болмаса кеңістік орналасу элементтері сызбасының қосымшасы мен атаулары ұқсас бөліктерінің тізбесін жібереді. Аталған тізбемен бірге сәулет және қала құрылыс органы сол жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлік объектілерін (олар болған жағдайда) бұзуға байланысты жойылған көшелердің тізбесін ұсынады;
2) тілдерді дамыту органы Оңтүстік Қазақстан облысының елді мекендері мен қаланың құрамдас бөліктерін атау (қайта атау) немесе транскрипциясын өзгерту мәселесіне байланысты келіп түскен ұсыныстарды қарап, тоқсанына бір рет өткізілетін ономастикалық комиссия отырысының (отырыстарының) қарауына ұсынады;
3) қалалық өкілетті және атқарушы органдар тиісті аумақ тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, бірлескен шешіммен қаладағы аудандарды, қаладағы алаңдарды, даңғылдырды, көшелерді, өту жолы, саябақтарды, скверлерді, көпірлерді және қаланың басқа да құрамдас бөліктерінін атау және қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгеру туралы мәселелерді шешеді;
4) аудандық, қалалық өкілетті және атқарушы органдар тиісті аумақ тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, бірлескен шешіммен поселкелік, аулдық (селолық) округтерді, ауылдарды (селоларды) атау және қайта атау туралы ұсыныстарды облыстық өкілетті және атқарушы органдарға енгізеді;
5) ономастикалық комиссия отырыста қаралған мәселелер бойынша ұйғарым жасап, аудан, қала, облыс әкімдіктеріне елді мекен, қаланың құрамдас бөліктеріне байланысты нысандарды атау (қайта атау) туралы ұсыныстар енгізеді;
аудан немесе қала әкімдіктері ономастикалық комиссия ұсынған қалалар және Оңтүстік Қазақстан облысының басқа елді мекендердің құрамдас бөліктерін атау мәселелерімен келісіп мәслихат қарауына енгізеді, не болмаса ұсыныстарды қабылдамай, тілдерді дамыту органына кері қайтарады;
6) қала немесе аудан мәслихаты әкімдіктің қала және елді мекендерге, қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру жөніндегі шешімімен келіседі қала және елді мекендер бөліктеріне атауды бекітеді, не болмаса әкімдіктің шешімін қабылдамай, материалдарды әкімдікке қайтарады;
7) қала немесе аудан мәслихаты мен әкімдігінің қала және елді мекендер бөліктеріне атау беру (қайта атау) туралы шешімдері қала құрылысы бөліктерінің кеңістік ережесі сұлбасының міндетті қосымшасы және оның шекараларының нақты анықтамасы мен бірге мүдделі мемлекеттік органдарға және басқа да ұйымдарға жеткізіледі.
5. Қаланың, және елді мекеннің бір бөлігіне бірнеше атау беруге жол берілмейді. Бұрылыстары отыз градустан жоғары болған жағдайларда даңғылдардан (көшелер, қысқа көшелер, өту жолдары) басқа, мұндай жағдайларда қала бөлігінің бұрылыс орындарына оқшауланған атау беруге жол берілмейді.
Бір санаттағы қала құрылысының бірнеше бөліктеріне бір атау беруге жол берілмейді.
6. Қала құрылысы элементі (даңғыл, көше) табиғи бөгеулермен (өзендер, жырақтар және тағы басқалар) қиылысқан жағдайда қалыптасқан учаскеге жеке атау беруге жол беріледі.
7. Қаланың және жеке елді мекен аумақтарын кезең-кезеңімен игерген жағдайда қала құрылысы элементің оқшауланған, атаулары қисынды байланысқан, осы қала құрылысы элементінің уақыт ішінде іс жүзінде қалыптасу және салыну кезеңіне сәйкес келетін жекелеген учаскелерге бөлуге жол беріледі.
2-бөлім. Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және басқа елді мекендерінің жер учаскелеріне, ғимараттарына және имараттарына реттік нөмір беру, көрсеткіштер орнату және пайдалану
8. Шағынаудандардың, көшелердің, ғимараттардың, құрылыстардың және қалалар мен басқа елді мекендердің басқа да объектілерінің орналасуын (орналасқан жері) анықтаудың бірыңғай жүйесі жер учаскелеріне, ғимараттарға және имараттарға реттік нөмір беру, көрсеткіштер орнату және пайдалану Оңтүстік Қазақстан облысының аумақтарында қалыптастыру үшін тағайындалған.
9. Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орналасқан әрбір жер учаскесі, ғимараттар мен имараттардың өздерінің бірегей мекен-жайы болуы керек.
10. Осы Ережелерге сәйкес реттік нөмір берілген жылжымайтын мүлік объектілері:
1) жер учаскелері (игерілмеген және құрылыс салынған);
2) ғимараттар;
3) имараттар болып табылады.
11. Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендері үйлерінің, ғимараттары мен имараттарының қасбеттеріндегі, даңғылдардың, көшелердің, қысқа көшелердің қиылыстарындағы периметрлер бойынша көрсеткіштердің мынадай үлгілері орналасады:
көшелердің атауларының көрсеткіштері;
шағынаудандардың атауларының көрсеткіштері;
көшелердің қиылыстарында (қиылысу орны) орналасқан көше атауларының бұрыштама көрсеткіштері;
ғимараттар, имараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері.
12. Көрсеткіштің типтік нобайлары сәулет және қала құрылыс органының тілдерді дамыту органдары келісімімен бекітіледі.
13. Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумағында орналасқан көшелер атауларының бұрыштама көрсеткіштері көшелердің, шағынаудандардың атауларының көрсеткіштері, ғимараттар, имараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері белгіленген тәртіпте бекітілген Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасы талаптарына, техникалық талаптарға, осы Ережелермен белгіленген үлгілік нобайларына міндетті түрде сәйкес болуы керек.
4-тарау. Реттік нөмірлер беру талаптары
14. Fимараттар, корпустар, құрылымдар, имараттар, жер учаскелерінің реттік нөмірлері - цифрлардың ретімен жасалатын әріптер (А, Б, В, Г және тағы басқа есімдік болатын әріптерден басқа мысалы "Я" әріпі), алфавиттердің қазақ әріптерін (Ә, І, F, Қ, Ң, Ө, Ү, Ұ, Һ) және айтылуы қиын әріптерді (дыбысталмайтын), не болмаса цифрларға үқсас әріптерді (О, Ж, 3, И, X, Ц, Ч, Ш, Щ, Ь, Ы, Ъ) қосу мүмкіндігі немесе қосалқы белгісі, қосымша толық цифрлар арқылы тұратын объектілер мекенжайларының деректемелері.
15. Егер бір жер учаскесінде екі және одан да көп бірдей сәулеттік
үйлесімін құрайтын немесе бір сәулеттік-құрылыстық кешеннің бөлігі болып табылатын ғимараттар, корпустар, құрылымдар, имараттар салынған (бар болса) болса, ғимараттардың, корпустардың, құрылымдардың, имараттардың жер учаскелерінің реттік нөмірлеріне әріптер қосылады.
16. Егер ғимарат, корпус, құрылым немесе имарат квартал ішінде
орналасып және ғимараттың, корпустың, кұрылымның немесе имараттың бір де қасбеті қалалық магистралға шықпаса ғимараттар, корпустар, құрылымдар, имараттар реттік нөміріне бөлшек белгісі арқылы қосымша толық сандар қосылады. Бұл жағдайда негізгі реттік нөмір болып ғимараттың, корпустың, құрылымның, имараттың нөмірленуіне жақын ғимараттың, корпустың, құрылымның, имараттың реттік нөмірі қабылданады.
17. Fимараттардың, имараттардың және өзге де құрылымдардың мекенжайларына мынадай міндетті деректемелері: көше атаулары, ғимараттардың, корпустардың немесе құрылымдардың, имараттардың реттік нөмірлері болуы керек.
18. Жер учаскелеріне мынадай міндетті деректемелер:
көше немесе шағынауданның атауы, жер учаскесінің реттік нөмірі кіретін шартты мекенжай болуы керек.
19. Объект мекенжайының құрылымы объектінің түрі мен оның орналасқан жерінің географиялык жағдайымен ғимарат, имарат, жер учаскесі анықталады.
