Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабының 4-тармақшасына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссияның 2007 жылғы 7 қарашадағы қорытындысы Құрманғазы ауданы әкімиятының 2007 жылғы 31 шілдедегі N 292 қаулысы аудандық мәслихатының 2007 жылғы 29 тамыздағы N 8-1 "Утера селосының атауын өзгерту туралы" шешімі негізінде және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 және 27 баптарын басшылыққа алып, облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етті:
1. Құрманғазы ауданы Бірлік ауылдық округінің Утера ауылы Бірлік ауылы болып қайта аталсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімінің 10.10.2014 № 315 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың ІІІ Облыс әкімі
сессиясының төрағасы Б. Рысқалиев
Ж. Дүйсенғалиев
Облыстық мәслихат хатшысы Ж. Дүйсенғалиев