"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" және "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы N 40 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 12 ақпандағы N 32 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 22 ақпанда N 1950 тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы   N 1092  қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы  N 1294  қаулысына сәйкес облыс әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" және "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 24 қаңтардағы  N 40  қаулысына (1926-нөмірмен тіркелген, "Оңтүстік Қазақстан" газетінде 2006 жылғы 28 қаңтарда жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
      2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) өтініш берушілерге он сегіз жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыны тағайындауға арналған белгіленген үлгідегі өтініш пен басқа да құжаттар бланкілерінің тегін берілуін қамтамасыз етсін.".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

       Облысы әкімі                        Ө.Шөкеев

      Облыс әкімінің
      бірінші орынбасары                  И.Әбішев

      Облысы әкімнің орынбасары           Т.Дүйсенова 

      Облысы әкімнің орынбасары           А.Жетпісбаев 

      Облысы әкімнің орынбасары           А.Мамытбеков

      Облысы әкімнің орынбасары           Д.Мыңбай

      Облысы әкімі аппаратының            Б.Жылқышиев
      басшасы      

      Облыстық экономика және бюджеттік   Ж.Аманбаев
      жоспарлау департаментінің директоры 

      Облыстық қаржы                      Ы.Шалабаев
      департаментінің директоры