20. Шағынаудандар, өндірістік аумақтар, табиғатты қорғау кешендерінің (тарихи және сәулет ескерткіштерінің жиынтығы) атаулары, реттік нөмірі анықталатын объектінің орналасқан жері тиісті шағын ауданның, өндірістік аймақтың, табиғатты қорғау кешенінің. белгіленген шекараларында объект орналасқан жағдайда объектінің мекенжайына қосылатын болады.
21. Даңғылдың, көшенің (қысқа көше, алаң) атауына қатысты объектінің, нөмірленуі Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің көшелері атауларының ресми тізіміне және нөмірленетін объектінің және көше-жол желісі элементтерін оңтайлы ұсынуға сәйкес қысқа көшелердің, жолдардың және алаңдардын атауларын нақтылай отырып, даңғылдардың, көшелердің, қысқа жолдардың, алаңдардың ресми мекен-жай сұлбасына сәйкес қабылданады.
22. Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары (Шымкент қаласынан басқа) және басқа елді мекендер көшелерінің атауларының ресми тізімі және нөмірленетін объектінің және Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және басқа елді мекендер даңғылдарының, көшелерінің, қысқа көшелерінің, алаңдардың және басқа да құрылымдық элементтерінің ресми мекенжай сұлбасы алаңдардың атаулары электронды түрде құрылады және Оңтүстік Қазақстан облысының қалалары және басқа елді мекендері аумағындағы қала құрылысы объектілерін және элементтерін атау, қайта атау туралы, соның ішінде мұрағат материалдарын пайдалана отырып, облыстық ақпараттық жүйе жүргізу негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының Мемлекеттік қала құрылысы Кадастрының базасында облыстық ақпараттық жүйе жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер немесе кәсіпорындар жүргізеді.
23. Шымкент қаласының көшелерінің атауларының ресми тізімі және нөмірленетін объектінің және Шымкент қаласының даңғылдарының, көшелерінің, қысқа көшелерінің, алаңдардың және басқа да құрылымдық элементтерінің ресми мекен-жай сұлбасы алаңдардың атаулары электронды түрде құрылады және Шымкент қаласының аумағындағы қала құрылысы объектілерін және элементтерін атау, қайта атау туралы, соның ішінде мұрағат материалдарын пайдалана отырып, қалалық ақпараттық жүйе жүргізу негізінде Шымкент қаласының кадастрлық базасында қалалық ақпараттық жүйе жүргізу жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер немесе кәсіпорындар жүргізеді.
24. Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, имараттың реттік нөмірі сәулет және қала құрылыс органының облыстық ақпараттық жүйе және қалалық ақпараттық жүйе мәліметтерімен объектінің реттік нөмірін алдын ала келісу бойынша жобалауға, не болмаса құрылыс салуға жер телімін бөлу бойынша рұқсат беру құжаттамасын әзірлеу сатысында белгіленеді.
Жер учаскесінің, ғимараттың, корпустың, құрылымның, ғимараттың реттік нөмірі сәулет органы жекелеген объектілерді бұзу нәтижесінде қаланың бір бөлігі объектілерінің нөмірленуі оннан артық бірлікке бөлінген (жоғалған) жағдайда өзгертілуі мүмкін.
25. Оңтүстіктен солтүстікке қарай құрылыстың үздіксіз үдерісін құрайтын және магистралдарда орналасқан ғимараттарға реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жұп сандармен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүргізіледі.
26. Батыстан шығысқа қарай құрылыстың үздіксіз үдерісін құрайтын және магистралдарда орналасқан ғимараттарға (үйлерге) реттік нөмір беру және нөмірлеу көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен және оң жағы бойынша жүп сандармен батыстан шығысқа қарай жүргізіледі.
27. Әртүрлі санаттағы көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға Магистралды көшелердің сыныптамасына сәйкес жоғары санаттағы көше бойынша реттік нөмір беріледі.
28. Санаттары тең көшелердің қиылысында орналасқан ғимараттарға
ғимараттың қасбеті шығатын болса қала орталығына бағытталған көше бойынша реттік нөмір беріледі. Егер бұрышқа бір ғимараттың екі теңмағыналық қасбеті шықса жүргіншіге қаланың орталығына бағытталған көше бойынша реттік нөмір беріледі. Егер ғимараттың бас қасбеті ауланың ішінде болса реттік нөмір ғимарат созылған бойы көше бойынша беріледі.
29. Алаң периметрін құрайтын ғимараттарға реттік нөмір беру орталық жақтан бас магистралдан бастап сағат тілі бойынша жүргізіледі. Егер бұрыштағы ғимарат қасбетке ие болса және жанасқан көше бойымен ұзындығы едәуір болған жағдайда оны нөмірлеу алаң бойынша емес, көше бойынша жүргізіледі.
30. Қала аумақтарына жаңа құрылыс салуды қалыптастырған жағдайда, осы Ереженің 27, 28-тармақтарын орындау мүмкін болмаған кезде, осы аумақтарда ғимараттарға (үйлерге) керісінше тәртіпте реттік нөмірлер беруге және нөмірлеуге, яғни, солтүстіктен оңтүстікке не болмаса шығыстан батысқа қарай, көшенің оң жағы бойынша тақ нөмірлермен және сол жағы бойынша жұп нөмірлермен жүргізуге жол беріледі.
31. Осы аумақта орналасқан ғимараттар, имараттарды нөмірлеуді жүзеге асыруға қатысты негізгі ғимарат жер учаскесінің аумағында анықталады. Негізгі ғимараттың реттік нөмірі көшелердің белгіленген жіктелуі ескеріліп анықталады.
32. Жер учаскесінің аумағында орналасқан өзге де ғимараттарға,
имараттарға, негізгі ғимараттың нөмірі және Ережелерге сәйкес корпустың
немесе құрылымның қосымша нөмірі беріледі. "Корпус" немесе "құрылым" көрсеткіштері қажет болған жағдайда ғимараттың орналасқан жер учаскесі аумағының функционалдық пайдалануын ескеріп, ғимараттардың функционалдық мақсатына және жақын орналасқан ғимараттарды нөмірлеуге байланысты анықталады.
33. Fимараттарды нөмірлеу бас ғимараттың орналасуын ескеріп, жер учаскесінің аумағына бас кіре берісінен басталады.
34. Жеке немесе заңды тұлғаға меншік, жалдау немесе өзге де заттай құқығында тиесілі жер учаскесінде қосымша бір немесе бірнеше жылжымайтын мүлік объектілерін салған жағдайда корпустың немесе құрылымның қосымша нөмірін қоса әр объектіге реттік нөмір беріледі.
35. Тізбектегі нөмірмен (объектілерді тұрғызу) нөмірленген екі ғимараттын, құрылымның арасында орналасқан ғимараттарды, құрылымдарды нөмірлеуді тиісті объектінің төменгі нөмірін осы Ережелерге сәйкес әріп немесе бөлшек қосып жүргізу керек.
36. Дербес объектілердің (ғимараттар, имараттар) белгілері бар жапсаржай және қосып салынған объектілерге толық санға қосымша бөлшек арқылы негізгі ғимараттың нөміріне қосымша дербес реттік нөмір беріледі.
37. Қоршауларды, көпірлерді, қазылған шұңқырларды, құдықтарды, жертөлелерге, ауладағы тас жабындарды, жаяужолдарды және осылар тәріздес объектілерді есептемегенде, имараттардың ("негізгі ғимарат" болмаған жағдайда) реттік нөмірі "имар." көрсеткіші мен құрылыс нөмірі қосылып беріледі.
38. Игерілген, бірақ нөмірленбеген жер учаскелеріне аталған жер учаскесінің шегінде салынған ғимаратқа, имаратқа нөмір беріледі.
39. Жер учаскесіне бір жер учаскесінің аумағы шегінде бірнеше ғимараттар, имараттар, басқа да объектілер орналасқан жағдайда жер учаскесіне негізгі ғимараттың, имараттың нөмірі беріледі.
Игерілмеген жер учаскесіне осы Ережелерге сәйкес қарапайым реттік нөмірі беріледі, бұл жағдайда мына талаптарды сақтау қажет: әрбір жер учаскесінің өзінің. бірегей реттік нөмірі болуы қажет және жер учаскелеріне реттік нөмір жер учаскелерінің осы немесе басқа қала құрылысы бірлігіне (көше, даңғыл, алаңдар және тағы басқа) қатысты (жапсаржай) негізінде беріледі.
40. Нөмірленген игерілмеген жер учаскесінің аумағынан жаңа ғимарат, имарат салғанда тұрғызылатын объектіге нөмірлеудің жалпы тәртібін сақтаған жағдайда аталған жер учаскесінің шартты реттік нөмірі беріледі, не болмаса осы Ережелердің талаптарын сақтай отырып, жеке жаңа нөмір беріледі.
41. Қайта тұрғызылған ғимараттың (имараттың) реттік нөмірі және қолданыстағы объектілердің реттік нөміріне өзгерістер енгізу бөлшекті жоспарлау жобасы, облыстық ақпарат жүйесі және қалалық ақпарат жүйесі деректері негізінде сәулет және қала құрылыс органымен жүзеге асырылады.
42. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер учаскелерінің алынуына байланысты жүргізілетін қарқынды бұзу аумақтарында жобаланып жатқан ғимараттар мен имараттар үшін реттік нөмірлерді резервілеуге жол беріледі.
5-тарау. Мекенжай құрылымының стандарты
43. Объектінің мекен-жай құрылымы мына талаптарға сай келуі тиіс: мекенжай деректемелері жазудың қатаң белгіленген тізбектелуі бойынша (жалпыдан меншікке) көрсетіледі;
"мекенжай" терминінен соң ":" (қос нүкте) бөлушіден кейін көрсетілген деректемелерден кұрылған мәтін бөлігі объектінің мекенжайы болып табылады;
объектінің мекенжайы мемлекеттік, орыс және (немесе) басқа тілдерде жазылады;
объектінің мекенжайын жазған кезде қала құрылысы элементінің санатын қысқартып жазуға болады:
аудан - (ауд.);
шағынаудан - (ш. ауд.);
алаң - (ал.);
тас жол - (тас.ж.);
трасса - (тр.);
даңғыл (даңғ.);
көше ( к-сі );
желекжол - (жел.ж.);
сая жол - (сая.ж.);
өту жолы - (өту.ж.);
қысқа көше - (қыс.к.);
тұйық көше - (тұй.к.);
объектінің мекенжайы жазылғанда қала және әкімшілік ауданның атауы көрсетілген мекен-жайды толық мазмұндауға жол беріледі, сондай-ақ қысқартылған түрде: қала (қ.), аудан (ауд.) жазуға жол беріледі;
мекенжайды жазу кезінде қала құрылысы элементінің (шағынауданы, алаңы, көшесі және тағы басқалар) бекітілген атауы толық керсетілуі керек.
Мысалы:
Мекенжайы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ-сы, А.Пушкин к-сі, 110,51-пәт.;
Мекенжайы: "Көктем" ш.ауд., 12, 32-пәт.;
Мекенжайы: Потанин к-сі, 31;
Мекенжайы: "Юбилейный" ш. ауд., 3 б.
44. Қаланың немесе басқа елді мекендердің бірнеше бөліктеріне қатысты бір объектіге бірнеше мекенжайлар беруге жол берілмейді.
6-тарау. Fимараттар мен имараттардың реттік нөмір көрсеткіштерін, көшелер мен шағынаудандар атауларының көрсеткіштерін, көше атауларының бұрыштық көрсеткіштерін орнатуға қойылатын талаптар
1. Жалпы талаптар
45. Fимараттар мен имараттардың реттік нөмірлерінің көрсеткіштері, көшелер мен шағынаудандардың атаулары үйлер қасбеттерінде мына тәртіппен орнатылады:
1) жаңадан тұрғызылған ғимараттарды пайдалануға тапсыру кезінде:
тапсырысшы облыстық ақпарат жүйесі және қалалық ақпарат жүйесі негізінде ғимаратқа (имаратқа) реттік нөмір беретін сәулет және қала құрылыс органына өтініш білдіреді және мекенжай беруге жататын объект географиялык бекітілген (ғимарат, имарат) даңғылдың, желек-жолдың, көшенің дұрыс атауын анықтайды; сәулет және қала құрылыс органынан алынған мәліметтер негізінде тапсырысшы өз қаражаты есебінен алдын ала келісім бойынша сәулет және қала құрылыс органымен нобайдың жобалау құжаттамасының құрамына шағын ауданның және (немесе) көше көрсеткішін, ғимараттың (имараттың) реттік нөмірінің көрсеткіші ғимараттың (имараттың) реттік нөмірінің көрсеткішін, осы Ережелер талаптарына сәйкес көше, шағынаудандар атауларының көрсеткіштерін дайындау және орнату сәулет және қала құрылыс органы тілдерді дамыту органымен келісім бойынша жүргізіледі;
2) ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірлерінің, көшелер, шағынаудандардың атаулары өзгерген жағдайда ғимараттардың, имараттардың реттік нөмірлерінің тиісті көрсеткіштерін, көшелер, шағын аудандар атауларының көрсеткіштерін және өзге де көрсеткіштерін айырбастауды және орнатуды облыстық және қалалық "Мекенжайлық тіркелім" ақпарат жүйесі мәліметтері негізінде сәулет және қала құрылыс органы жүргізеді.
46. Fимараттар, имараттардың, көшелер мен шағынаудандар атауларының реттік нөмірлерінің көрсеткіштерін орнату мемлекеттік бюджет қаражаттары, сондай-ақ инвесторлар қаражаты есебінен жүргізілуі мүмкін.
47. Қасбеттерінде көрсеткіштер орнатылған ғимараттарды (имараттарды) бұзғанда көрсеткіштің құны ғимаратты (имаратты) бұзу жөніндегі шығындар құрамына енгізіледі және оның бастамасы бойынша бұзуға жататын ғимарат (имарат) белгіленген тәртіппен меншік иесіне (пайдаланушыға, баланс ұстаушыға және инвесторға) қайтарылады.
48. Көрсеткіштер жол белгілері, сыртқы жарнама құралдары және олармен тұстамамен бірге бір тіреуішке орнатылмауы тиіс. Көрсеткіштерді бағдаршам тіреуішіне орнатуға жол беріледі.
50. Көше атаулары көрсеткіштерінің мәтіндері Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнамасы талаптарына сәйкес келуі керек.
51. Көше атауларының көрсеткіштері жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, қиылысқа шығатын ғимарат немесе имарат бұрышынан 25-30 сантиметрге қашықтықта қиылыс жасайтын көшеге шығатын ғимараттар мен имараттардың қасбеттерінде орналастырылады.
52. Көше атауларының көрсеткіштері үлгілік нобайына тиісті магистралды жолдарға шығатын барлық ғимараттар мен имараттардын. Қасбеттерінде орнатылады.
3. Шағынаудандар атауларының көрсеткіштері
53. Шағынаудандар атауларының көрсеткіштері шағынауданға жататын және шағынаудандарды шектеп тұратын көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан ғимараттар мен имараттарға немесе шағын ауданды көшелермен және шағынауданға шыға берістермен шектеу нәтижесінде пайда болған шартты қиылыстарға орнатылады.
54. Шағынаудандар атауларының көрсеткіштері жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, қиылысқа шығатын ғимарат немесе имарат бұрышынан 25- 30 сантиметр қашықтыкта қиылыс немесе шартты қиылыс жасайтын көшеге шығатын ғимараттар мен имараттардың қасбеттерінде орналастырылады.
55. Шағынаудандар атауларының көрсеткіштері магистралды қозғалысы жылдам және реттелген жолдарға, шағынаудандар атаулары көрсеткіштерінің үлгілік нобайына тиісті жалпықалалық және жалпыаудандық маңызы бар магистралды көшелерге шығатын барлық ғимараттар мен имараттардың қасбеттерінде орнатылады.
56. Fимараттар немесе имараттар қасбеттерінде шағын аудандардың атауларының көрсеткіштері орнатылған болса, көше атауларының көрсеткіші белгіленбейді.
4. Объектілердің реттік нөмірінің көрсеткіштері
57. Fимараттың, имараттың реттік нөмір көрсеткіші әрбір ғимараттың және имараттың қасбетіне көшенің сол жағы бойынша тақ сандармен, жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, ұй бұрышынан 25 - 30 сантиметр қашықтықта орналастырылады.
58. Егер ғимарат, имараттың қасбетінде көше немесе шағынаудан атауының көрсеткіші, ғимарат, имараттың реттік нөмірінің көрсеткіші көше немесе шағын аудан атауының көрсеткішінен кейін көлденең осы бойынша орнатылады.
59. Шағынаудандар мен кварталдар ішінде ғимараттар немесе имараттардың реттік нөмірінің көрсеткіштері ғимараттар немесе имараттардың реттік нөмірі көрсеткішінің үлгілік нобайына сәйкес жерден 2,5-тен 3,0 метрге дейінгі биіктікте, үй бұрышынан 25-30 сантиметр қашықтықта, кварталішілік жолға шығатын ғимараттар мен имараттардың қасбеттерінің сол жағына орналастырылады.
5. Көше атауларының бұрыштық көрсеткіштері
60. Көше қиылыстарында (қиылыстарда) орналасқан көшелер (аншлагтар) атауларының бұрыштық көрсеткіштері көше қиылыстарында (тоғысуларда) орналастырылады және биіктігі 4 метрден аспайтын металл тіректерде орналастырылады.
7-тарау. Қосымша талаптар
61. Жер учаскелеріне, ғимараттарға және имараттарға реттік нөмір беру жөніндегі мәліметтер "Мекенжайлық тіркелім" облыстық ақпарат жүйесі және қалалық ақпарат жүйесі мәліметтер базасында міндетті тіркелуге жатады.
62. Реттік нөмірлер уақытша тұрғыдағы объектілерге, жеке тұлғаның меншігіндегі және (немесе) гараж кооперативтерінің, қоғамдардың, қалалардың және басқа елді мекендердің инженерлік инфрақұрылым объектілерінің, бақ және саяжай учаскелерінің құрамына енетін шаруашылық жапсаржайларға, гараждарға берілмейді.
63. Уақытша тұрғыдағы объектілердің жеке реттік нөмірі жоқ, бірақ анықтамамен жақын орналасқан объектінің тұрақты реттік нөмірімен олардың орналасқан жері нақтылануы мүмкін.
64. Гараж кооперативтерінің, қоғамдардың, бақ және саяжай (бау) учаскелерінің құрамына енетін, тиісті бақ қоғамын құрайтын гараждардың орналасқан жерін анықтау осы кооперативтерді (қоғамды) басқару органының шешімімен белгіленеді, мұнда әрбір объектіге жеке реттік нөмір беріледі. Тиісті басқару органдары болмаған жағдайда жеке нөмірлерді беруді сәулет және қала құрылыс органдары жүзеге асырады.
65. Ұйымдармен әзірлейтін және шығаратын объектілердің реттік нөмірлері туралы мәліметтерді құжаттарда толтырғанда жер учаскелерінің, ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірлерін өз еркімен жазуға тыйым салынады.
66. Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы заңнамасы және осы Ережелердің талаптары бұзылып ғимараттар мен имараттар қасбеттерінде орнатылған көрсеткіштер тапсырысшымен алынып тастауға жатады.
67. Fимараттар мен имараттар иелері (баланс ұстаушылар) ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірі көрсеткіштерінің, көшелер мен шағынаудандар атауларының көрсеткіштерін жарымды жағдайда ұстауға міндетті.
68. Көшелер мен шағынаудандар атауларының көрсеткіштері, ғимараттар мен имараттардың реттік нөмірі көрсеткіштері қатардан шыққан, жоғалған, зақым келген, ескірген жағдайда меншік иелері (баланс ұстаушылар) ауыстыруы қажет.
69. Fимараттар мен имараттар иелері (баланс ұстаушылары) көрсеткіштер орнатылған объектіге, көрсеткіштерді орнатуды, ұстауды және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметкерлеріне үздіксіз қол жеткізуін қамтамасыз етуі қажет.
3-бөлім. Қала құрылысы элементтерінің атаулары немесе объектілердің реттік нөмірі өзгергеннен кейін құқығын куәландыратын және өзге де құжаттарға өзгерістер енгізу тәртібі